Табиғи ортада қандай қауіп-қатерлер бар? (Дүниетану, 3 сынып, IV тоқсан)

 Табиғи ортада қандай қауіп-қатерлер бар? (Дүниетану, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Су- тіршілік көзі»
Сабақ тақырыбы: Табиғи ортада қандай қауіп-қатерлер бар?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.1.4.3 Әр түрлі дереккөздердің негізінде табиғи ортадағы тәуекелдер мен қауіп-қатерлерді анықтау және бағалау.
3.1.4.4 Табиғи ортада өз қауіпсіздігін жоспарлау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар
• табиғи ортадағы қатерлерді анықтай алады;
• өзінің табиғи ортадағы қауіпсіздігін жоспарлай алады.

1. «Адасқан әріптер» ойыны (ұжымда)
«Қ», «А», «Т», «Е», «Р» сынып бөлмесіндегі 5 әріпті алдын ала тығып қойыңыз. Табылған әріптер тақтаға ілінеді. Әріптерден сөз құрауды сұраңыз. Оқушыларға "ҚАТЕР" сөзінің мағынасын түсіндіруді және "табиғаттағы қауіптер" тақырыбымен байланыстыра отырып мысалдар келтіруді ұсыныңыз.
Қорытынды жасаңыз.

Қатер - адамның өмір сүру ортасындағы қауіпті жағдайдың туындау мүмкіндігі.

2. «Еске түсіреміз» тапсырмасы (топта)
Әрбір топқа табиғи ортадағы қатерлермен байланысты тұрмыстық жағдайлар сипатталған карточкалар таратылады. Оқушылар өткен сабақтарда алған білімдеріне (табиғи катаклизмдер, табиғи катаклизмдер кезіндегі қауіпсіздік ережелері, табиғи және жасанды орта) сүйене отырып, шешу жолдарын тауып, қорытынды жасаулары тиіс.

3. Сабақ мақсатын анықтау
• Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады
• Сабақ мақсаты ұсынылады:
- табиғи ортадағы қатерді анықтай алады;
- өзінің табиғи ортадағы қауіпсіздігін жоспарлай алады.
4. «Мәселе сұрақ» стратегиясы (жеке, ұжымда)
Оқушыларға мәселе сұрақ қойып, сызбаға негіздей отырып жауап беруді ұсыныңыз.
«Қоршаған ортаның көптеген құбылыстары адам үшін қауіпті болуы мүмкін. Қауіп қайдан келуі мүмкін?»
Әр оқушы алдымен дәптерге өзі жауап жазуға тырысады, содан кейін ұжымға талқылауға салады.

Бағалау критерийлері:
- адамның өмір сүру ортасындағы қауіптердің пайда болу салаларын біледі.

5. «6 НЕГЕ» стратегиясы (топта)

Оқушылар 4-5 топқа бөлінеді. Әр топқа мәтін беріледі (дидактикалық материалды қараңыз).
Топта материалдарды зерттеу қажет. Топ мәтінінің мазмұны бойынша " неге..." деп басталатын 6 сұрақ құрастырып басқа топқа қояды.
Тапсырма қорытындыланады.
Бағалау критерийлері:
- табиғи, техногендік және экологиялық қатерлерді ажыратады;
- табиғи ортада қатерлерді анықтаудың маңыздылығын түсінеді.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру