Түркі әлемі қалыптасуының басталуы (2-сабақ) (Қазақстан тарихы, 6 сынып, І тоқсан)

 Түркі әлемі қалыптасуының басталуы (2-сабақ) (Қазақстан тарихы, 6 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: VI – IX ғғ. Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Түркі әлемі қалыптасуының басталуы (2-сабақ)
Сабақтың мақсаты: Оқушылар:
• Түркі тілдес халықтардың әлеуметтік-экономикалық және демографиялық себептерін сипаттайды;
• Миграциялық үрдістердің тигізген өзгерістері мен салдарын анықтайды.
М Сабақты өткен материалды қайталаудан бастаңыз. Оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойыңыз:
• Миграция дегеніміз не? Миграцияның қандай түрлері бар?
• Қандай халық алғаш рет жаппай қоныс аударуды іске асырды? Не себепті?
• Қазіргі кезде адамдар миграция жасай ма? Неліктен?
Б Оқушылар өз жауаптарын келтіріп, өткен сабақта меңгерген білімін пайдаланады.
М Презентацияның көмегімен оқушыларды жаңа тақырыппен, оқу мақсаттарымен және бағалау критерилерімен таныстырыңыз.
ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ
1-тапсырма.
Т Түркі тілдес халықтардың миграция себептерін зерттеу мен талдау мақсатында оқушылар назарына түркітанушы Л.Н.Гумилевтың мақаласынан үзінді келтіруіңізге болады (Қосымша 1). Оқушыларды 3 топқа бөліңіз.
Дерекке арналған тапсырма:
1-топ: Мақаланың негізгі ойын 2 сөйлеммен түйіндеңіз және миграция себептерін атаңыз;
2-топ: Қоныстанушылардың жылжу жолдарын анықтаңыз;
3-топ: Миграция салдарынан Еуразия жерінде орын алған кем дегенде 3 өзгерісті сипаттаңыз.
Т Әрбір топ өз дәйектерін келтіріп, сұраққа жауап береді. Топтың басқа мүшелері жауаптарды толықтырып, қосымша сұрақтар қояды.
Интерпретация
2-тапсырма.
М Халықтардың миграциясы жөніндегі ғылыми мақаланы талдап болған соң, түркі тілдес халықтардың көшіп-қонуының себептерін қарастыруға кірісіңіз. Оқушылардан өткен сабақта қандай түркі халықтарының миграциясын зерттегенін сұраңыз. Зерттеген мемлекеттерді картадан көрсетуді өтініңіз. Осыдан кейін оқушылардың өткен сабақта жұмыс істеген кестені еске түсіріп, тақтадан көрсетіңіз. Олар миграцияның саяси себептерін анықтап, стикерге жазып, кестеге ілген болатын. Осы сабақта кестемен жұмыс жалғастырылады.
Т Оқушыларға түркі халықтарының қоныстануының себептері көрсетілген карточкалар топтамасын ұсыныңыз. Оқушылардың мақсаты карточкалардың мазмұнымен танысып, кестеге сәйкес орналастыру:
Миграцияның саяси себептері Миграцияның әлеуметтік-экономикалық себептері Миграцияның мәдени себептері Басқа себептер
Миграция себептерінің үлгісі
1. Бытыраңқы түркі тілдес тайпаларының бірігуі;
2. Жаңа тәуелсіз мемлекеттердің қалыптасуы;
3. Жаңа жайылымды жерлердің қажеттілігі;
4. Мал шаруашылығының қарқынды дамуы;
5. Жаңа тиімді жерлердің ізденісі;......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру