Оқу түрлерін қолдану Қыс (4 сынып, III тоқсан)

  Оқу түрлерін қолдану Қыс (4 сынып, III тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Табиғат құбылыстары
Сабақ тақырыбы: Оқу түрлерін қолдану Қыс
Оқу мақсаты: 4.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/ мәнерлеп/ теріп оқу;
4.1.4. 2 сөйлеу барысында иллюстрациялар/көрнекіліктер/ фото / суреттер қолдану;
4.2.2.1 шығарма мазмұны бойынша қолдануға (практикалық), бағалауға және шығармашылыққа негізделген сұрақтар қою және жауап беру.
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар: шығарманы түсініп оқиды, мазмұны бойынша сұрақтар қояды;
Көптеген оқушылар: сөйлеу барысында шығарма мазмұны бойынша суреттерді қолданады, шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды;
Кейбір оқушылар: шығармашылыққа негізделген сұрақтар қояды және оған дәлелдер келтіріп жауап береді.
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы
«Өзіңізге тілегенді басқаларға тілеңіз!»
Әр оқушыға 10-15 секунд уақыт аралығында ішінде өзіне бір немесе бірнеше ізгі тілек тілеу тапсырылады. Содан кейін қатысушылар жұпқа бөлініп, бір-бірінің қолынан алып, жаңағы өзіне тілегенді жұптасына айту керек. Тілектерді бір-біріне топ ішінде де айтуға болады.
Топқа бөліну
1-топ Желтоқсан
2-топ Қаңтар
3-топ Ақпан
Сабақтың ортасы
1- тапсырма
(Ө) «Поэзия минуты» әдісі арқылы өлеңді пайдаланып, жұмбақ айтыс ұйымдастыру.
1. Өлеңді мәнерлеп оқу
2. Жұмбақтар шешу
А) Қыста ғана болады,
Ұстасаң қол тоңады. (қар)
Ә) Тісі жоқ тістеп алады,
Қолы жоқ, сурет салады. (қырау)
Б) Көлге жапқан қақпақ,
Сіресіп тұр-
Қатты-ақ. (Мұз)
Саралау. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Кейбір оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқуда екпіннің дұрыс қойылуын, дауыс ырғағын көрсету қажет болады. Дайындалуға қосымша уақыт беріледі.
Б «Қол шапалақтау»
2- тапсырма
(Ө, ЖЖ) «Көршіңізге айтыңыз» әдісі.
Абайдың «Қыс» өлеңін оқушылар оқи отырып, қажетті ақпарат адам бейнесіндегі қысты сипаттаған тұсты белгілеп отыру тапсырылады. Өз бетінше оқуға 4-5 минут уақыт аралығы беріледі. Мәтіннен қажетті ақпаратты алу үшін оқушылар стикермен белгілеп отырып оқиды. Белгілеп алынған қажетті ақпаратқа стикерлер жапсырылады. Оқушылар өзінің мәтіннен стикермен белгілеп жинаған мәліметтерін көршісімен бөліседі.
Кестені толтыр Үлгі:
Өлеңдегі кейіптеуді пайдаланып, адам бейнесіндегі қысты сипаттап жаз.
Ақ киімді, ақ сақалды, түсі суық, басқан жері сықырлайды, үсті-басы ақ қырау, т.б
Саралау: Ынтымақта бірлікте жұмыс жасап, білгенін жолдастарымен бөлісіп, түйінді ойды, тақырыпты ортаға салып талқылайды.
Б. Түстер(жасыл,қызыл) арқылы бағалау
Оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалау арқылы әр оқушы өз жұмысында нені толықтыру керек, қандай өзгертулер енгізу керектігін анықтайды
3-тапсырма
Сұраққа жауап (ЖЖ) «Қағаздағы сұрақтар»
Әрқайсысы мәтін бойынша қағаз қиындысына өзі білгісі келген немесе өзі жауап бергісі келген сұрақтарды жазып, қалташаға салады. Араластырылған сұрақтар еркін түрде қатысушыларға таратылып беріледі. Әркім өзіне түскен сұрақтарға жауап береді.
Үлгі:
1. Абай суреттеген қыс қандай?
2. Ақын көктемді қалай суреттеген?
3. Қысты неге ашулы адам кейпіне теңеген?
4. Табиғат лирикасы дегенді қалай түсінесің?
Саралау: Сұраққа жауап беруде, кейбір оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді.
Б. «Жарайсыңдар!», «Өте жақсы», «Керемет!» сөздерімен мадақтау арқылы бағалау
4- тапсырма
(Т,Ұ) «Данышпан үкілер» стратегиясының
«Иллюстрациялық бейнелеу» әдісі бағыты бойынша суреттерді пайдаланып Абай суреттеген қатал қыстан қорғану іс-шараларынының тізімін жасауға тапсырма беру. Оқушыларға тақырыпқа байланысты суретті толықтыру ұсынылады. Бірлесе отыра топпен жұмыс жасайды. Дайын болған суреттерін топ алдында таныстырады.
Саралау: Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдайды, толықтырады.
Б: «Қол шапалақтау» әдісі арқылы бағалау......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру