Кездейсоқ оқиғаның ықтималдылығы. Анықтамасы бойынша ықтималдықты табу. Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.
Математика ӘБ жетекшісі: Ахмедиева Г. Б. | |||
Сабақ № 002 | Мектеп: Тараз қаласы ФМБ НЗМ Мұғалім: Базилева Ю.С., Искакова М.М, | ||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны. | Қатыспағандар саны: | |
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.2A: Ықтималдық | |||
Сабақ тақырыбы: Кездейсоқ оқиғаның ықтималдылығы. Анықтамасы бойынша ықтималдықты табу | |||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: | 10.2.1.1 кездейсоқ оқиға, кездейсоқ оқиға түрлері туралы біледі және мысалдар келтіре алады 10.2.1.2 кездейсоқ оқиғаның ықтималдылығын, ықтималдық қасиеттерін бойынша анықтау; | ||
Сабақ мақсаты | Оқушылар –ықтималдықтың анықтамасымен танысады; –анықтамасы бойынша ықтималдықты анықтайды; –ықтималдықтың қасиеттерін жаттайды және есептер шығаруда қолданады | ||
Бағалау критерийлері: | Оқушылар оқу мақсатына жетеді, егер – ықтималдықтың анықтамын білсе; – ықтималдықты табу алгоритмін таба алады; – оқиғалардың қасиеттерін біледі; – қарапайым жағдайда кездейсоқ оқиғаның ықтималдығын таба алады | ||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар – ықтималдықты табу алгоритмін түсіндіреді; – сынақтың қолайлы және ықтимал нәтижелерінің санын анықтау туралы түсініктеме беру; – қолайлы сынақ туралы түсіндіреді. Берілген ұғымдармен жұмыс жасайды: – кездейсоқ оқиға; – мүмкін емес оқиға; – ақиқат оқиға; – оқиға ықтималдығы; – оқиға нәтижесі; – ықтималдық шарттары; – толық ықтималдық формуласы; – тәуелсіз оқиға. Берілген сөз тіркестерін қолданады: оқиғаны үйлесімсіз деп атайды, егер оны …; оқиғаны ақиқат деп атайды, егер …; сынақ нәтижесі .... болса, мүмкін емес оқиға деп атайды берілген сынақта оқиға үйлесімсіз деп аталады, егер …; ақиқат оқиғаның ықтималдығы …; мүмкін емес оқиғаның ықтималдығы…. | ||
Құндылықтарды дарыту | Жұпта жұмыс жасау барысында сыйластық және өзара сенімді қарым-қатынас құндылығын дамыту; | ||
АКТ қолдану дағдылары | Оқыту барысында қолданатын презентация | ||
Бастапқы білім | Әріпті өрнектерді оқи алуы және олармен жұмыс жасай алуы, мысал есептерді шығара алуы. | ||
Сабақ барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
| Ресурстар | |
Сабақтың басы. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин) | а) сәлемдесу, оқушыларды түгендеу; б) жаңа үй жұмысын жазу: теорияны оқу; №№ сабақ ресурсынан в) сабақтың жүру жоспарын түсіндіру | ||
Үй жұмысын тексеру (8 мин) | Мұғалім оқушыларға өздері үйден құрастырып келген оқиғалардың жауаптарын және қай түрге жататытын түсіндіреді. Қалған оқушылар айтылған мысал дұрыс болса үлкен саусағын жоғары көтереді, егер қате болса төмен түсіреді. Оқиға түрлері бойынша білімді басқа да жолдармен тексеруге болады. Мысалы, Слайд №3 Берілген оқиғалар үшін, қай түрге жататынын анықтаңыз.
| Оқушылардың бағаларын қадағалай отырып, оқушыларға сыныптастарының жұмысына дұрыс баға бермегендерді уақытылы түзетулерін ұсынамыз | |
Жаңа тақырыпты түсіндіру (10 мин) | Мұғалім дайындалған презентация бойынша классикалық ықтималдық пен оны шешу алгоритмін түсіндіреді (Слайды №4,5, Слайд №7) Ықтималдықтың классикалық анықтамасы Оқиға ықтималдығы - бұл оқиғаны эксперименттің барлық қарапайым ықтимал нәтижелерінің санына теңестіретін тәжірибенің қарапайым нәтижелерінің санының қатынасы: , мұндағы А –оқиға, m –сынақтың таңдалынып алынған таңдамасы, n – сынақтың жалпы таңдама саны, P(A) – А оқиғасының ықтималдығы
Кездейсоқ оқиғаның ықтималдығын анықтау алгоритмі.
Ықтималдықты есептеу ережесі 1) Қарапайм оқиғаның ықтималдығы өрнегіне тең2) Мүмкін емес оқиғаның ықтималдығы 0-ге тең. 3) Ақиқат оқиғаның ықтималдығы 1-ге тең. 4) Ықтималдықтың кез келген мәні 0мен 1 аралығында орындалады: 0 Р(А) 1. 5) А оқиғасына қарама-қарсы оқиғасының ықтималдығы 1 – Р(А) өргеніне тең. Жаңа тақырыпты түсіндіру барысында оқушыларға өтілген тақырыпты бағалау үшін сұрақтар қойып отыру керек. | Презентация к уроку | |
Өтілген тақырыпты қайталау (10 мин) | Мұғалім оқушыларға презентациядағы үш есепке көңілдерін бұруды ұсынады Мысал 1 Ойын сүйегін лақтырғанда түскен сандардың ықтималдығы а) 3 саныны түсуі? А оқиғасы 3 санының түсуі N(A) = 1 қолайлы нәтижелер саны; N = 6 мүмкін болатын оқиғалар саны Р(А) = 1/6 үш саның түсу ықтималдығы б) Жұп санның түсуі? В оқиғасы түскен санның жұп сан болуы (2,4,6) N(В) = 3 қолайлы нәтижелер саны; N = 6 мүмкін болатын оқиғалар саны Р(В) = 1/2 жұп санның түсу ықтималдығы в) Жай санның шығуы? С оқиғасы жай санның шығуы (2,3,5) N(С) = 3 қолайлы нәтижелер саны; N = 6 мүмкін болатын оқиғалар саны Р(С) = 1/2 жай санның түсу ықтималдығы Мысал 2 Жәшікте 8 қызыл, 2 көк, 20 жасыл шар жатыр. Сіз қарамай шар аласыз Сол шардың қыщыл шардың шығу ықтималдығы? А оқиғасы қызыл шар шығуы N(A) = 8 қолайлы нәтижелер саны; N = 30 мүмкін болатын оқиғалар саны Р(А) = 4/15 қызыл шардың шығу ықтималдығы Қызыл шардың шықпауы ықтималдығы? В оқиғасы қызыл шардың шықпауы В оқиғасы және А оқиғасы бір-біріне қарама қарсы, сондықтан Р(В) = 1 - Р(А) = 11/15 қызыл шардың шықпау ықтимадығы Оқушылар берілген тапсырмалардың шығару жолын ұсынады және дайын жауаптары бойынша өздерін тексеріп бағалайды Оқушылардан қолайлы нәтижелер мен мүмкін болатын нәтижелер санын табуының түсінедірмесін беруді сұрау | Презентация к уроку | |
Бекіту (10 мин) | Мұғалім оқушыларды жұпқа бөледі (партада отырғаны бойынша) және ресурста берілген есептерді шығарады. Есеп шығарып біткен соң оқушылар дәптерлерімен алмасып, бір-бірін тексереді. | Сабаққа қосымша. | |
Сабақ соңы Қорытындылау (3 мин) | 1. Мұғалім оқушыларға сабақтағы жақсы орындалған үш жағдайды атауын сұрайды 2. Мұғалім үй жұмысын береді 1. 1. кездейсоқ оқиға анықтамасын оқу; 2. кездейсоқ оқиғаның түрлерін анықтау; 3. әрбір анықтамаға мысалдар келтіру | Презентация | |
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Топтар «жоғары-орташа-төменгі» схемасы бойынша ұйымдастырылды. Өйткені төмен деңгейлі оқушы өзінің қабілетін арттыру үшін, ал жоғарғы деңгейлі оқушы өзінің қабілетін одан ары дамыт алады. | 1. Топтық жұмыс кезінде мұғалім оқушылардың жаңа тақырыпты, жаңа терминдерді түсіну деңгейін қадағалайды; 2. Оқушылар топтық жұмыс кезінде бағалауды бағалау критерийлері бойынша бірін-бірі бағалайды; 3. Кестемен жұмысты оқушылармен талқылау кезінде мұғалім оқушыларды бағалау критерийлеріне мән беруді ұсынады, осы арқылы оқушы өзінің мақсатқа жеткенін көре аллады; 4. Сабақ соңында оқушылардан оқу мақсатына жету туралы ауызша рефлексия алынды. | Жұмыс басталмас бұрын «көзге арналған гимнастика» жасалады |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Сабақ мақсаты анық және қолжетімді деп ойлаймын. Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткіздіме? Жеткізбесе, неліктен? Барлық оқушылар оқу мақсатына жетті. Мақсат оқушылармен бірге құрылды, бағалау критерийлері талқыланды және мақсатқа жету жолы айтылды. Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Оқущыларда сабақта топқа бөлу жоспар бойынша жүргізілді Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма? Барлық сабақ кезеңдері жоспарланған кақыт бойынша өтті. Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Жоспардан ауытқулар болған жоқ. |
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралыда, оқу туралыда ойланыңыз)? 1: Жаңа тақырыпты меңгеруде қолданылған анимациялы презентация 2: Топтық жұмыс оқушыларды бір-бірін оқытуға ықпал етті. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Егер топтық жұмыс әр сабақ сайын өткізілмесе, онда топтық жұмыстың ережелерін түсіндіріп жіберу керек 2: Оқушылардың назарын өтілген тақырыптағы теориялық материалдарды оқуды, терминдерді жаттап алуды ұсыну керек. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? Кейбір оқушыда өз ойын еркін жеткізе алмауы. Өйткені оқушының математикалық тілде сөйлей алмауы |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.