Энергетикалық деңгейлер 1-сабақ (Химия, 8 сынып, I тоқсан)

 Энергетикалық деңгейлер 1-сабақ (Химия, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атомда электрондардың орналасуы
Сабақ тақырыбы: Энергетикалық деңгейлер 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 8.1.3.2 әр энергетикалық деңгейдегі электрондардың саны белгілі бір ең үлкен мәннен аспайтынын түсіну;
8.1.3.3 s және p-орбитальдарының пішінін білу;
8.1.3.4 алғашқы 20 элементтің электрондық конфигурациясы мен электронды-графикалық формулаларын жаза білу.
Сабақтың мақсаты: - атом құрылысын және элементтің энергетикалық деңгейлерін біледі
- электрондардың деңгейлерде орналасуын сипаттайды;
- атомның электрондық қабаттарының үлгісін жасайды және электронды бұлттардың суретін салады;

1. Ұйымдастыру сәті.
2. Психологиялық ахуалды жақсарту үшін . оқушылардан қандай жемістерден жақсы эмоция пайда болғанын сұраңыз және неге олай екендігі сұралады. Ол осы сабақтың жемістер сияқты жарқын және шырынды болуына ықпал жасайды. .
3. Сосын сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтылады.
Бүгінгі сабақта электрондардың атомдағы таралуын, s және p орбитальдардың электрондық және электронды-графикалық формулаларының түрлерін қарастырылады.
Өткенді қайталау:
Химиялық элемент дегеніміз не?
Оқушылар атом элементтің қасиеттерін сақтайтын ең кішкентай бөлшегі екенін, олардан молекулалардың түзетіндігін еске түсіреді.
- Атомның құрылысы қандай? Оқушылар атомның бөлшектерін еске түсіріп, оларға сипаттама береді.
Жаңа сабақ:
Оқушылармен келесі сұрақтар талқыланады және әрбір жағдай түсіндіріледі.
Атомдағы электрондардың орналасуы.
Химиялық реакциялар кезінде атомдарда қандай өзгерістер орын алады деп ойлайсыңдар?
Химиялық реакцияларда атомдардың ядроларында өзгерістер болмайды, атомдардың химиялық қасиеттері ең алдымен атомдардың электрондық қабаттарының құрылымына байланысты. Сондықтан атомдағы электрондардың таралуын егжей-тегжейлі қарастырамыз.
Электрондар энергетикалық деңгейлерде қалай орналасады?
Оқушылар осы сәтте өткен сабақтан белгілі атомдардағы электрондардың жай-күйін сипаттайды.
Атомдағы электрондардың олар жұтатын немесе белгілі бір мөлшерде шағылыстыратын, кванттар деп аталатын әртүрлі энергия қоры бар екендігін атайды.
Электрондық энергияның мәні тек бүтін мәндерді қабылдай алатын негізгі кванттық санымен берілетінін, осы энергетикалық деңгейлердегі максималды электрон сандарын анықтайтын формуланы атайды. Сосын әрбір қабаттағы сиятын электрондар санын атайды.
Электрондық бұлт дегеніміз не? Электрондық бұлттың түрлері қандай?
Бұл сұрақтың жауабын оқушылар білмейді. Сондықтан бұл сұрақтың жауабы оқушыларға түсіндіріледі. Яғни әр энергетикалық деңгей деңгейшеден тұратыны s, p, d, f орбитальдарының сипаттамасы айтылады.
s – деңгейшедегі электрондар ядро айналасында қозғалғанда пішіні дөңгелек, нүкте секілді сфералық электрондық бұлт түзеді.
p – деңгейшедегі электрондар көлденеңінен жатқан 8 саны секілді немесе гантель тәрізді электрондық бұлт түзеді.
d – деңгейшедегі электрондар х және у осьтерінде орналасқан пішіні күрделі 5 электрондық бұлт түзеді.
f – деңгейшедегі электрондар пішіні күрделі 7 электрондық бұлт түзеді. Бұл кезеңде тек қана s, p орбитальдарын ғана білу керек екендігі маңызды. Басқа электрон бұлттарының сипаттамасы жоғары сыныпта қарастырылады. Оқушылардың тақырыпты жақсы түсінуі үшін міндетті түрде атомдардың орбитальдарының суреті көрсетіледі.
Содан соң оқушыларға электрондық және графикалық формуланы жазудың айырмашылығын түсіндіріледі. Түсіндіру барысында мысал ретінде тек сутек, гелий, литий және оттек элементтерінің атомдарындағы электрондардың орналасуы, электрондық конфигурациясы мысал ретінде көрсетіледі.

Топтық жұмыс.
Сынып бірнеше шағын топтарға бөлінеді. Сосын оқушылар шағын топтарда реттік нөмірі 4-18 болып келетін элементтердің электрондық конфигурациясын жазады.
Әрбір топ дербес түрде элементтердің электронды-графикалық формулаларын ұсынады. Бұл деңгейде оқушылар өте көп қателесуі мүмкін, дегенмен келесі сабақта бұл қателіктер машықтану нәтижесінде жойылады

Бағалау:
Оқушылар тақтаға осы тақырып бойынша жазған тапсырмаларын ілінеді. Оқушылар түсініктемелер береді және бір-бірінің жауаптарын сағат тілі бойынша белгілеп әр дұрыс конфигурация мен графикалық формулаға 1 балл береді. Бұл кезде мұғалімнің қолдауы жеткілікті, нақты бағалау келесі сабақта жеке жұмыс жасағанда берілетін болады.

Лабораториялық жұмыс: Сынып 6 топқа бөлінеді. Әр топ зертханалық жұмыстарды жүргізу үшін материалдар мен жабдықтарды өздері берілген заттардың ішінен таңдап алады.. Әрбір топ үшін элементтер:
1-топ – литий, натрий;
2-топ – берилий, магний;
3-топ – бор, алюминий;
4-топ – көміртек, кремний;
5-топ – азот, фосфор;
6-топ – оттек, күкірт. . гейлерді электрондардың орналасу моделін жасайды. Орындалған тапсырманы тексерген соңәрбір топ дайындалған атомдардың үлгілерін сыныпқа ұсынады. Оқушылардың жасаған жұмысы негізіндеқорытынды жасалады........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру