Электролиттер мен бейэлектролиттер. № 1 көрсетілім: "Иондық және ковалентті полюсті байланысы бар заттардың электролиттік диссоциациясы" (Химия, 9 сынып, I тоқсан)

 Электролиттер мен бейэлектролиттер. № 1 көрсетілім: "Иондық және ковалентті полюсті байланысы бар заттардың электролиттік диссоциациясы" (Химия, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Электролиттік диссоциация
Сабақ тақырыбы: Электролиттер мен бейэлектролиттер. № 1 көрсетілім: "Иондық және ковалентті полюсті байланысы бар заттардың электролиттік диссоциациясы"
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.4.1.1 электролиттер мен бейэлектролиттердің анықтамасын білу және мысалдар келтіру;
9.4.1.2 заттардың ерітінділері немесе балқымаларының электрөткізгіштігі химиялық байланыс түріне тәуелді екендігін түсіндіру полюсті байланысы бар заттардың электролиттік диссоциациялану механизмін түсіндіру
Сабақ мақсаттары: • Заттарды электрөткізгіштігіне қарай жіктеу
• Электрөткізетін заттардағы химиялық байланыс түрін анықтау

Алдыңғы білімді белсендендіру сәті:
Оқушылардың физикадан алған білімдерін еске түсіру мақсатында пәнаралық байланыста әңгіме жүргізу.
Іс-әрекет түрі: сыныппен жұмыс
Бағалау: мұғалімнің кері байланысы
Мұғалім бағалау мақсатында сұрақ-жауап жүргізеді:
• Электр тогы деген не?
• Электр тогын өткізетін заттар қалай аталады?(өткізгіштер: мыс, күміс,алюминий)
• Электр тогын өткізбейтін заттар қалай аталады?(оқшаулағыштар: пластмассалар, резина, фарфор, янтарь, ауа)
• Неліктен металдар ток өткізеді?(делокализацияланған электрондарға байланысты)
• Металдардағы зарядталған электрондардан басқа тағы қандай зарядталған бөлшектер белгілі?(иондар, оң және теріс)
• Иондар токты өткізуі мүмкін бе? (мүмкін, өйткені электр тогы дегенімізі зарядталған бөлшектердің қозғалысы)
Мұғалім сабақта осы заттардың байланыс түріне қарай электр тогын өткізуі немесе өткізбеуі жөнінде қарастыратынын хабарлайды. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттары таныстырылады.
Оқушылардың білімін актуализациялау кезеңі.
Активити.
Оқушылар 1-қосымша кестеде берілген заттардың химиялық химиялық байланыс түрі мен электр өткізгіштігін болжайды.
Іс-әрекет түрі: жұппен жұмыс
Бағалау: өзара бағалау
Көрсетілім. Электрөткізгіштікті сынау құралы арқылы берілген заттарды тексеруге эксперимент жасау.
Іс-әрекет түрі: сыныппен жұмыс
Бағалау түрі: мұғалімнің кері байланысы

Оқушылар 1-қосымша кестесіндегі тәжірибелік мәліметтерді толтыруы керек.
Мұғалім электр тогын өткізетін заттар-электролиттер, өткізбейтіндері-бейэлектролиттер деп аталатынын таныстырады. Осы тұста тәжірибе қорытындысы бойынша диссоциация ұғымына анықтама беріледі.
Ой қозғау: неліктен кейбір заттар үшін лампа әлсіз жанды?
Осы тұста диссоциациялау дәрежесі,күшті және элсіз электролиттер ұғымдарын ендіру.

Зерттеу кезеңі
Мұғалім оқушылардан алынған тәжірибелік мәліметтер мен болжамдар арасында қарама-қайшылықтар туғандығын анықтайды.
Бұл қарама-қайшылықтардың неден туғанын тұжырымдап, оны шешу жолдарын қарастыру үшін оқушыларды 4 топқа бөледі. Оқушылар топта проблеманың шешу жолдарын қарастырады.
1-топ: 1-проблема: Неліктен дистилденген су құбыр суымен салыстырғанда электр тогын өткізбейді?
2-топ: 2-проблема: Неліктен кристалдық натрий хлориді сулы натрий хлоридімен салыстырғанда электр тогын өткізбейді?
3-топ: 3-проблема: Хлорсутек молекуласында иондар бар ма?
4-топ: 4-проблема: Кристалдық сахарозада иондар бар ма?
Дифференциация: Мұғалім топтардың жұмысына бақылау жүргізіп, қажет болса қолдау көрсетеді.
Ой бөлісу кезеңі.
Оқушылар өз зерттеулерімен таныстырады.
Бағалау: Әр топ ой бөліскенде қалған топтар тыңдап, сұрақтар қояды. Мұғалім жасаған жұмыс бойынша кері байланыс жасайды. Оқушылар түсіндірмесінде қателіктер болса, мұғалім дұрыстайды.
Мұғалім қорытындысы:
Демек, заттардың электрөткізгіштік қабілеті қатты күйінен еріген немесе балқыған күйде болғанда өзгереді.Оқушыларды электролиттер мен бейэлектролиттер (2-қосымша) кестесімен таныстырады.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру