Халық географиясы 1-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)

 Халық географиясы 1-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғалам. Жер. Адам.
Сабақтың тақырыбы: Халық географиясы 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаты: 6.2.7.1 халықтың қоныстану заңдылықтарын анықтау
6.2.7.2 халық тығыздығының көрсеткіштеріне баға беру
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
Физикалық және тығыздық карталарын талдау арқылы, халықтың қоныстану заңдылықтарын анықтайды;
Халық тығыздығының көрсеткіштеріне баға бере алады.

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, сыныпты түгендеу. Оқушыларды топқа бөлу. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру және тақырыпқа шығу мақсатында суретті пайдалану.
2. Ой қозғау:
-Бұл суреттер сіздерге тақырып туралы қандай ой шақырады?
-Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар?
3. Мақсатты тұжырымдау
Сабақ тақырыбы мен бағалау критерийлерін талдау. Лексика мен терминологиямен таныстыру. (Тақтада жазылады немесе карточкаларда жазылу)
4. Мұғалімнің түсіндірмесі.
- Халықтардың орналасуы туралы заңдылықтар қандай?
- Орналасу заңдылықтарына әсер ететін қандай факторлар бар?
Жер бетінде халықтар біркелкі орналаспаған, 7% құрлықта 70% халық тұрады. Халықтың басым бөлігі қоңыржай, субтропиктік және субэкваторлық климаттық аймақтарда өмір сүреді. Осы аудандардағы халықтың тығыздығы 1 км2 үшін бірнеше жүз адамға жетеді, ал әлемдік тұрғындардың орташа тығыздығы бір квадрат километрге 40 адам, ал жердің 15% құрлығында халық мүлдем мекендемейді
Халық тығыздығының формуласы:

Мұндағы р-халық тығыздығы, m- халық саны; v- елдің аумағы (ауданы).

Мұғалім оқушыларға халық тығыздығына әсер етуші факторлар сызбасын тақтадан көрсетеді. Оқушылар факторларды жұмыс дәптерлеріне жазып алады.

5. Білімді бекіту
Топтық жұмыс. Жаңа білімді меңгеру. Оқушылар 4 топқа бөлінеді. Әр топқа халық тығыздығына әсер ететін бір фактор беріледі. Мысалы: тарихи, экономикалық, экологиялық, табиғи. Оқушыларға мәтін таратылады. Мәтінмен танысып, топпен талқылап, берілген фактор бойынша мысалдар келтіріп, сыныпқа түсіндіреді.
Ауызша сұрақты дәлелді жауаптар негізінде топтар бір-бірін бағалайды.
Жұптық жұмыс. Оқушыларға 5 мемлекеттің халық саны және аумағының көлемі туралы ақпараттар беріледі. Оқушылар формула бойынша 5 елдің халық тығыздығын есептеп шығарады.
Дескриптор бойынша өз-өзін бағалау.
Дескрипторлар:
 Халық тығыздығы формуласын пайдаланып, есептер шығара алады
Мұғалім дұрыс жауаптарын тақтадан көрсетеді. Оқушылар өз жауаптарымен салыстырады. Жұпта бір-бірін бағалайды.
Жеке жұмыс. Оқушылар халық тығыздығы және физикалық карталарды пайдалана отырып, халық тығыздығы жоғары жыне төмен 5 аймақты анықтайды. Халық тығыздығының жоғары және төмен болуының себебі мен салдарын талдап жазады. Қорытынды жасайды......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру