Жануарлар топтары (Жаратылыстану, 2 сынып, I тоқсан)

 Жануарлар топтары (Жаратылыстану, 2 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Жануарлар
Сабақ тақырыбы: Жануарлар топтары
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 2.2.2.1 жануарларды омыртқалылар мен омыртқасыздарға жіктеу
2.1.2.4 бақылау жүргізу жоспарын құру
2.1.2.5 құрылған жоспар бойынша бақылау жүргізу және қорытынды жасау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Жануарларды омыртқалыларға және омыртқасыздарға топтастыру;
Көптеген оқушылар:жануарлардың тіршілік ету ортасына бейімделуін сипаттау;
Кейбір оқушылар:
жасалған жоспарға сәйкес тәжірибе жүргізеді және оның нәтижелерін жазу

Ұйымдастыру.
(Ұ) Психологиялық дайындық
Біз бақытты баламыз
Ойнап күліп аламыз
Жетілсін деп санамыз
Оқып білім аламыз.
ОМ таныстыру.
• жануарлардың қандай топқа жататынын ажырата аласың;
• кейбір жануарлардың тіршілік ету жағдайына
қалай бейімделетінін білетін боласың.
Негеш пен Эврика білгір ғалымға қонаққа кетті. Ғалымның оларға ұсынатын көптеген жұмбақтары бар. Оларды бірлесіп шешуге шақыру
Бірдей заттарды түрлі қасиеттеріне қарап, әртүрлі
топтастыруға болатыны туралы айту. Мысалы,
ағаш кесе, ағаш кубик, шыны тәрелке, шыны ат. Бұл
заттарды оқушыларға көрсету, оларды қалай және
қандай белгілері бойынша топтастыруға болатыны
жайлы ойлануға шақыру (Негізгі белгісі – «ойыншықтар» және «ыдыс», материалы бойынша – «ағаш»және «шыны»).
Одан әрі оқушыларға оқулықтағы суреттерге мұқият қарап, алуан түрлі жануарларды әртүрлі белгілері бойынша топтастыруға тапсырма беру.

Омыртқалылар дегеніміз – омыртқасы бар жануарлар. Омыртқа бір-біріне байланысқан кішкентай сүйектердің тізбегінен тұрады. Оның бір ұшына бас сүйегі бекітіледі. Онда жануардың миы орналасады. Әр бөліктегі омыртқалардың саны әртүрлі, ол жануарлардың түрлеріне байланысты болады. Омыртқалы жануарларға қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілер жатады.
Омыртқасыздар – омыртқасы жоқ, тіпті ішкі қаңқасы болмайтын жануарлардың көптеген түрлері, мысалы, қарапайымдылар, губкалар, ішекқуыстылар, құрттар, ұлулар, буынаяқтылар, тікентерілілер және т.б. Омыртқасыздар барлық жануарлардың 97% мөлшерін құрайды.
Ғалымның жұмбағы. Оқушылардың назарын суретке аудару.
«Жоғарғы сөреде не бар? (Жануарлардың қаңқалары.) Қаңқа қайда орналасқан? (Ішінде.)
Неге медузаның астында ештеңе жоқ? (Оның қаңқасы болмайды.)»
«Қаңқаның мына бөлігі қалай аталады? (Егер ешкім жауап бере алмаса, онда өзіңіз оның омыртқа екенін айту.) Қаңқаның суретіне мұқият қарап, омыртқаның не үшін керек екенін анықтауға тырысыңыздар. (Оған басқа сүйектер бекітілген.) Омыртқаның кейбір жануарларда болатынын, ал кейбірінде болмайтынын айту.
Осылайша жануарлар омыртқалыларға және омыртқасыздарға бөлінеді.
Омыртқа – сүйектер менбұлшық еттерді біріктіріп ұстап
тұратын тірек. Алайда барлық
жануарларда бірдей омыртқаболмайды
Суретке тағы да мұқият қараңыздар. «Қалған жануарлар қандай топқа жатады? Олардың қайсысы омыртқалыларға жатады? (Балықтар, бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер, сүтқоректілер, құстар.) Омыртқасыздарға ше? (Бунақденелілер, құрттар, теңізді мекендеушілер.)».

Жануарларды бөл. Оқушылардан суреттегі жануарлардың аттарын атап шығуды сұрау. Таба алмаса, жәрдемдесу. (Қоян, ұлу¸ жолбарыс, сауысқан, қоңыз, ара, сегізаяқ, сарышұнақ, балық, шегіртке.) «Аталған жануарлардың қайсысын омыртқасыздарға жатқызуға болады?» (Ұлуды, қоңызды, араны, сегізаяқты, шегірткені.)
Сөзді тап
Суреттегі жануарлардың қайсысында омыртқа болмайды, тауып көр. Оларға сәйкес келетін
әріптерден сөз құра. Бұл сөз омыртқаның басты қызметін білдіреді.
Қорытынды жасап көр: қандай жануарларда омыртқа болмайды?
Жауабына сәйкес келетін сөздің бірінші әрпін айтып, содан жануардың атын табыңыздар. (Тірек.) Бұл сөз омыртқаның ең басты қызметін білдіретінін түсіндіру.
Зертте!
Мектеп алаңынан немесе саябақтан қандай омыртқалы және омыртқасыз жануарларды кездестіруге болады

Зерттеу жұмысын жүргізуге арналған нұсқаулар
• Әрбір оқушы алаңнан неғұрлым көбірек жануарларды табуы қажет.
• Тапқан жануардың атын қойын дәптеріне жазуы керек немесе суретін салып қоюы тиіс.
• Оларды омыртқалылар немесе омыртқасыздар тобына бөлуі керек. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру