Табиғатты пайдалану түрлері №1 (10 сынып, I тоқсан)

 Табиғатты пайдалану түрлері №1 (10 сынып, I тоқсан)

Пән: География.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғатты пайдалану
Сабақ тақырыбы: Табиғатты пайдалану түрлері №1
Сабақ мақсаттары: Табиғат пайдалану қажеттілігін түсіндіру, оның түрлерін анықтау (шаруашылық түрі бойынша) және оны графикалық түрде ұсыну.
Тақтада суреттер арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын анықтайды. Мұғалім бүгінгі сабақтың мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстырады. Сабаққа қысқаша шолу жасалады. Оқушыларды топқа бөлу.
Жаңа сабақты меңгеру.
Миға шабуыл?
1. Табиғатты не үшін пайдаланамыз?
2. Табиғатты қорғау қажет пе?
Түсіндірме жұмыс. Мұғалім оқушыларға табиғатты пайдаланудың мақсатымен таныстырады.
Мәтінмен жұмыс. Оқушылар табиғатты пайдалу түрлерін, ұтымды және ұтымсыз пайдалану қажеттілігін айтады.
Топтық жұмыс. Дүниежүзінде табиғатты пайдалану туралы шағын зерттеу жүргізу.
1 топ – Жерді пайдалану;
2 топ – Суды пайдалану;
3 топ – Орманды пайдалану;
4 топ – Жануарлар дүниесін пайдалану;
5 топ – Табиғи рекреациялық ресурстарды пайдалану.
Бағалау критерийлері Дескрипторлар, оқушыға
Табиғатты пайдаланудың қажеттілігін түсіндіре алады. Табиғатты пайдалану шаруашылықтың қай саласында қолданылатының анықтау
Табиғат пайдаланудың мақсаты қандай
Табиғат пайдалану кезінде туындайтын мәселелер
Табиғатты пайдаланудың түрін анықта: ұтымды немесе ұтымсыз пайдаланама
Қазақстанда бұл табиғат пайдаланудың деңгейіне сипаттама жасаңдар
Болашақта бұл табиғат пайдаланудың қолданылуына болжам жасап көр.
Топтар өз жұмыстарын таныстырады. Топтар қорғап шыққаннан кейін, топтар бір-бірін бағалайды. 1 топ – 4 топты бағаласа, 2 топ – 3 топты бағалап шығады. Мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі. Мұғалім топтардың жұмысын қорытындылап шығады....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру