Тарих және мәдениет ескерткіштері 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІV тоқсан)

 Тарих және мәдениет ескерткіштері 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өркениет: даму ерекшеліктері
Сабақ тақырыбы: Тарих және мәдениет ескерткіштері 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.1.5 дала өркениетінің белгілі тарихи және мәдени ескерткіштерін зерттеу
10.4.1.6 типологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, тарихи және мәдени ескерткіштерді классификациялау
Сабақ мақсаттары: Далалық өркениеттің атақты тарихи және мәдени ескерткіштерін зерттеу;
тарихи және мәдени ескерткіштерді олардың типологиялық ерекшеліктерін ескере отырып топтау.

Миға шабуыл. Бейнеролик арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтау

Сабақ тақырыбын анықтау, сабақ мақсаты мен оқу мақсаттарын айқындау.

Зерттеу сұрақтары:
- Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер қандай түрлерге бөлінеді?
- Тарихи-мәдени ескерткіштер дала өркениетінің ерекшелігін қалай сипаттайды?
БЫМ Оқушыларға Шараф-ад Дин Әли Маздидің «Жеңістер кітабында» жазылған немесе белгілі ғалым М.Е. Массонның Қожа Ахмет Йасауи кесенесі туралы мәліметінен үзінді беріңіз. Оқушыларға «Бұл мәліметтен қандай тың мағлұмат алдыңыздар? Ескерткішке қандай баға берілген? Сан ғасырлық тарихы бар басқа да қандай ескерткіштерді білесіздер?» деген сұрақтарға жауап алып, презентация арқылы толықтыруға болады және осы арқылы сабақ тақырыбына шығыңыз.
Массон бұл ескерткіш туралы былай деп жазды: «Жасалған құдіретті кесененің жоспары жағынан да, түпкі ойы жағынан да Орта Азияда ұқсасы жоқ, ол – бірегей. Бірақ оның көк тіреген зәулім тұрпатындағы ислам өнері жасап шығарған дәстүрлі сипаттың арғы жағынан дәуірге үндес пиғылдың сарыны еріксіз сезіледі... Көк тәңірісінің және жер патшасы дара билігінің бірлігін сәулет өнерінде жүзеге асыру идеясы сасанилік Персияның кезінде-ақ орын алған Византияның неғұрлым айқын ықпалы гүлденіп, Константинопольдің Әулие София ғибадатханасында бай көрініс тапқан....оны мұсылмандардың Айя – Софиясы деп толық негізбен атауға болады»

Ж/Т Оқушыларға тарихи ескерткіштерді қандай түрлерге бөліп қарастыруға болатынын талқылауға беріңіз.

Т Топтарға тарихи және мәдени ескерткіштер туралы мәлімет беріңіз ( Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы ҚР Заңы).
Тарих және мәдениет ескерткіштері мынадай түрлерге бөлінеді:
1) қала құрылысы және сәулет ескерткіштері;
2) археология ескерткіштері;
3) ансамбльдер.

Т Оқушыларды төрт топқа бөліп, әр топқа төмендегі тақырыптардың (тақырып ішінде 3 нысанды) және тапсырмалардың біреуін таңдап алуға беріңіз......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру