Қышқылдардың, негіздердің, тұздардың электролиттік диссоциациясы. (Химия, 9 сынып, I тоқсан)

 Қышқылдардың, негіздердің, тұздардың электролиттік диссоциациясы.  (Химия, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Электролиттік диссоциация
Сабақ тақырыбы: Қышқылдардың, негіздердің, тұздардың электролиттік диссоциациясы.
Сабақ мақсаттары: ерітіндінің қышқылдығы мен сілтілігін ажырату;
қышқыл, сілті, орта және қышқылдық тұздардың
электролиттік диссоциациялану теңдеулерін құрастыру
Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: • ерітіндінің қышқылдығы мен сілтілігін анықтау;
• қышқыл, сілті, орта және қышқылдық тұздардың
электролиттік диссоциациялану теңдеулерін құрастыру

Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабаққа дайындау, сабақта ынтымактастық ортасын құру.

Оқушылардың білімін өзектендіру:
Оқушыларға pH мәні әртүрлі карточкалар таратылады,оның барысында сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.
1. Өткен материалды қайталау:
Активити: заттарды топтарға бөліңіз. ТЭД сәйкес осы заттарды қандай топтарға бөлуге болады.
Іс әрекет түрі: топтық
Бағалау: мұғалімнің пікірлері (ауызша түрде)
Сұрақ-жауап оқушы-мұғалім
Сұрақтар:
- Заттар қандай принцип бойынша бөлінді?
- Сіз қандай заңдылықты байқадыңыз?
- Қандай қорытынды жасауға болады?

2. Жаңа материалмен таныстыру
Активити:Алдыңғы білімдеріңе сүйене отырып, заттарды (тұз, қышқыл, сілті) диссоциациялану теңдеуін құрыңыз
Іс- әрекет түрі: жұптық жұмыс

Бағалау: жұпта өзара бағалау

3. Жаңа білімді практикада қолдану.
Активити: зертханалық жұмыс № 1 "Қышқылдар, сілтілер ерітінділерінің рН анықтау". Оқушылар 3 топқа бөлінеді.
Іс- әрекет түрі: топтық жұмыс
Бағалау: мұғалімнің кері байланысы (ауызша түрде)
Дифференциация: мұғалімнің көмегін мөлшерлеу
Мұғалім сабақ қорытындысын сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды.

4. Өткен материалды бекіту

Активити:Химиялық диктант. Оқушылар қалып кеткен сөздерді қойып, сөйлемдітолықтыруы қажет.
Іс- әрекет түрі: жеке жұмыс
Бағалау:жұпта өзара бағалау
Дифференциация: оқушылардың дербес жұмыс жасау дәрежесі бойынша (мұғалім сыныпты топтарға бөлу қажет-1-мұғалімнің тұрақты қолдауын қажет ететін оқушылар, 2-мұғалімнің көмегіне мұқтаж емес оқушылар, 3-мұғалімнің көмегіне ішінара мұқтаж оқушылар)......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру