Тамырлардың рөлі және олардың қызметтері (Жаратылыстану, 2 сынып, I тоқсан)

 Тамырлардың рөлі және олардың қызметтері (Жаратылыстану, 2 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі табиғат әлемі
Сабақ тақырыбы: Тамырлардың рөлі және олардың қызметтері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 22.2. Гүлдейтін өсімдіктердің бөліктері және олардың маңызы
Сабақ мақсаттары: 2.2.2.2 Сабақтың өсімдікті ұстап тұратынын және су мен қоректік заттарды өткізетінін білу
2.1.1.1. Сұрақтар қою және тамырды бақылау арқылы жауаптар табу
Зерттеу жұмысын жоспарлау
2.1.2.3.Күтілетін нәтижелерді болжау
Мәліметтерді алу және таныстыру
2.1.3.4.Алынған нәтижелерді суреттер немесе жазбалар түрінде көрсету
Нәтижелерді түсіндіру
2.1.4.1.күтілетін және алынған нәтижелерді салыстыру.

1. Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық:
Терең ғылым сананың,
Тегі көп ой саламын.
Маңыз беріп оқимыз,
Ғылымға кіріспе сабағын.
Өткен тақырыпты еске түсіру. (сұрақ – жауап арқылы).
- «Өсімдіктің мүшелерін ата?
Берілген сөздерден өсімдік мүшелерін тауып, орнына орналастыру.
Тамыр, шөп, сабақ, гүл, емен, шөп, жапырақ, ағаш.
Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Тамырлардың рөлі және олардың қызметтері.
Мақсаты: Өсімдіктің тамыры суды сіңіретінін білу.
Жетістік критерийлері:
Өсімдік мүшелерінің атауларын біледі.
Тамырдың қызметін біледі.
Ой шақыру.
(Ұ) Оқушылар өздерін ыстық, күншуақты күндерде, әсіресе дене қимылдарынан кейін қалай сезінетінін талқылау. Шөлдеу сезімін сипаттап беруін сұрау.
Топтастыру. (өсімдік мүшелерін суреттер арқылы топтау).
Өсімдік мүшелері:

Сабақ Жапырақ Гүл Жеміс Тұқым Тамыр
Балалар, «тамыр» деген сөзді естіген кезде қандай ой туады?
Оқушылардың жауабың тыңдау.
Тамыр - өсімдіктің негізгі және жер астындағы мүшесі. Ол өсімдікті топырақта бекітіп ұстайды және топырақтағы ылғалды бойына сіңіреді. Тамыр арқылы өсімдік қорек алады.
Тамыр өсімдікке қандай пайда әкеледі?
- Тамыр топырақтан суды сіңіріп, оларды сабақ арқылы жапыраққа, бүршікке, жемістерге жеткізеді.
- Тамыр өсімдікті минералды және қоректі заттармен қамтамасыз етеді.
Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді тізбектей оқушыларға оқыту.
Сұрақтар:
- Қандай өсімдіктердің тамырлары шашақ тамыр болып келеді? (ОТ, Т, Ж,Қ) Өсімдіктердің суды қалай жұтатынын бақылау үшін зерттеуді бастау.
1-тәжірибе жасау.
Зертханалық тостағанға аздап боялған су құю.
Суға балдыркөк таяқшасын салу.
Тамырдың зерттеу басында және соңындағы түсі қандай болатынын оқушыларға көрсету үшін балдыркөк тамырында көлденең қима жасау.
(Т, Ж) Гүлді суы жоқ құмыраға салып, біраз уақытқа қалдыру.
Су құйып, не болатынын қарау.
Оқушылар «дейін» және «кейін» не көргенін суретке салады, «Судың тамыр үшін маңызын» бағалайды
Оқушылардың сабақ өсімдікті ұстап тұратынын түсінгеніне көз жеткізу..........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру