Функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндері 1-сабақ (Алгебра, 10 сынып, IV тоқсан)

 Функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндері 1-сабақ (Алгебра, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.4А Туындының қолданылуы
Сабақ тақырыбы: Функцияның кесіндідегі ең үлкен және ең кіші мәндері 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.3.3.3 функцияның ең үлкен (ең кіші) мәндерін табуға байланысты қолданбалы есептер шығару;
Сабақтың мақсаты: функцияның ең үлкен (ең кіші) мәндерін табуға байланысты қолданбалы есептер шығару.

Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу
- Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау
- Үй тапсырмасын тексеру.
- Оқушыларды 3 топқа бөлу. Әр топтың оқушыларынан туынды табу ережелерін сұрау
Мақсаты. Формулаларды қайталау.
Бағалау. Ротация әдісімен бір - бірінің жұмысын тексереді.
Сабақ тақырыбы мен мақсатын, бағалау критерийлерін сұрақ түрінде оқушылармен бірге қарастыру.
Оңтайландыруға арналған тапсырманың шешу кестесін еске түсіру
1. Математикалық моделін құру.
Есеп функцияның тіліне «аударылады».
Ол үшін бізге қажетті шаманы f(x) функция сияқты өрнектелетін ыңғайлы х параметрін таңдайды;
2. Құрылған моделмен жұмыс.
Кейбір аралықта осы функцияның ең үлкен немесе ең кіші мәнін талдау құралдармен іздестіреді;
3. Есептің сұрағына жауап.
Алынған нәтижесінің (функциялар тілінде) қандай практикалық мағынасы (бастапқы тапсырманың терминдерінде) болатыны анықталады.
Жұптық жұмыс

Мақсаты: Шынайы өмірде кездесетін есептердің тиімді шешу жолын қолдана алу дағдыларын қалыптастыру.

Бағалау: Әр жұп өз жауаптарын тақтаға көрсетеді. Мұғалімнің дұрыс жауабымен топтар жұмысын тексереді.

Дескрипторлар:
• Берілген сандарды жаңа айнымалылармен өрнектейді
• функция құрады
• функцияның туындысын дұрыс табады
• минимум(максимум) нүктені анықтайды
• жауапты дұрыс табады......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру