XIX ғ. екінші жартысындағы қазақ қоғамы 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)

 XIX ғ. екінші жартысындағы қазақ қоғамы 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3С Қазақстан Ресей империясының құрамында
Сабақ тақырыбы: XIX ғ. екінші жартысындағы қазақ қоғамы 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.1.2.3 қазақ зиялыларының қалыптасуының маңыздылығын түсіндіру
Сабақтың мақсаты: XIX ғ. қазақ зиялыларының ұлттық мүддені қорғаудағы ролін бағалау.
Ұйымдастыру сәті. Оқушыларды топтастыру.
Өткен материалды еске түсіру.
(Б) Оқушыларды осы сабақтағы басты зерттелетін мәселеге ойларын шоғырландырудан бұрын, өткен материалды еске түсіру үшін төмендегі кесте ұсынылып, «Үздіксіз сөйлеу» тапсырмасы орындалады.
1 «Зар-заман»
2 Д. Бабатайұлы
3 М. Мөңкеұлы
4 Ш. Қанайұлы
5 Орыстандыру
6 Қоныстандыру
7 Әдет-ғұрып
(М) Оқушылардың жауабы тыңдалып болғаннан кейін, бүгінгі өтетін тақырыптың алдыңғы тақырыптың жалғасы екендігі ескертіледі. Бүгінгі сабақта XIXғ қазақ даласындағы қазақ зиялылары мен олардың ұлттық мүддені қорғаудағы қызметі зерттелетіндігі туралы айтылады.
(М) Сабақтың тақырыбы оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері таныстырылады. Тарихи концепт пен зерттеу сұрағына назар аударылады.
 Тарихи концепт (фокус): дәлел
Зерттеу сұрағы: «Зар заман» өкілдерінің қоғамдық-саяси көзқарастары қандай факторлардың әсерінен қалыптасты?
Жаңа ұғымдармен жұмыс.
«Зерттеу мен талдау» бөлімін бастамас бұрын жаңа ұғымдардың мағынасын анықтау жұмыстары жүргізіледі.
Петиция - мемлекет басшысына немесе жоғары өкімет органының атына көпшілік атынан тапсырылатын жазбаша өтініш.
Мемлекеттік Дума - 1906-1917 жж. Ресей империясының заң жөнінде кеңес беретін заң шығарушы құқықтары шектеулі уәкілетті мекемесі.
Зиялы - адамның жоғары мәдениеттілігінің, ақыл-парасаты мен адамгершілік қасиеттерінің жиынтығын білдіретін ұғым.
Зерттеу мен талдау
(М) Сабақ тақырыбының мазмұнына ену мақсатында Қарқаралы петициясының негізгі талаптары жазылған
үзінді оқушыларға ұсынылып, сыныптық талқылау ұйымдастырылады.
-Қазақ зиялыларының қалыптасуының тарихи алғышарттары қандай?
-Қазақ зиялылары патша өкіметіне қандай талаптар қойды?
(М) Мұғалім оқушылардың жауабынан кейін қазақ зиялыларының Ресей Мемлекеттік Думасына қатысуы және қазақ зиялыларының көтерген мәселелері туралы қосымша ақпарат береді......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру