Қатты және бәсең дыбыстар (Жаратылыстану, 1 сынып, IV тоқсан)

 Қатты және бәсең дыбыстар (Жаратылыстану, 1 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дыбыс
Сабақ тақырыбы: Қатты және бәсең дыбыстар
Оқу мақсаттары: 1.8.2.3 Әр түрлі дыбыс көздері түрлі қуаттағы дыбыстарды шығаратынын зерттеу
1.1.2.1. Ғылыми сұрақтарға жауаптарды дайындау жолдарын жоспарлау (топ болып) Нәтижелерді түсіндіру
1.1.4.1.Бақылауларды сипаттау мен түсіндіру үшін өте қарапайым ғылыми сөз қорын қолдану
Сабақ мақсаттары: Оқушылар қатты және бәсең дыбыстарды ажыратады. Дыбыстардың қуатын зерттейді.Олардың байланысын біледі.

(МК) Шаттық шеңбер «Қайырлы таң!»
Кел, жаныма тұр, сыныптас.
Өз алақаныңды маған аш.
Міне, менің қолым бос,
Жылуыма жылу қос!
/оқушылар тұрып бір-бірін қолдарынан ұстап сәттілік тілейді, рахмет айтады/
-Балалар, ғылымға кіріспе сабағын бастамас бұрын, осы сабағымыздың ұранын айтайық.
Терең ғылым сананың,
Тегі дөп ой саламын.
Маңыз беріп оқимыз,
Ғылымға кіріспе сабағын.
-Балалар, ғылымға кіріспе сабағының қандай пайдасы бар?

(Т)аспаптар туралы жұмбақтар жасыру арқылы сабақтың тақырыбын ашу
1/ Қос қазақ екі жерден шынжыр арқан,
Сылдырап әр буыны үнін қосқан.
Он адам жолдас болып еңбек етсе,
Аралап он екі үйге қонақ болған. (Домбыра)

2/ Ағаш , темір, қағаз, желім,
Бұлардың басын қосқан көрдім жерін,
Шырқырап неше түрлі ән салады,
Ішіне толтырып ап барлық жемін. (Гармонь)

3/ Саусақ батпас түтіктен,
Сандуғаш құс сайрайды. (Сыбызғы)

4/ Иiр-иiр құбыр,
Үрлесең бұлбұл. (Керней)

5/ Ұзын мойны,
Екі ішек,
Қатар-қатар тепкішек.
Басып көрсең бір-бірлеп,
Үн шығады күмбірлеп. (Домбыра)
-Балалар, жұмбақтың шешуі не болды?......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру