Ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктер тіршілігі. (Биология, 8 сынып, IV тоқсан)

 Ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктер тіршілігі. (Биология, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар: Көбею
Сабақтың тақырыбы: Ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктер тіршілігі.
Оқу мақсаттары: Оқушылар:
- ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік айналымдарының ерекшеліктерін түсіндіру
Сабақтың мақсаты: Оқушылар
- жыныстық (гаметофит) және жыныссыз (спорофит) ұрпағының ерекшеліктерін біледі.
- жабық тұқым өсімдіктерінің гаметофит пен спорофит ерекшеліктерін анықтайды.
1. Сыныпты ұйымдастыру.
Мұғалім мен оқушылар бір-бірімен амандасады, сыныпта жақсы жұмыс атмосферасын құру, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2. «Шақыру» кезеңі.
Өзектендіру, мақсатты болжамдау, мадақтау.
Суреттер/гербарийлер бар өсімдіктердің атаулары (ашық тұқымды және жабық тұқымды өсімдіктер). Сәйкестендіру тесті.

Споралы өсімдіктердің тіршілік циклін зерттедік.
Тұқымды өсімдіктердің тіршілік циклін зерттейміз.
Оқушыларға түрлі топтағы өсімдіктер суреттері көрсетіледі. Олар өсімдіктерді топтарға бөлу керек.

Мұғалім оқушыларға кеппешөптерді таратып, өсімдіктерді споралы және тұқымды өсімдіктерге бөлінуін ұсынып, ашықтұқымды және жабық тұқымды өсімдіктерге назарын аудартады.

Сабақтың тақырыбы, мақсатын анықтайды. Бағалау критерийлерін талқылау.
(I) Оқушыларға алдыңғы сабақта оқыған терминдерді олардың анықтамаларымен (карточкалармен жұмыс істеу) сәйкестендіру ұсынылады.

Бағалау: өзін-өзі/өзара бағалау. Тақтада дұрыс жауаптары көрсетіледі
Мұғалім оқушылардың қателескенін тексереді. Оқушыларға кері-байланыс береді.

(G) Оқушылар жұптық жұмыста «Шпаргалка» әдісі бойынша оқушыларға мәтінді оқу ұсынылады. Оның мазмұнын суреттердің, шартты белгілердің немесе схемалардың көмегімен беру қажет. Бұл шпаргалка мәтінді ойнату керек. Бұл шпаргалкалар (оқушылардың аты-жөндері жазылу керек) сыныптың басқа жұптарға беріледі. Содан кейін оқушылар өз қалауы бойынша мұғалімге келіп, сыныптың алдында шпоргалканы(постерді)қорғайды. Мұғалім сыныппен бірге, үздік шпаргалка мен баяндамашыларды атап өтеді.
Тапсырмалар:
Оқушылар 2 топқа бөлініп, Топтың ішінде 3 жұпқа бөлініп, төменгі тақырыпты қарастырады:
Оқушылар морфологиялық ерекшеліктерін зерттейді
Дескриптор:
1) Жаңа тақырыпты оқу, мазмұнын жұпта, кейін топта талқылайды(3мин).
2)Тақырыптарды өзара бөлу(1мин)
3) Әр жұпта шпоргалканы дайындау(8мин)....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру