Металдардың белсенділік қатарын қолданып реакциялар құру (Химия, 8 сынып, I тоқсан)

 Металдардың белсенділік қатарын қолданып реакциялар құру (Химия, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Металдар белсенділігінің салыстырмалы сипаттамасы
Сабақ тақырыбы: Металдардың белсенділік қатарын қолданып реакциялар құру
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 8.2.4.7 металдардың сумен, қышқыл және тұз ерітінділермен реакциялары негізінде, металдар белсенділігінің жалпылама қатарын құру
8.2.4.8 белгісіз реакциялардың жүру мүмкіндігін металдардың белсенділік қатарын қолдана отырып болжау
Сабақ мақсаттары: Металдардың сумен, қышқылдармен және тұздармен әрекеттесу реакцияларын, кернеу қатарын қолданып, жаза білу
Оқушылардың металдардың жалпы қасиеттері тарауы бойынша алған білімдерін жүйелеу және қорытындылау.

Амандасу. Ұйымдастыру. Сабақтың тақырыбын шығару.
"Ой шақыру" қатар құра отырып оқушы өзін металл ретінде дауыстап айтып орналастырады
Сабақтың тақырыбын және бағалау критерийлерді айтады.

"Ой жинау" Жұптық жұмыс
Металдардың сумен, қышқылмен және тұздармен әрекеттесуін химиялық формулалар реакциялар арқылы реакция теңдеуін жазу
1. Кальций +су →
темір + су →
мыс +су →
2. Мырыш + күкірт қышқылы →
алюминий + күкіртті қышқыл →
натрий +фосфор қышқылы →
3. Натрий +темір хлориді →
Mагний + алюминий фосфаты→
Мырыш + күміс сульфаты→
Жұпта тексеріп өзара бағалау жүргізіледі.
"Ой тастау" Жеке жұмыс
Төменде берілген жүретін реакция теңдеулерін формулар мен таңбалар арқылы аяқтау:
1. Магний + мыс сульфаты→
2. Барий сульфаты + мыс→
3. Платина + никель нитраты→
4. Мыс + темір сульфаты→
5. Магний фосфаты +натрий→
6. Калий нитраты+ сынап→
7. Кальций + су→
8. Күміс + тұз қышқылы→
9. Алюминий нитраты + натрий→

"Ойлан тап"
Төменде келтірілген металдарды қышқылмен әрекеттесуі бойынша екі бағанға бөліңдер:
K,Hg,Ni, Al,Fe,Pt,Na,Cu,Mg

Cu +HCl HNO3 +NaOH Na +HCl
Ca +HCl Zn +H2SO4 Ba +H2SO4
Ag +H2SO4 Na2CO3 + HCl Al2O3 + HCl
"Айқыштар мен нөлдер " ойыны. Ұтымды жолды
нәтижесінде сутек бөлінетін реакциялар құрайды:

True or false? Дұрыс немесе дұрыс емес?
Сұрақтарға жауап беру.
Дұрыс болса, жасыл карточка, дұрыс емес болса қызыл карточканы көтересіздер.
Сабақты қорытындылау үшін бағалау критерийлеріне тоқталу ......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру