Химиялық формулалар бойынша есептеулер 1-сабақ (Химия, 8 сынып, I тоқсан)

 Химиялық формулалар бойынша есептеулер 1-сабақ (Химия, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері
Сабақтың тақырыбы: Химиялық формулалар бойынша есептеулер 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 8.2.3.1 -заттар құрамындағы элементтердің массалық үлесін табу, элементтердің массалық үлесі бойынша заттардың формуласын шығару
Сабақ мақсаттары: заттар құрамындағы элементтердің массалық үлесін табу;
элементтердің массалық үлесі бойынша заттардың формуласын шығару.

Ұйымдастыру.

І. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасы мен бірлескен оқу ортасын құру.

І. Жеке жұмыс

Оқушыларға берілген суреттерді жай және күрделі заттарға жіктеуді тапсырыңыз және өз таңдауларының себебін түсіндіруді сұраңыз.

Оқушыларға берілген диаграммаларды заттардың химиялық формулаларымен сәйкестендіруді сұраңыз.

HCN O2 H2O HCl Fe

ІІ Жұптық жұмыс
Оқушыларға «нольдік қосынды» әдісін қолданып, дұрыс жазылған қосылыс формулаларын анықтауды ұсыныңыз.

Оқушылардан «дұрыс жауаптардың пайыздық мөлшері қаншаға тең?» екендігін сұраңыз.

ІІІ Топтық жұмыс
Оқушылардан берілген кестені толтырып, сұрақтарға жауап беруін сұраңыз.

Сұрақтар :
Кестедегі мәліметті пайдаланып ер балардың пайыздық құрамын қалай есептегеніңізді түсіндіріңіз.
Егер ер балалар мен қыз балалардың пайыздық құрамын қосса қандай сан шығады? Бұл сан барлық пайыздық құрам үшін тұрақты ма?

Оқушыларға заттар құрамындағы элементтердің массалық үлесін табудың алгоритмін бірге құруды ұсыңыз.

заттың химиялық формуласын білу;
зат құрамындағы элементтердің салыстырмалы атомдық массасын Периодтық жүйеден жазып алу;
заттың салыстырмалы молекулалық массасын есептеу;
әр элементтің массалық үлесін жеке есептеу.

Мұғалім оқушылармен бірге мысалдағы есепті орындайды.

Мысалы: калий перманганаты (KMnO4) құрамындағы элементтердің массалық үлесін есептеңіз?

Зат формуласы: KMnO4
Элементтердің салыстармалы атомдық массалары:
Ar(K)= 39
Ar(Mn)=55
Ar(O)=16 ×4=64 (оқушылар қосылыс құрамындағы оттек атомының санына назар аудару қажет)

Қосылыстың салыстырмалы молекулалық массасы:
Mr(KMnO4)= 158

Элементтердің массалық үлестері:

ω( K)= 39/158 ×100%= 24.7%

ω( Mn)= 55/158 ×100%= 34.8%

ω( O)= 64/158 ×100%= 40.5%

Оқушылар жеке жұмыс жасайды.

Оқушылардан «Элементтің пайыздық құрамы белгілі болғандағы зат формуласын қалай құрастыруға болады?» деген проблемалық сұрақ сұраңыз. Оқушылар өз жауаптарын ұсынады. Мысал ретінде келесі есепті ұсыныңыз. ......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру