Эмбриондық даму кезеңдері 2-сабақ (Биология, 8 сынып, IV тоқсан)

 Эмбриондық даму кезеңдері 2-сабақ (Биология, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өсу және даму
Сабақтың тақырыбы: Эмбриондық даму кезеңдері 2-сабақ (жаңа тақырыпты меңгерту)
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.2.3.1 эмбриондық даму кезеңдерін сипаттау
8.2.3.2 әр түрлі ұрық жапырақшаларынан қалыптасатын ұлпалар мен мүшелердің дифференциялануын сипаттау
Сабақтың мақсаттары: Эмбриондық даму сатыларына тән үдерістерді cипаттау
Ұлпалар мен мүшелердің ұрық жапырақшаларынан дамуын түсіндіру.
Мұғалім оқушылардан «ұрықтану» терминіне анықтама беруді сұрайды. Оқушылардың анықтамаларын толықтырып, оның нәтижесінде не пайда болатынын сұрайды. Оқушылар зигота деп жауап бергенде одан қалайша тірі ағза дамып шығады деп сұрайды. Мұғалім зиготаның түзілуі эмбриондық дамудың бастамасы екендігіне назар аудартады. Оқушылардың пікірлері тыңдалғаннан соң мұғалім сабақтың тақырыбы, мақсаты мен бағалау критерийлерімен таныстырады.

Мұғалім таныстырылымның көмегімен оқушыларға эмбриондық даму кезеңдеріне қысқаша сипаттама береді.
Әсіресе оқушылардың назарын эмбриондық даму кезеңдерінің әрқайсысында тек митоздық бөлінудің жүретініне аудару маңызды.
Мұғалім сынып оқушыларын 4 топқа бөледі.
1-топ: Бластула
2-топ: Гаструла
3-топ: Нейрула
4-топ: Органогенез сатысын зерттеп, басқа топтарға түсіндіреді.
Оқушыларға таныстырылым, видеоматериалдар мен ақпарат парақшалары, сызбалар ұсынылады.
Түсіндірме кезінде оқушылар таныстырылымды пайдалана алады.
Тыңдаушы оқушылар кесте немесе сызба толтырып, әр кезеңге тән үдерістерді жазып алады.
Кейбір оқушылар қосымша ақпарат көздерінен өз білімдерін тереңдете алады.
Мұғалім әр топ оқушыларына сұрақтар қойып, тиісті кері кері байланысты ұсынады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру