Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері. Алгебра, 7 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар №8-9

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

7.1В бөлім: Бүтін көрсеткішті дәреже

Күні:

Мұғалім аты-жөні:

Сынып: 7

Келген оқушылар саны:

Жоқ оқушылар:

Сабақтың тақырыбы

Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері

Оқу мақсаттары

7.2.1.1 натурал көрсеткішті дәреженің анықтамасын біледі;

7.1.2.2 0, 1, 5 немесе 6 цифрымен аяқталатын санның дәрежесі қандай цифрмен аяқталатынын анықтай алады;

7.1.2.3 оң сандарды натурал көрсеткiшті дәрежеге, терiс сандарды жұп және тақ көрсеткiшті дәрежеге шығару нәтижелерін болжай алады және болжамдарды ережелер түрінде қалыптастыра алады;

7.3.3.1 сызықтық өлшемдерін өзгерткенде шаршының ауданы мен кубтың көлемі қалай өзгеретінін бағалайды;

7.2.1.3 натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттерін біледі және қолданады,

 Сабақ мақсаты

Оң және терiс сандарды жұп және тақ көрсеткiшті дәрежеге шығара алады; натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттерін қолданады

 Бағалау критерийлері

  • Оң сандарды дәрежеге шығара алады;
  • терiс сандарды жұп және тақ көрсеткiшті дәрежеге шығара алады;
  • 0, 1, 5 немесе 6 цифрымен аяқталатын санның дәрежесі қандай цифрмен аяқталатынын анықтай алады
  • натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттерін қолданады

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

- дәреженің қасиеттерін ауызша және жазбаша түсіндіреді;

- пәндік лексиканы, терминологияны, символиканы сауатты қолданады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология

- дәреженің негізі;

- дәреже көрсеткіші;

- натурал көрсеткішті дәреже;

- бүтін көрсеткішті дәреже;

- дәрежеге шығару;

- көбейтіндінің дәрежесі;

- бөліндінің дәрежесі;

- дәрежелердің көбейтіндісі;

- дәрежелердің бөліндісі;

- дәрежені дәрежеге шығару;

Диалогқа қажет тіркестері:

- бірнеше бірдей сандардың көбейтіндісі;

- ... дәреже түрінде жазыңыз;

  • негізі сақталып, дәреже көрсеткіштері қосылады (азайтылады);
  • негізі сақталып, дәреже көрсеткіштері көбейтіледі;
  • теріс санды жұп көрсеткішті дәрежеге шығарғанда ...;
  • теріс санды тақ көрсеткішті дәрежеге шығарғанда ...;
  • негізі ... болатын дәреже түрін келтіріңіз;

 Құндылықтарды тәрбиелеу

Жұптық және топтық жұмыс барысында ашықтық пен ынтымақтастықты дамыту.

Мәселені шешу барысында әр оқушының жауабы тыңдалады, оның дұрыстығы талқыланады, құрметпен жауап қайтарылады.

Әрбір оқушы қатені көрген жағдайда, оны негіздеу арқылы айта алады, оқушылар сынды дұрыс қабылдай алады.

Оқушылар бір-біріне көмектеседі, бағалайды.

 Негізгі дағдылар

Әлеуметтік дағдыларын дамытуға ықпалын тигізеді:

  • жұп және топтағы қарым-қатынаста қарастырылатын практикалық тапсырмалар
  • шешімді іздеу барысындағы әңгіме мен талқылау
  • проблемалық жағдаят

 Пәнаралық байланыс

Физика (бұрыштық жылдамдық формуласы)

Информатика (мультимедиялық жабдықпен жұмыс, интернет желісінен қажет ақпаратты іздеу)

 Алдын-ала білімдері

Сандардың көбейтіндісі, дәреже, оң сандар, теріс сандар

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 мин

І. Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Сәлемдесу, оқушыларды түгендейді.

Сабақтың ортасы

3-6 мин

7-15 мин

16-22 мин

23-28 мин

29-34 мин

35-40 мин

40-75 мин

ІІ. Білімдерін өзектеу.

Мұғалім оқушылардың санның квадраты, кубы туралы не білетіндерін сұрайды. Бірнеше бірдей көбейткіштердің көбейтіндісін қысқаша қалай жазуға болатынын көрсетеді.

a∙a∙a∙a∙a=a5.

Диалог арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады, бағалау критерийлерін оқушылар өздігінен құруға тырысады.

ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгеру.

Оқушылар өз беттерінше натурал көрсеткішті дәреже қасиеттерін тұжырымдап қорытынды жасауы үшін негіздері бірдей, ал дәреже көрсеткіштері әртүрлі және негіздері әртүрлі, ал дәреже көрсеткіштері бірдей дәрежелерді көбейтуді орындауға, сондай ақ дәрежені дәрежеге шығаруға тапсырмалар ұсынылады.

Мысалы:

(25)3=...

(ym)2= ...

(3 × 4)3= ...

34 × 24 = …. = 64 және т.б.

Жұптық жұмыс

Әрі қарай, келесі тапсырмаларды оқушыларға жұптасып талқылауға ұсынуға болады. Мысалы:

  • Оң сандарды дәрежеге шығарудың нәтижесі қандай болмақ?
  • Теріс сандарды жұп/тақ көрсеткішті дәрежеге шығарудың нәтижесі қандай болмақ?
  • Егер болса, онда болатынын дәлелдеңіз.
  • Егер болса, онда болатынын дәлелдеңіз.
  • және (а-ның барлық мүмкін мәндерінде) салыстырыңыз.
  • үнемі –дан үлкен бола ма?
  • мен а тең бола ала ма?

Әрбір жұп жұмыстарының нәтижесін жалпы талқылауға ұсынады.

Топтық жұмыс

Оқушыларға кестені толтыру арқылы 0, 1, 5 және 6 цифрларына аяқталатын сандарды дәрежелеу ұсынылады. Топтар бірін-бірі бағалау критерийлерін құра отырып, бағалайды.

Ұжымдық жұмыс

Аудан (cм2) және көлем (cм3) өлшем бірліктері дәреже көрсеткіштерімен қалай байланысты екенін түсіндіріңіз.

Қабырғасы 6 см болатын шаршының ауданын табуды ұсыныңыз. Одан соң қабырғасы 12 см, 2 см болатын шаршының ауданын тауып, нәтижесінде, қабырғасы өзгерген кезде шаршының ауданы қалай өзгеретіні туралы қорытынды (болжам) жасайды.

Әрі қарай жұптасып осы тұжырымдарды жалпы түрде жазады.

Осы сияқты көлемнің өзгеруін бағалаңыз.

Білімдерін бекіту

Жұптық жұмыс

Оқушылар натурал көрсеткішті дәреже қасиеттерімен кесте арқылы танысады. Мұғаліммен бірге қорытындылайды.

Мұғалім өзі таңдаған тәсіл арқылы оқушыларды жұптарға бөледі. Алдымен ауызша тапсырмалар орындалып, мұғалім өзі таңдаған оқушыдан жауабын сұрайды, қалғандары тексереді, түзетеді. Содан соң оқушылар жұпта жазбаша берілген тапсырмаларды орындайды. Тақтаға оқушылар білімдерін түзету мақсатында шақырылады. Есептер шығару барысында оқушылар тапсырмаларға дескрипторлар құра отырып, өз жұмыстарын тексеріп отырады.

Қосымша 1

Қосымша 2

Сабақтың соңы

76-80 мин

Қорытынды.

Бағалау критерийлерін еске түсіре отырып, оқушылар өздігінен өз жұмыстарына баға береді. Қажет жағдайда мұғалім түрткі сұрақтар қояды.

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ні қолдану

Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі)

Өздік, жұптық, топтық жұмыс формалары оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған. Жғары деңгейдегі нәтижелерге жеткен оқушылар қалған оқушыларға көмектеседі, көбірек тапсырма орындайды.

Ұсынылған тапсырмалар бойынша өзін-өзі, бірін-бірі бағалау, мұғалімнің жеке жұмысты бағалауы.

Денсаулықты сақтау технологиялары, бірін-бірі тексеру барысында оқушылар қозғалыста болады, интерактивті тақтаны қолдану және кабинетті дер кезінде желдету ережелерін сақтау.

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты).

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу