Жануарлардың тіршілік ортасын қалай анықтайды? 2-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)
Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Жануарлар
Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың тіршілік ортасын қалай анықтайды? 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.2.2 жануарларды тіршілік ортасы бойынша ажырату;
3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау;
Сабақтың мақсаты: Оқушылар: бір ортаны мекендейтін жануарлардың өзара ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды.
жануарлардың тіршілік ортасына бейімделуін түсінеді.
Ұйымдастыру.
«Жануар қайда мекендейді?» ойыны.
Тақтаға бір оқушыны шақыру. Ол өзі ойлаған бір жануарды ымишарамен сыныптастарына көрсетеді. Жануарды бірінші тапқан оқушы сол жануар жайлы және оның тіршілік ортасы туралы айтып береді.
Тақтаға бірнеше оқушы шақырылып, ойын қайталанады.
1. Жануарлар тобы
Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы суретке аудару.
- Суреттен қандай жануарларды көріп отырсыңдар?
- Бұл жануарлар туралы не білесіңдер?
- Бұл жануарларды қайдан көрдіңдер?
- Жануарлар бағында осы жануарлардың кейбірін көргендерің бар ма?
- Мүлдем таныс емес жануарлар бар ма?деген сұрақтар арқылы жануарлар туралы оқушылардың алғашқы білімдерін тексеру.
Оқушыларды топқа бөлу. Жануарларды екі топқа жіктеу: орман жануарлары мен ашық кеңістік жануарлар тобы. Жануарларды топқа бөлу себептерін түсіндіру, топтағы жануарларды өзара салыстыру. Оларға не ортақ екенін анықтау. Әр топ өз шешімдерін басқа топтарға дәлелдеу.
Қорытынды: Барлық жануарлардың мекен ортасында қалыпты тіршілік етуіне мүмкіндік беретін, біртіндеп қалыптасып орныққан бейімділіктері болады. Мысалы, жауы құйрығынан ұстағанда сұр кесірткенің құйрығы үзіліп қалады. Шоршып, жыбырлап жатқан құйрыққа жауы алданып, қайта ұмтылғанша кесіртке жасырынып та үлгіреді, әрі оның құйрығы біраз күнде қайта өсіп, қалыптасады. Жануарлар құрылысының мекен ортасы мен тіршілік әрекетіне сәйкес келетіндігі сонша, кейбіреуінің сыртқы түріне, бейнесіне қарап-ақ оның қандай ортада тіршілік ететінін, немен қоректенетінін, қалай қозғалатынын бірден біле аламыз. Әр топтағы жануарлар өздері тіршілік ететін ортаға бейімделген. Сыртқы түрсипаты мен тіршілік әрекетіне қарап, олардың қайда мекендейтінін анықтауға болады.
2. Есте сақта! айдарымен танысу, өйткені бұл ақпарат зерттеу жұмысымен айналысқанда көмегін тигізеді.
3. Суқойма жануарлары cуреттеріне қарап, оларды сипаттау. Әр жануардың тіршілік ортасын анықтау.
Сұрақтар:
- Суреттен қандай жануарларды байқадыңдар?
- Оларды сипаттаңдар.
- Олар қайда тіршілік етеді?
- Суреттегі жануарларды дене бітіміне қарап суда тіршілік етеді деп айтуға бола ма?
- Олардың дене бітімінде қандай ұқсастықтар
мен айырмашылықтар бар?
- Суреттермен жазуларды сәйкестендір
- Өз жауаптарыңа дәлелдеме келтір.
4. Артығын тап
Суреттерге назар аудару, әр жануарды атау, сипаттау. Қай жануар артық екенін тауып, өз жауабын дәлелдеу. Себебін түсіндіріп, тауды мекендейтін жануарлардың қандай болатынын әңгімелеу.
5. Мәтінмен жұмыс
Оқулықтағы мәтінмен танысқан соң, зерттеуге тапсырма беру.
6. Зертте
Жануардың тіршілік ортасын қалай анықтауға болады?
Топта жұмыс жасау. Оларға алдын-ала әр түрлі жануарлар суреттерін дайындау. Оқушылар жануарлар суретін мұқият қарап, олардың бейімделуіне қарай мекен ету ортасын ақылдаса отырып анықтайды.
Оқушылар плакатты 4-ке бөліп, топқа берілген жануарлар суретін мекен ету ортасына қарай жіктеп, плакатқа жабыстырады.
Орман жануарлары
Тау жануарлары.........

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Жануарлардың тіршілік ортасын қалай анықтайды? 2-сабақ 3 сынып жаратылыстану, жаратылыстанудан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал әдістемелік нұсқаулық, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, жаратылыстану умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал адистемелик нускаулык, Жануарлардың тіршілік ортасын қалай анықтайды? 2-сабақ