Дыбыс қайда тарайды? 1-сабақ (Жаратылыстану, 1 сынып, IV тоқсан)

 Дыбыс қайда тарайды? 1-сабақ (Жаратылыстану, 1 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дыбыс
Сабақтың тақырыбы: Дыбыс қайда тарайды? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 1.8.2.1.Дыбыс барлық бағыттарға таралатынын білу
Сабақтың мақсаттары: Әртүрлі ортада дыбыстың таралуын анықтауға үйрету.

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі.
Өткенді еске түсіру үшін оқушыларға сұрақтар ұсыну:
- Дыбыс қалай тарайды?
- Дыбыс суда қалай тарайды?
(Ұ, МК, Ө) Кіріспе тапсырма. Сабақты практикалық жұмыстан бастау. Оқушыларға музыкалық үшбұрышты/металл қасықтарды соғып көруге мүмкіндік беру. Содан соң оны суы бар ыдысқа салып соғып көруді ұсыну. Дыбыстарды салыстырту. Дыбыс судың ішінде де тарайтыны туралы қорытынды жасауға жетелеу.

Оқушыларға суреттерді көрсете отырып, сұрақтар қою:
- Суға сүңгіп көрдіңдер ме?
- Сол кезде қандай сезімде болдыңдар?
- Су астында қандай да дыбыстар естілді ме?
- Қалай естілді?
Мәлімет беру. Су астында естілген дыбыстар қатты және нақты болады.
- Кім балық аулауға барып көрді?
- -Балық аулағанда адам өзін қалай ұстау керек?
- Неге?
Қорытынды. Балық аулауға барғанда тыныштық сақтау керек. Себебі судың астында барлық дыбыстар естіледі. Балық үркиді
Қосымша мәлімет беру. Балық тербеліске өте сезімтал, сондықтан қауіпті сезгенде, тез қашып кетеді.
Зерттеу жұмысын ұйымдастыру.
Қауіпсіздік шарасын өткізу. Тәжірибе барысында пакетті қатты басуға болмайтынын ескерту. Ұқыпты болуды айту.
Екі ілгіші бар полиэтилен пакетін дайындау. Бірінші пакеттің жартысын құммен толтыру, қалған ауасын шығарып, жабу. Екінші пакет сумен толтыру, ауасын шығарып, аузын байлау. Алдымен құм салынған пакетті үстел үстіне қою. Бір оқушыға тиынмен үстелді тарсылдатып көруін, екіншісіне құмы бар пакетке құлағын тосып тыңдауын өтіну. Содан соң «Тиынның тарсылын естідің бе?» деп сұрау.
- Дыбыс қандай болды?
Бұл тәжірибені бірнеше жұп оқушылармен өткізу.
Енді үстелдің үстіне су құйылған пакетті қою. Бір оқушыға тиынмен үстелді тарсылдатып көруін, екіншісіне суы бар пакетке құлағын тосып тыңдауын өтіну. Дыбыстарды салыстырту.
- Не өзгерді?
«Дыбыс қатты денеде де, сұйықтықта да таралады» деген қорытындыға жетелеп алып келу.
Оқулықтағы тапсырманы орындауды ұсыну. «Эврика тиынның дыбысын ести ме?» Оқулықтағы суретке назарларын аудару. Трубка біркелкі екенін түсіндіру. Сурет бойынша металдың дыбыс өткізгіштігі жайлы әңгімелесу.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру