Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымы (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІV тоқсан)

 Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымы (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті - дала өркениетінің мұрасы
Сабақ тақырыбы: Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.4.1.3 қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымын анықтау үшін «әдет-ғұрып» «рәсім», «салт-дәстүр», «діл (менталитет)» ұғымдарын пайдалану;
10.4.1.4 қазақ халқының рухани-адамгершілік құндылықтарын салт-дәстүрлерді зерттеу негізінде түсіндіру.
Сабақ мақсаты: қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымы туралы мәтіндерді оқып, маңыздылығы туралы ой тұжырымдау;
қазақ халқының рухани-адамгершілік құндылықтарын, салт-дәстүрлерін сақтаудың қажеттілігін түсіндіру.
(Б) Бастапқы стимул. Диалог.
Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымы қазіргі заманда қаншалықты өзгерген?
(болжамдарын тыңдау, әңгімелесу)
(Б) Ұйымдастыру сәті. Сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстыру. Әңгімелесу.
Зерттеу сұрағы:
Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымы қандай?
Қазақ халқының рухани-адамгершілік құндылықтарын қандай салт-дәстүрлер арқылы анықтауға болады?
Қазіргі кезеңде неліктен қазақ халқының рухани жаңғыруы өзекті мәселе?
(М) Қысқаша шолу.
Ұлттық діл, рухани құндылықтар, ұлттық салт-дәстүрлерлің қазіргі кезеңде көрініс табуы туралы проблемалы баяндау. (оқушылар қажетті ақпаратты жазып конспектілеп отырады)

(Б) Бейнематериалдан үзінді көріп ой бөлісу
- Сонымен рухани жаңғырудың құпиясы неде?
- Неліктен ұлттық мәдениетті сақтау керек?

Зерттеу мен талдау
(Д/Ж) А,В,С,Д дереккөздерімен өзіндік жұмыс.
(а) Дереккөздерін және біліміңізді қолданып, қазақ халқының дүниетанымы, ұлттық ділінің сақталуының қазіргі кезеңдегі маңызын түсіндіріңіз.
(в) Дереккөздерді және біліміңізді қолданып, қазіргі заманда қазақ халқының рухани-адамгершілік құндылықтарын, салт-дәстүрлерін не үшін жаңғырту қажеттігін түсіндіріңіз.
(с) «Қазақ халқының дәстүрлі рухани мәдениеті – ұлттық коды», - дейді ҚР тұңғыш Президенті Н.Назарбаев. Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Ойыңызды дәйектеп, ой толғаныс жазыңыз.
Дескрипторлары:
Деректерді оқып және білімін қолданып рухани құндылықтардың маңызын түсіндіріп, фактілер келтіреді;
Деректерді оқып және білімін қолданып рухани құндылықтарды сақтаудың қажеттілігін негіздейтін бірнеше дәйектер келтіреді, фактілер келтіреді;
Ұсынылған пікірді жақтау не жақтамау себептерін түсіндіретін дәйектер келтіріп, ой толғаныс жазады.
(Бұл тапсырма оқушылардың талдау, жинақтау, білімін қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған)
(Ф) дескрипторларға сәйкес өзара бағалау немесе өзін өзі бағалауды қолдануға болады. (с) тапсырмасы сонымен қатар, оқушылардың білімін интерпретациялауға мүмкіндік жасайды.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. kuanyshbekzhambaev
    kuanyshbekzhambaev 31.03.2021 17:04
    1 + 0 -
    Мен алғаш рет бұл сайтқа кіріп отырмын. Сабақтарыңыз өте жақсы жасалған. Сабақтарды құрастырған мұғалімдерге және осы сайт қызметкерлеріне көп-көп рахметт! Еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер.