Жануарлар арасындағы қарым-қатынас 1-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

 Жануарлар арасындағы қарым-қатынас 1-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Жануарлар
Сабақтың тақырыбы: Жануарлар арасындағы қарым-қатынас 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.2.3 табиғаттағы жануарлардың өзара қарым- қатынас түрлерін сипаттау;
3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін анықтау.
Сабақтың мақсаты: Бәсекелестік, түрішілік бәсекелестік, түраралық бәсекелестік пен бейтарап қарым-қатынас ұғымдарын түсінеді.

Ойсергек.
Сәттілік біздер тілейік,
Мен саған, сен маған
Күндей күліп жүрейік,
Күннің нұрын төгейік,
Мен саған, сен маған.
«Сұрақ қоюшы қалпақ» ойыны арқылы сұрақтарға жауап беру. Бір оқушы қалпақты киіп, сұрақтарды оқиды. Сұрақтар:
- Туыстық қатынас қандай болады? (Анасы мен қы¬зының, әкесі мен ұлының, ағасы мен інісінің арасын¬дағы және басқа да қатынастар.)
- Жұп болып, бір-біріңе туысқандарыңды атаңдар.
- Олардың барлығы бір қалада/ бір ауылда тұра ма?
- Жануарлардың туысы бола ма, қалай ойлай¬сыңдар?
- Олар бір жерде өмір сүре ме әлде әртүрлі жерді мекен ете ме?
Салыстыр, жауап бер. Оқушыларды жұптастырып, кианг жылқысы мен құланның ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау. (Ұқсастығы: сыртқы белгілері ұқсас, басы, құлағы бір¬дей болып келеді. Айырмашылығы: кианг жылқысы¬ның терісінің түсі қоңырлау, жалы қалыңдау, сыртқы тұрқы мықты әрі ірі көрінеді).
Топқа біріктіру. Оқушыларды мақал-мәтелдер арқылы топқа біріктіру.

1-топ 3-топ
Сиырлы бай – сары май. Мал өсірсең қой өсір,
Өнімі оның көл-көсір.
2-топ 4-топ
Қой өрісі – қорадан. Қойы көптің – тойы көп.

Зертте. Оқулықтағы суреттерді қа¬рап шығып, әр суретке сәйкес атауды табуы тиіс. Алдын ала әр жерде тіршілік ететін (деректік ма¬териалдарда көрсетілген) туыстас (бір түрге жата¬тын) жануарлардың суреттерін дайындап қою.
Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық
• Суреттерді үстел үстіне қойып, оларды мұқият қарап шығу.
• Бір-біріне ұқсас жануарларды екіден, үштен топтастырып, туыстас жануарларды табу.
• Топтастырған жануарлардың суреттерін пла¬катқа жапсыру.
• Топ ішінде нәтижелерін талқылау.
• Туыстас жануарлардың сыртқы ұқсастығын табу. Кейбір оқушыларға жануарлардың қайсысы қай жерде мекен ететініне (орманда, тауда, ашық кеңістікте) болжам жасатуға болады.
• Өз пікірлеріне нақты дәлелдер келтіру.
• Барлық топтың плакаттарын салыстыру. Бір-бірінің жауаптарын тыңдап, талқылау.
Жақын «туыстар». Суреттерге назар аудартып, ондағы жануарларды атау. Сұрақтар:
- Суреттегі жануарларды «туыстас» жануарлар деуге бола ма? (Иә.)
- Нелік¬тен олай деп ойлайсыңдар? (Сыртқы ұқсастықтары¬на байланысты.)
- Бірінші суреттегі бұғылар не істеп жатыр? (Бір-бірімен сүзісіп жатыр.)
- Құстар не істеп жатыр? (Бірі екіншісін қуып жатыр.)
- Қалай қуып жа¬тыр? (Айбат шегіп, шоқып, дыбыстап.)
- Жануарлар не үшін таласып жатыр деп ойлайсыңдар?
Барлық болжам жауаптарды тыңдап , құстардың дыбыс шығаруы басқаларына сол жердің бос емес екенін білдіретінін, көбінесе жануарлар тіршілік ортасы мен азық үшін күресетінін, мұндай қарым-қаты¬нас түрі бәсекелестік деп аталатынын айтып өту.
Көршілер. Суреттегі қай жануарлар жұбының арасында бәсекелестік бар екенін анықтау. Талқыланатын сұрақтар:
- - Тиін мен тоқыл¬дақ арасында не үшін бәсекелесуі мүмкін? (Қыс мезгілінде екеуі де жәндіктер жоқ кезде ағаш қуысын мекендейді, тоқылдақ дән мен жаңғақты қо¬рек қылады.)
- - Бұл тек «туыстас» жануарлар ғана бәсе¬келесетінін білдіреді ме? (Иә, әртүрлі жануарлар да бәсекелеседі.)
- - Басқа да туыс емес жануарлардың бәсекелестігін көрсететін мысал келтіріңдер.
- - Тиін мен бұлан арасында қандай да бір байланыс болуы мүмкін бе? (Тікелей қатысы жоқ, бірақ олар бір жер¬де мекендейді.)
- - Жануарлардың бір-біріне кедергі жасамайтындай қарым-қатынасын қалай атаймыз? (Тәуелсіз, бейтарап.) Жануарлар арасындағы мұндай байланыс түрін бейтараптық/нейтрализм деп атаймыз.
Мұғалімнің түсіндіруі. Бейтарап қарым-қатынас жасай¬тын жануарлар бір-біріне тиіспей¬ді, әртүрлі азықпен қоректеніп, әртүрлі жерлерді мекендейді.
Әртүрлі ортада тіршілік ететін «туыстас» жануарлар бір-біріне сырттай қатты ұқсағанымен, өзара айыр¬машылығы болады. Мысалы, тау шалғынын мекендейтін түкті араның түсі дала арасына қарағанда қоңырқай келеді. Қарсақтың денесі орман түлкісіне қарағанда кішілеу. Орман түлкісінің құлағы үлкен, ағашқа оңай өрмелеу үшін тырнағы өткір болады.
Жануарлар бір-бірімен қорек және тіршілік орта¬сы үшін жиі бәсекелеседі. Мысалы, бір аймақта бұғы көп болса, онда сол жердегі қорек тез таусылады. Енді оларға жаңа мекен іздеуге тура келеді. Бұл ұр¬пақ өсіруге қиындық туғызады. Сондықтан бұғылар мекен үшін таласып, жиі шайқасады.
Көктемде құстардың шырылдаған дыбысы қатты естіліп жатады. Олар өз дыбысымен бұл аймақ бос емес дегенді білдіреді.
Бірдей қоректенетін жануарлар «туыс» болма¬са да бәсекелеседі. Мысалы, тиін мен тоқылдақ ағаш қуысын мекендейді, олар дән мен жаңғақты қорек етеді. Бұғылар мен бұландар қорегі шөп болған¬дықтан бәсекелеседі.
Ойлан! Оқушылармен жануарлар арасында бейтарап қарым-қатынас орнаса, жер бетінде не болар екенін талқылау.
Сергіту сәті. Бейнежазба әуенімен қимылдау.
Жеке жұмысқа дәптердегі тапсырмаларды орындау ұсынылады.
27-жұмыс парағы. «Жануарлар арасындағы
өзара байланыс», 29-б.
Бәсекелес пе әлде бейтарап па? Оқушылар сурет бойынша жануарлар қарым-қатынасының түрін анықтайды және оларды сәйкес суреттермен байланыстырады. Жоғары қызығушылық танытқан оқушыларға әртүрлі жерді мекендейтін «туыстас» жануарлар жұбын анықтауды тапсыруыңызға болады. (Шибөрі мен қасқыр). Одан кейін бұл жұптардың ұқ¬састығы мен айырмашылығын табады (Жауаптары:
Бәсекелес қарым-қатынас: түлкі мен қасқыр, екі шибөрі, тиін мен тоқылдақ. Бейтарап қарым-қатынас: көбелек пен қоян, көртышқан мен шұбар шымшық, құндыз бен үйрек)..........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру