Кеңестік кезеңдегі мәдениет саласындағы жетістіктер мен қайшылықтар 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІV тоқсан)

 Кеңестік кезеңдегі мәдениет саласындағы жетістіктер мен қайшылықтар 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мәдениет, білім және ғылымның дамуы
Сабақ тақырыбы: Кеңестік кезеңдегі мәдениет саласындағы жетістіктер мен қайшылықтар 2-сабақ
Оқу мақсатттары: 10.4.2.1 Кеңестік дәуірде Қазақстан мәдениет саласындағы жаңа бағыттарды және жанрларды анықтау
10.4.2.2 кеңестік дәуірдегі мәдениеттің даму ерекшеліктерін қорытындылай келе, жетістіктер мен қайшылықтарды талдау
Сабақ мақсаты:Кеңестік дәуірде Қазақстан мәдениет саласындағы жаңа бағыттарды және жанрларды анықтап, кеңестік дәуірдегі мәдениеттің даму ерекшеліктерін қорытындылай келе, жетістіктер мен қайшылықтарды талдау.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Зерттеу сұрақтары:
- Кеңестік дәуірдегі Қазақстан мәдениетінің ерекшеліктері неде болды?
- Кеңестік Қазақстанда мәдениет саласында қандай жетістіктер мен қайшылықтары болды?

(М) Сабақты келесі сұрақтарды талқылаудан бастаңыз: Мәдениетке идеология әсер етеді ме? Кеңестік идеология мәдениетте қалай көрініс тапты? Неліктен кеңестік кезеңде білім мен ғылым, өнер салалары қарқынды дамыды? Қалай?
(М) Оқушыларға мұғалімнің өзі социалистік реализм туралы түсіндіреді
(Т) Оқушылар мәтінмен танысып, қазақ кеңес әдебиеті өкілдерінің шығармалары қандай тақырыпта жазылғандығын анықтайды. Қалыптастырушы бағалаудың 1 тапсырмасын орындайды.
Дескриптор: мәтінмен танысып, қазақ кеңес әдебиеті өкілдерінің шығармалары қандай тақырыпта жазылғандығын анықтай алады.
(М) Әдебиет саласында дүниеге келген туындылар.
Оқушыларды негізгі әдеби шығармаларымен таныстыру.
Автор / Туындысы Туындыда көтерілген мәселелер
С.Сейфуллин

«Тар жол, тайғақ кешу» Шығарма 1916-1919 жж тарихи оқиғаларды суреттеген. Басты кейіпкер – Сәкеннің өзі. Жазушы тек тарихи оқиғаларды баяндап қоймай, әлеуметтік,саяси жайттарға тоқталып,тұрмыстық,этнографиялық ерекшеліктерді де көрсетеді.
Б. Майлин

«Күлпаш» Ашаршылық жылдарындағы нәубетті суреттейді. Қазақ шаруаларын күштеп ұжымдастырудың барысында қазақ шаруалары төрт - түлік малдан түгел жұрдай болып, ашыға бастады.
М. Әуезов

«Қараш-қараш оқиғасы» Ескі қазақ аулындағы әлеуметтік теңсіздік мәселесі. Бұл повесте зорлықшыл байлар - Сәлмен мен Жарасбайдан қорлық көрген ағайынды Бақтығұл мен Тектіғұлдың азапты тағдырлары арқылы танылады.
С.Мұқанов

«Ботагөз» Қазақ халқы өміріндегі төңкерістік ірі кезеңді бейнелеген шығарма. Қазақ халқының хал жайы Ресейдегі оқиғалармен байланыстырыла айтылады: Ресейдегі төңкеріс қозғалыстар мен ағымдар, XX ғ.б. Столыпин реакциясы, патшалық Ресейдің бірінші дүние жүзілік соғысқа араласуы......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру