№ 1 зертханалық жұмыс «Температуралары әр түрлi суды араластырғандағы жылу мөлшерлерін салыстыру» 1-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)

 № 1 зертханалық жұмыс «Температуралары әр түрлi суды араластырғандағы жылу мөлшерлерін салыстыру» 1-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жылулық құбылыстар
Сабақтың тақырыбы: № 1 зертханалық жұмыс «Температуралары әр түрлi суды араластырғандағы жылу мөлшерлерін салыстыру» 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.2.8 – жылу құбылыстарындағы энергияның сақталу және айналу заңын зерттеу;
8.1.3.2 – тәжірибені жүргізуге әсер ететін факторларды анықтау;
8.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар білуі тиіс:
• жылу құбылыстарындағы энергияның сақталу және айналу заңын зерттеу;
• тәжірибені жүргізуге әсер ететін факторларды анықтау.

1. Өткен материалды меңгергендерін тексеру мақсатында қайталау жүргізу. Оқушылар сұрақтарға ауызша жауап береді.
- Жылу мөлшері дегеніміз не?
-Меншікті жылу сыйымдылықтың физикалық мағынасы қандай?
-Графикті қолданып жылулық тепе-теңдік теңдеуін жазыңдар.

2. Ой қозғау.
Ыстық судың берген жылу мөлшері суық судың алған жылу мөлшеріне тең болады ма? Болмаса неліктен?
Оқушылардан ауызша болжам жасауларын сұрайды.
3. Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады:
• жылу құбылыстарындағы энергияның сақталу және айналу заңын зерттеу;
• тәжірибені жүргізуге әсер ететін факторларды анықтау.
4. Сабақты бекіту. Оқушылар жұппен зертханалық жұмыс орындайды. «Температуралары әр түрлi суды араластырғандағы жылу мөлшерлерін салыстыру»
Бағалау критерийлері:
1. Жылу құбылыстарындағы энергияның сақталу және айналу заңын зерттейді.
2. Жылулық тепе-теңдік формуласын есептеулер жүргізуде дұрыс қолдана алады.
3. Физикалық құрал-жабдықтармен өлшеу жұмыстарын жүргізе алады және құралдың абсолют қателігін анықтайды.
4. Тәжірибені жүргізуге әсер ететін факторларды анықтай алады.
Тапсырманы аяқтаған соң оқушылардың жауаптарына қарай кері байланыс ұйымдастырылады.Оқушылар жылу алмасу кезінде жылудың бір бөлігі қоршаған ортаға, ал бір бөлігі – жылу алмасу жүретін ыдысқа берілетінін түсінуі тиіс. ...........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру