Магниттік қасиеттер (Жаратылыстану, 3 сынып, IV тоқсан)

 Магниттік қасиеттер (Жаратылыстану, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы. Жарық, дыбыс, электрлік, магниттілік.
Сабақтың тақырыбы: Магниттік қасиеттер
Оқу мақсаты: 3.5.6.1 магнит көмегімен әртүрлі металдардың магниттелу қасиетін зерттеу
3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу.
Сабақтың мақсаты: Металдардың магниттелу қасиетімен танысады.

Кіріспе тапсырма. Магниттің қасиеттері жайлы білімдерін жаңғырту.
Топтық жұмыс. Қолжетімді ресурстар қолданып, магниттің қасиеттерін анықтау.
Әр топ магниттің қасиеттерін ашып көрсету үшін эксперимент жүргізеді. Оны түсіндіреді.
ҚБ: Топтардың өзара бағалауы
Магнит туралы не білеміз?
Талқылау сұрақтары:
• Магнитке қандай заттар тартылады?
• Магнитке қандай заттар тартылмайды?
• Магнит кедергі арқылы заттарды тарта ма?
• Магниттің күшін өзгертуге немесе оның магниттік қасиетін жоюға болады ма? (Егер магнитті ұрса немесе қыздырса, оның магниттік қасиеті жойылады.)
• Магниттерді қай салада пайдаланады? (Медицинада: МРТ, физиологиялық емдеу; зауыттарда, тұрмыста.)
Бөліктердегі полюс туралы ақпаратты талдау (суреті бойынша)
1. Магниттің неше полюсі бар? (Магниттің екі полюсі бар.)
2. Олар қалай аталады? (Солтүстік және оңтүстік.)
3. Олар қалай белгіленеді? (Солтүстік «N», оңтүстік «S».)
4. Олар қандай түспен боялады? (Солтүстік – көк, оңтүстік – қызыл.)
Практикалық жұмысты орындау:
Магниттердің өзара әрекеттесуін тексеру (Біртекті полюстар тебіледі, әртекті полюстар тартылады).
Зерттеу жұмысы.
Әр топқа заттардың жиынтығын (қайшы, бұрама шеге, қыстырғыш, кішкентай шеге, алюминий, мыс, болат сымдар, монета) тарату.
Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулықпен таныстыру
1) Магнитті үстелдің үстіне қою.
2) қайшыны бірнеше рет әрі тек бір бағытта ғана полюстерінің бірінің ортасынан шетіне қарай магнитке тигізе қозғау.
3) енді қайшыны кішкентай шегеге жақындату.
4) Зерттеуден кейін қайшының магниттелу нәтижесін талқылау. Оқушылар қайшы магниттік қасиетке ие болғанына көздерін жеткізеді, себебі ол кішкентай шегелерді тартады.
5) Басқа металл заттарды магниттеп көру.
6) Зерттеу нәтижесін тұжырымдау.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру