Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері. Алгебра, 7 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

7.1В бөлім: Бүтін көрсеткішті дәреже

Мектеп: NIS Petropavl

Күні:

Мұғалім аты-жөні:

Сынып: 7

Келген оқушылар саны:

Жоқ оқушылар:

Сабақтың тақырыбы

Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері

Оқу мақсаттары

7.2.1.3 натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттерін біледі және қолданады;

 Сабақ мақсаты

  • натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттерін біледі және қолданады;

 Бағалау критерийлері

  • натурал көрсеткішті дәреженің анықтамасын пайдаланып, дәрежені есептей алады;
  • натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттерін пайдаланып есептеулер жүргізеді;
  • натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттерін есеп шығаруда қолданады.

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

- дәреженің қасиеттерін ауызша және жазбаша түсіндіреді;

- пәндік лексиканы, терминологияны, символиканы сауатты қолданады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология

- дәреженің негізі;

- дәреже көрсеткіші;

- натурал көрсеткішті дәреже;

- бүтін көрсеткішті дәреже;

- дәрежеге шығару;

- көбейтіндінің дәрежесі;

- бөліндінің дәрежесі;

- дәрежелердің көбейтіндісі;

- дәрежелердің бөліндісі;

- дәрежені дәрежеге шығару;

Диалогқа қажет тіркестері:

- бірнеше бірдей сандардың көбейтіндісі;

- ... дәреже түрінде жазыңыз;

  • негізі сақталып, дәреже көрсеткіштері қосылады (азайтылады);
  • негізі сақталып, дәреже көрсеткіштері көбейтіледі;
  • теріс санды жұп көрсеткішті дәрежеге шығарғанда ...;
  • теріс санды тақ көрсеткішті дәрежеге шығарғанда ...;
  • негізі ... болатын дәреже түрін келтіріңіз;

 Құндылықтарды тәрбиелеу

Жұптық және топтық жұмыс барысында ашықтық пен ынтымақтастықты дамыту.

Мәселені шешу барысында әр оқушының жауабы тыңдалады, оның дұрыстығы талқыланады, құрметпен жауап қайтарылады.

Әрбір оқушы қатені көрген жағдайда, оны негіздеу арқылы айта алады, оқушылар сынды дұрыс қабылдай алады.

Оқушылар бір-біріне көмектеседі, бағалайды.

 Негізгі дағдылар

Әлеуметтік дағдыларын дамытуға ықпалын тигізеді:

  • жұп және топтағы қарым-қатынаста қарастырылатын практикалық тапсырмалар
  • шешімді іздеу барысындағы әңгіме мен талқылау
  • проблемалық жағдаят

 Пәнаралық байланыс

Информатика (мультимедиялық жабдықпен жұмыс, интернет желісінен қажет ақпаратты іздеу)

 Алдын-ала білімдері

Сандардың көбейтіндісі, дәреже, оң сандар, теріс сандар

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 мин

І. Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Сәлемдесу, оқушыларды түгендейді.

Сабақтың ортасы

3-5 мин

5-15 мин

16-20 мин

21-30 мин

31-35 мин

ІІ. Білімдерін өзектеу.

Диалог арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсаты айқындалады.

III. Жаңа тақырыпты меңгеру.

Оқушыларға өздігінен білім алу мақсатында натурал көрсеткішті дәреже анықтамасын пайдаланып орындауға тапсырмалар беріледі. Бірдей негізді дәрежелердің көбейтіндісін оқушылар өздігінен анықтайды. Негіздері бірдей дәрежелерді көбейту және бөлу, дәрежені дәрежеге шығару, көбейтінді және бөліндіні дәрежеге шығару қасиеттері таныстырылып, мысалдар келтіріледі.

IV. Білімдерін бекіту

Оқушылар натурал көрсеткішті дәреже қасиеттерін пайдаланып тапсырмалар орындайды.

  • Мұғалім оқушыларды өз әдісі арқылы оқушыларды топтқа бөледі.

Дәрежелерді көбейту және бөлу қасиеттерін пайдаланып бос орындарды толтырады.

Бағалау: Мұғалімнің бағалауы

  • Жұптық жұмыс.

Есептеңіз. Дәрежелерді көбейту және бөлу, дәрежені дәрежеге шығару, көбейтінді және бөліндіні дәрежеге шығару қасиеттерін пайдаланып есептеулер жүргізеді. Оқушылар тапсырманы жұппен орындайды.

Бағалау: бірін-бірі бағалау

  • Жеке жұмыс.

Оқушылар натурал көрсеткішті дәреже қасиеттерін пайдаланып тапсырмаларды орындайды.

Бағалау: Өзін-өзі бағалау/ 15-слайд

 Сабақ презентациясы, 1-2 слайдтар.

 

 

 

 Сабақ презентациясы, 3-10 слайдтар.

 Қосымша 1

 

 

 

 

 

 

 

 Сабақ презентациясы, 12 слайд

 Қосымша 2

 

 

 

 

 

 

 Сабақ презентациясы, 13 слайд

 Қосымша 2

 

 

 

 

Сабақ презентациясы, 14 слайд

Қосымша 4

 

Сабақтың соңы

36-40 мин

Қорытынды.Үйге тапсырма.

Рефлексия

- нені білдім, нені үйрендім?

- не түсініксіз болып қалды?

- қандай тапсырмалар бойынша тағы да жұмыс жасау керек?

 Сабақ презентациясы, 16-17 слайдтар

 

Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ні қолдану

Құндылықтармен байланыс

(тәрбие элементі)

Өздік, жұптық, топтық жұмыс формалары оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған. Жғары деңгейдегі нәтижелерге жеткен оқушылар қалған оқушыларға көмектеседі, көбірек тапсырма орындайды.

Ұсынылған тапсырмалар бойынша өзін-өзі, бірін-бірі бағалау, мұғалімнің жеке жұмысты бағалауы.

Денсаулықты сақтау технологиялары, бірін-бірі тексеру барысында оқушылар қозғалыста болады, интерактивті тақтаны қолдану және кабинетті дер кезінде желдету ережелерін сақтау.

Рефлексия

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты).

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу