ХІХ ғ. екінші жартысындағы қазақ қоғамы 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)

 ХІХ ғ. екінші  жартысындағы қазақ қоғамы 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7С Қазақстан Ресей империясының құрамында
Сабақ тақырыбы: ХІХ ғ. екінші жартысындағы қазақ қоғамы 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.2.1.2 – ұлттық құндылықтарға отаршылдық саясаттың кері әсерін талдау;
Сабақ мақсаттары: «Зар заман» әдеби ағымы өкілдері шығармаларының басты мәселелерін анықтау.
Үй жұмысын қайталау.
«Ассоциация» ойыны. Мұғалім өткен тақырыптарды қайталау мақсатында кезекпен әр түрлі сөздерді атап, оқушыларға доп лақтырады. Оқушының міндеті – доп ұстап алғаннан кейін айтылған сөзге қатысты үш ассоциациялық сөздерді атау.
Кілт сөздер: Хан жәрмеңкесі, Ботов, Қоянды жәрмеңкесі, тұрақты сауда, мәдениет орталығы,т б
БЫМ. Ой шақыру.
Оқушыларға зар заман әдеби өкілі Дулат Бабатайұлының «Аягөз қайда барасың?» атты өлең шумағынан үзінді ұсынылып, сыныптық талқылау жүргізіледі.
Аягөз сенің бойыңда
Несібе ырыс тегіс қой,
Сай-салаң толған жеміс қой
Қырың малдың кіндігі
Ойың өнім егіс қой.
Айтуға ауыз келе ме
Аягөз кімнің жері еді?
Жер сауырын жайлауды
Ел сауыры дер еді
Жер кімдікі дегенде
Аға сұлтан қазылар
Не деп жауап береді....?
Бағыттаушы сұрақтар:
 Дулат Бабатайұлы туралы не білеміз?
 Өлеңнің негізгі идеясы қандай?
 Өлең шумақтарында қандай мәселелер көтеріледі?
М Оқушылар жауабы жаңа сабақтың тақырыбымен байланыстырылып, таныстырылады және оқу мақсаттары оқушылармен бірге талқыланады. Тарихи концепт пен зерттеу сұрағы назар аударылады.
Тарихи концепт: Дәлел
Зерттеу сұрағы: «Зар заман» өкілдерінің қоғамдық-саяси көзқарастары қандай факторлардың әсерінен қалыптасты?
М Мұғалім «зар заман» кезіңінің аталуы мен өкілдері туралы қысқаша түсіндіріп өтеді......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру