Дұрыс көпбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлер радиустары (Геометрия, 9 сынып, IV тоқсан)

 Дұрыс көпбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлер радиустары (Геометрия, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Шеңбер. Көпбұрыштар
Сабақ тақырыбы: Дұрыс көпбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңберлер радиустары
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: дұрыс көпбұрыштың қабырғаларын, периметрін, ауданын және оған іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустарын байланыстыратын формулаларды білу және қолдану;
Сабақ мақсаттары: Дұрыс көпбұрыштың қабырғаларын, периметрін, ауданын және оған іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустарын байланыстыратын формулаларды қолданып есептерді шығарады.

1. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім оқушылармен сәлімдесіп, олардың сабаққа дайындығын тексереді.

2. Сабақ мақсатын қою
Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары мен бағалау критерийлері құрастырылып айтылады.

3. Проблемалық жағдай.
Дұрыс көпбұрыштың қабырғасының ұзындығы 8 см. Оған іштей және сырттай сызылған шеңберлердің радиустарын қалай табуға болады? Мұғалім оқушыларды жетелеу арқылы бірлесіп шығарады.

Есепті шешу қадамдарын тақтада қарастырып, оқушыларда сұрақ туғызған тұстары талқыланады.

Жаңа сабақты меңгерту

Топтық жұмыс

Оқушылар топтарға біріктіріледі. Әр топқа дұрыс көпбұрыштың қабырғасы мен оған іштей сызылған шеңбердің радиусының арасындағы байланысты және дұрыс көпбұрыштың қабырғасы мен оған сырттай сызылған шеңбердің радиусының арасындағы байланысты көрсететін формулаларды қорытып шығару ұсынылады.

Әр топ өз қорытындыларын басқа топтарға таныстырады. ......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру