Период және топ бойынша элементтер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

 Период және топ бойынша элементтер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Периодтылық
Сабақтың тақырыбы: Период және топ бойынша элементтер қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.1.1 химиялық элемент атомдарының қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарының сипаттау: радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, электртерістілік және тотығу дәрежесі;
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар білуі керек
- атом радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, электртерістілік және тотығу дәрежесі түсініктерінің анықтамаларын білу;
- период және топ бойынша химиялық элементтердің атом радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, электртерістілік және тотығу дәрежесі қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын сипаттау;
Көптеген оқушылар мынаны жасай алуы керек:
- период және топ бойынша химиялық элементтердің атом радиусы, иондану энергиясы, электронтартқыштық, электртерістілік және тотығу дәрежесі қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіру және салыстыру;
Кейбір оқушылар мынаны жасай алулары керек:
- қарастырылмаған элементтер атомдарының қасиеттерін болжау және түсіндіру, себеп-салдарлық қатынастарды орнату, қорытынды жасау, жалпыға ортақ түсінікті ажырату.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы, оқу және сабақ мақсаттарымен таныстыру, күтілетін нәтижелерді анықтау.
Сыныпты 5 топқа бөлу (1,2,3,4,5 саналу)
Мұғалім оқушылардың топтық жұмысын ұйымдастырады.
Әрбір топ тапсырма алады, топта оқушылар химиялық элементтер өздеріне берілген қасиетінің периодтық жүйедегі өзгеру заңдылығын анықтаулары және онымен бүкіл сыныпты таныстырулары керек.
Тапсырма.
1. Атомның бұл қасиетіне анықтама беріңіздер.
2. Периодта химиялық элементтер атомдарының бұл қасиеті қалай өзгереді? Неліктен?
3. Топта химиялық элементтер атомдарының бұл қасиеті қалай өзгереді? Неліктен?

1 топ: «Атомдардың радиусы, олардың химиялық элементтер жүйесінде периодты өзгеруі»
2 топ: «Иондану энергиясы және оның химиялық элементтер жүйесінің периодтары мен топтарындағы өзгеру заңдылықтары»
3 топ: «Электронтартқыштық және оның химиялық элементтер жүйесінің периодтары мен топтарындағы өзгеру заңдылықтары»
4 топ: «Электртерістілік және оның химиялық элементтер жүйесінің периодтары мен топтарындағы өзгеру заңдылықтары»
5 топ: «Топтар мен периодтарда атомдардың тотығу дәрежесінің өзгеру заңдылықтары»

Топтық жұмыстардың таныстырылымынан кейін оқушылар: «Периодтық жүйедегі химиялық элементтер атомдары қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары» кестесін толтырады.
Мұғалім оқушылардың назарын периодта иондану энергиясының артуы кейбір элементтерде орындалмайтынына аударады. Мысалы, бериллий мен азот атомдарының иондану энергиясы олардан кейін орналасқан бор мен оттегі элементтерінікіне қарағанда жоғары, осындай ұқсас құбылыс 3-ші период элементтері магнийден алюминийге және фосфордан күкіртке өткенде байқалады.
Мұғалім 3-ші период элементтері мысалында не себепті алюминий мен күкірттің бірінші иондану энергиялары магний мен фосфорға қарағанда төмен болатынын түсіндіреді.

(Мұғалімнің түсіндіруі.
Бордың бірінші иондану энергиясы бериллийден төмен болу себебі сыртқы қабаттағы 2p1-электроны ядродан 2s2 электрон жұбымен экрандалады (көлегейленеді), сондықтан 2p1-электроны ядроға әлсіз тартылады.
Азот атомында барлық 2p-электрондар жұптаспаған, ал оттек атомында 2p-электрондардың екеуі жұптасқан. Бірдей деңгейшедегі жұптасқан электрондар арасында өзара аздаған тебілу болады. Бұл олардың ядроға тартылу күшін азайтады, сондықтан оттектің жұптасқан электрондарының біреуін жұлып алу үшін қажетті энергия азоттың жұптаспаған электронын жұлып алу үшін қажетті энергияға қарағанда азырақ.
Периодта иондану энергиясының арту үрдісінің ауытқуы сыртқы энергетикалық деңгейшесі толық немесе жартылай толтырылған атомдар үшін бақыланады:

Бұл, деңгейшелері толық немесе жартылай толтырылған электронды конфигурациялардың энергетикалық тұрақтылығы жоғары екендігін білдіреді)
Содан кейін мұғалім атомның бірінші иондану энергиясының теңдеуін қалай жазу керектігін көрсетеді:
Э(г) → Э_((г))^+ + е ̅
атомның екінші иондану энергиясының теңдеуі:......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру