Кездейсоқ оқиғаның ықтималдығын табуға есептер шығару. Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.


Математика ӘБ жетекшісі: Ахмедиева Г. Б.

Сабақ003

Мектеп: Тараз қаласы ФМБ НЗМ

Мұғалім: Базилева Ю.С., Искакова М.М,

Сынып: 10

Қатысқандар саны.

Қатыспағандар саны:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.2A: Ықтималдық

Сабақ тақырыбы: Кездейсоқ оқиғаның ықтималдығын табуға есептер шығару

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

10.2.1.1 кездейсоқ оқиға, кездейсоқ оқиға түрлері туралы біледі және мысалдар келтіре алады

Сабақ мақсаты

Оқушылар сабақ соңында

  • Оқиғаның ықтималдығын табуға есептер шығара алу дағдысын дамытады

 Бағалау

критерийлері:

Оқушылар оқу масатына жетеді, егер

– оқиғаның ықтималдығын табу есептерін шығара алады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар

– ықтималдықты табу алгоритмін түсіндіреді;

– сынақтың қолайлы және ықтимал нәтижелерінің санын анықтау туралы түсініктеме беру;

– қолайлы сынақ туралы түсіндіреді.

Берілген ұғымдармен жұмыс жасайды:

– кездейсоқ оқиға;

– мүмкін емес оқиға;

– ақиқат оқиға;

– оқиға ықтималдығы;

– оқиға нәтижесі;

– ықтималдық шарттары;

– толық ықтималдық формуласы;

– тәуелсіз оқиға.

Берілген сөз тіркестерін қолданады:

 оқиғаны үйлесімсіз деп атайды, егер оны …;

 оқиғаны ақиқат деп атайды, егер …;

 сынақ нәтижесі .... болса, мүмкін емес оқиға деп атайды

 берілген сынақта оқиға үйлесімсіз деп аталады, егер …;

 ақиқат оқиғаның ықтималдығы …;

 мүмкін емес оқиғаның ықтималдығы….

 Құндылықтарды

дарыту

Жұпта жұмыс жасау барысында сыйластық және өзара сенімді қарым-қатынас құндылығын дамыту;

 АКТ қолдану

дағдылары

Оқыту барысында қолданатын презентация

Бастапқы білім

Әріпті өрнектерді оқи алуы және олармен жұмыс жасай алуы, мысал есептерді шығара алуы.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақ басы.

Ұйымдастыру кезеңі

(2 мин)

а) сәлемдесу, оқушыларды түгендеу;

б)Үй жұмысын жазу:

Теорияны қайталау №№ 54.1-54.4

в) сабақ барысын таныстыру

г) Оқушыларды топқа бөлу (4 адамнан)

Ресурс

Сабақ мақсатын құру (1 мин)

Мұғалім презентацияны пайдаланып оқу мақсатына байланысты сабақ мақсатын құруды көрсетеді

Сабақ мақсаты

Кездейсоқ оқиғаның ықтималдығын табу

Оқушылар оқиғаның ықтималдығын өз бетімен шығара алуы керек

Презентация

Есеп шығару (35 мин)

Мұғалім, оқушыларды топқа бөліп «100 балл жина» ойынын ойнатады

Бұл үшін мұғалім оқушыларға қосымшада берілген есептерді оқушыларға береді. Әр есепте өзіндік балл жазылған. Соңында топтағы оқушылар 100 балл жинау керек.

Соңында әр топ басқа топтың дәптерлерін тексеріп баллдың дұрыс қойылғанын тексереді.

Қосымша 1

Сабақ соңы

Қорытыныды (3 мин)

1. Мұғалім оқушыларға «Бір сөзбен жаз» тапсырмасын орындауды ұсынады.

Бір сөзбен аяқтаңыз:

Бүгінгі сабақ – бұл ...

Бүгінгі сабақта мен ...

2. Мұғалім үй жұмысна түсіндірме жүргізеді

Теорияны қайталау №№ 54.1-54.4

Презентация

«Алгебра және анализ бастамалары, 10-11», Бөлім 2, Тапсырмалар

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтар «жоғары-орташа-төменгі» схемасы бойынша ұйымдастырылды. Өйткені төмен деңгейлі оқушы өзінің қабілетін арттыру үшін, ал жоғарғы деңгейлі оқушы өзінің қабілетін одан ары дамыт алады.

1. Топтық жұмыс кезінде мұғалім оқушылардың жаңа тақырыпты, жаңа терминдерді түсіну деңгейін қадағалайды;

2. Оқушылар топтық жұмыс кезінде бағалауды бағалау критерийлері бойынша бірін-бірі бағалайды;

3. Кестемен жұмысты оқушылармен талқылау кезінде мұғалім оқушыларды бағалау критерийлеріне мән беруді ұсынады, осы арқылы оқушы өзінің мақсатқа жеткенін көре аллады;

4. Сабақ соңында оқушылардан оқу мақсатына жету туралы ауызша рефлексия алынды.

Жұмыс басталмас бұрын «көзге арналған гимнастика» жасалады

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба?

Сабақ мақсаты анық және қолжетімді деп ойлаймын.

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткіздіме? Жеткізбесе, неліктен?

Барлық оқушылар оқу мақсатына жетті.

Мақсат оқушылармен бірге құрылды, бағалау критерийлері талқыланды және мақсатқа жету жолы айтылды.

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Оқущыларда сабақта топқа бөлу жоспар бойынша жүргізілді

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма?

Барлық сабақ кезеңдері жоспарланған кақыт бойынша өтті.

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жоспардан ауытқулар болған жоқ.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралыда, оқу туралыда ойланыңыз)?

1: Жаңа тақырыпты меңгеруде қолданылған анимациялы презентация

2: Топтық жұмыс оқушыларды бір-бірін оқытуға ықпал етті.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Егер топтық жұмыс әр сабақ сайын өткізілмесе, онда топтық жұмыстың ережелерін түсіндіріп жіберу керек

2: Оқушылардың назарын өтілген тақырыптағы теориялық материалдарды оқуды, терминдерді жаттап алуды ұсыну керек.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Кейбір оқушыда өз ойын еркін жеткізе алмауы. Өйткені оқушының математикалық тілде сөйлей алмауы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.