Жоңғар басқыншылығына қарсы Отан соғысының басталуы 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, І тоқсан)

 Жоңғар басқыншылығына қарсы Отан соғысының басталуы 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.1B XVIII ғасырдағы Қазақ хандығы
Сабақ тақырыбы: Жоңғар басқыншылығына қарсы Отан соғысының басталуы 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілген оқыту мақсаттары (оқу жоспарына сілтеме): 7.3.1.2 – Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау;
7.1.1.1 – Жоңғар шапқыншылығы кезінде демографиялық өзгерістерді және миграциялық процестерді түсіндіру;
7.2.2.1 – халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларының тарихи дереккөзі ретінде құндылығын бағалау
Сабақ мақсаты: Қазақ хандығының ішкі саясатын талдау.
М Алғашқы ынталандыратын материал түрінде бейнеролик пайдаланыңыз. Оқушыларға халық әні «Елім-ай»ды тыңдауларын сұраңыз. Осы әннің мәтіні туралы сынып оқушыларының арасында осы сұрақтар арқылы пікірталас ұйымдастырыңыз:
• Әнді тыңдағаннан кейін қандай ойлар туындады, көз алдыңызға не елестеді? Қандай сезім сезіндіңіз?
• Қожаберген жырау «Елім-ай» әнінде қандай оқиғаны сипаттайды деп ойлайсыз?
Оқушылардан сабақтың тақырыбы қандай болуы мүмкін екеніне болжау жасап, тақырыптың атауын анықтауларын сұраңыз.
М Сыныпқа «Жоңғар шапқыншылығы» тақырыбында бейнеклип көрсетіңіз. Оқушыларға келесі тапсырмаларды беріңіз:
1. Екі сөйлем көлемінде қысқаша түйіндеме жазу керек.
2. Қарастырылып отырған тарихи оқиғалардың өзегі болатын бір кілт сөзді анықтау керек.
3.Бейнероликке үш сұрақ құрастыру керек.
Т Бейнені талдап болғаннан кейін, оқушылар осы сұрақтарға жауап беру керек: Жоңғар басқыншылығының себептері қандай болды? XVIII ғасырдың бірінші жартысында Қазақ хандығының ішкі жағдайы қандай болды?
Зерттеу және талдау
Зерттеу үшін оқушыларды топтарға бөліңіз. Оқушыларды тиісті деректермен қамтамасыз етіңіз (Қосымша 1).
1-топ: XVIII ғасырдың бірінші жартысында Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайын анықтайды.
(Оқушылар, XVIII-ші ғ. Қазақ хандығында билік үшін күрестің болғанын, қазақ жерін басып алу үшін көрші мемлекеттерден қандай қауіп төнгенін, Қазақ хандығы қандай мемлекеттермен қандай мақсаттарға жету үшін қарым-қатынас орнатты деген мәселелерге жауап береді)
2-топ: Қазақ руларының не себептен өз жерлерін тастап көшіп кеткендерінің себептерін анықтап, көшіп кеткен бағыттарын көрсетеді. (XVIII ғасырда қазақ руларының жаппай көшуіне түрткі болған себептерді анықтайды).
Пирамиданы толтыру арқылы, дереккөздермен жұмысты ұйымдастыру (Қосымша 2):
1. Дереккөз не жайлы. Бір сөйлеммен сипаттау.
2. Негізгі оқиғалар
3. Негізгі ой
4. Айтылған тарихи тұлғалар
5.тарихи оқиға болған орынның атауы / географиялық белгісі (жер-су атаулары)
6. Қорытынды
7. Сұрақтар.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру