Жылуөткізгіштікті қалай қолданады? (Жаратылыстану, 4 сынып, IV тоқсан)

 Жылуөткізгіштікті қалай қолданады? (Жаратылыстану, 4 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы.
Сабақтың тақырыбы: Жылуөткізгіштікті қалай қолданады?
Оқу мақсаты: түрлі материалдардың электрөткізгіштігін зерттеу;
зерттеу әдісін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін оның артықшылығы мен кемшілігіне байланысты негіздеу;
алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну.
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушы:
Оқушылардың көбі:
Оқушылардың кейбірі:
Жасаған зерттеу жұмысын қорытындылай алады;
Ойлануға берілген сұрақтарға дұрыс жауап бере алады;

Бөлімге кіріспе.
Жылуды қалай өткізеді?
Суретте не бейнеленген?
Оларға не ортақ?
Асүйде
Суретте не бейнеленген?
Ас пісіретін ыдыстарды неден жасайды?
Ыдыстардың негізгі бөлігі қандай материалдан жасалған?
Тұтқасын жасау үшін қандай материал қолданылған? Неліктен?
Ал қол күйіп қалмас үшін ыстық қазанды қалай ұстайды?
Сабақтың мақсатын және тақырыбын анықтау.
Сабақ тақырыбы:
Жылуөткізгіштікті қалай қолданады?
Сабақ мақсаттары:
жылуөткізгіштік қасиеті туралы білу;
жылуды өткізу қасиетіне қарай заттардың қолданылуымен танысу;
ҚБ. Мұғалімнің ауызша кері байланысы.
Зерттеу жұмысы
«Жылуды қандай материалдар мен заттар жақсы сақтайды?».
Зерттеу жұмысын бастамас бұрын сыныпты шағын топтарға бөліп аламын.
Бөлінген топтар зерттеу жұмыстарын жасайды және алған нәтижелерін өз араларында қорытындылайды.
Зерттеу сұрағы:
«Қай материалды қолдану арқылы жылуды ұзақ сақтауға болады?»
1. 1-ші үлкен стақанның түбіне фольганы умаждап салыңдар.
2. Кіші стақанды үлкен стақан ішіне орналасты¬р. (Олардың ернеуі бір деңгейде болуы керек, егер ернеулері теңеспесе, түбіне тағы фольга салыңдар)
3. Кіші стақан мен үлкен стақанның қабырғасының арасындағы саңылауды фольгамен толтырыңдар.
4. 2-ші үлкен стақанның түбіне мақта салыңдар.
5. Кіші стақанды үлкен стақан ішіне орналастырыңдар. (Олардың ернеуі бір деңгейде болуы керек, егер теңеспесе, түбіне тағы мақта салыңдар).
6. Кіші стақан мен үлкен стақан¬ның қабырғасының арасын мақтамен толтырыңдар.
7. 3-ші үлкен стақанның түбіне газетті умаждап салыңдар.
8. Кіші стақанды үлкен стақан ішіне орналастырыңдар. (Олар¬дың да ернеуі бір деңгейде болуы керек, егер теңеспесе, түбіне тағы газет салыңдар).
9. Кіші стақан мен үлкен стақанның қабырғасының арасын газетпен толтырыңдар.
10. Үш стақанға да жылы су құяды.
11. Стақандардың бетін целлофанмен жауып, оны кеңсе резеңкесімен бекітіңдер.
12. Енді стақан бетіне керіліп тұрған целлофанды сәл ғана тесіп, стақан ішіндегі суға термометр салыңдар
13. 5–7 ми¬нут уақыт күте отырып, нәтижені тіркеңдер.
14. Жасаған зерттеу жұмысына қорытынды жасаңдар........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру