Масс-спектрометр 1-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

 Масс-спектрометр 1-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атом құрылысы
Сабақ тақырыбы: Масс-спектрометр 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 11.1.2.2 масс-спектрометр блок-схемасын білу
11.1.2.3 масс-спектрометрдің негізгі бөліктерінің қызметін түсіну
11.1.2.4 заттардың салыстырмалы атомдық массасы мен салыстырмалы молекулалық массасын анықтау үшін қарапайым масс спектрді талдай білу;
Сабақ мақсаттары: -масс-спектрометр блок-схемасын білу;
-масс-спектрометрдің негізгі бөліктерінің қызметін түсіну;
-заттардың салыстырмалы атомдық массасы мен салыстырмалы молекулалық массасын анықтау үшін қарапайым масс спектрді талдай білу.

Сабақ басында:
Жағымды психологиялық ахуал тудыру:
«Өзіңізге тілегенді басқаларға тілеңіз!»
-сабақтың тақырыбы, мақсаты мен жетістік критерийлерімен таныстыру.
(T) Видеомультипликация көмегімен масс-спектрометрдің жұмыс істеу принципі көрсетіледі

(T) Презентация арқылы масс-спектрометрдің жұмыс істеу принципі түсіндіріледі.
Бірнеше мысалдарды талқылағаннан кейін,
(G) (f) оқушыларға жұптасып отырып спектрді талдауға арналған есепті шешуді тапсырылады
1.Бор атомының масс-спектрі берілген. Оның салыстырмалы атомдық массасын табу тапсырмасы беріледі.

• 123 бор изотопының ішінде: 23-і 10 В және 100 -і 11 В болса. Ортақ массасы (23 х 10) + (100 х 11) = 1330.
• 123 изотоп атомдарының орташа массасы 1330/123 = 10,8.
• 10,8 бор атомының салыстырмалы атомдық массасы.
2. Цирконий атомының масс-спектрі берілген.

Презентацияны қолданып, цирконий атомының салыстырмалы атомдық массасын табу. Оқушылар жауабын тексеру өзара тексеру арқылы жүзеге асады.
Дұрыс жауап презентация арқылы тексеріледі.

(f)Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындау.
(I)1-тапсырма – масс-спектрометрдің блок-схемасы бойынша масс-спектрометрдің негізгі бөліктерінің қызметін дұрыс сәйкестендіруге арналған. Оқушылар жауабы жеке оқушылардан тексеріліп, түсіндірулері сұралады.
(I)2- тапсырма - -масс-спектрометрдің негізгі бөліктерінің қызметін дұрыс түсіндіп сипаттауға, заттардың салыстырмалы атомдық массасы мен салыстырмалы молекулалық массасын анықтау үшін қарапайым масс спектрді талдай білуге арналған.
Тапсырмалардың бағалау дұрыс жауаптарын көрсету арқылы өзін-өзі бағалау арқылы жүзеге асады.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру