Шығарманың композициясын анықтау «Су әзілді көтермейді» Мамытбек Қалдыбай (3 сынып, IV тоқсан)

  Шығарманың композициясын анықтау «Су әзілді көтермейді»  Мамытбек Қалдыбай (3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлімі: Су – тіршілік көзі
Сабақ тақырыбы: Шығарманың композициясын анықтау «Су әзілді көтермейді» Мамытбек Қалдыбай
Оқу мақсаттары: 3.2.5.1 көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтау
3.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар, көрнекіліктер, фотосуреттер қолдану
3.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: мәтіннің басталуын, дамуын және аяқталуын анықтап, мәтін бойынша иллюстрацияларды сөйлеу барысында қолданады
Көптеген оқушылар: мәтін бөліктерін анықтауда белгілі бір тұжырым жасай алады, себебін түсіндіреді
Кейбір оқушылар: мәтін мазмұнын өмірмен байланыстыра отырып, мысалдар ұсына алады.
Сабақтың басы
Ширату жаттығуы. Мұғалім сыныптағы 3 оқушыны ортаға шығарып, оларға (Балалар өзенге шомылуға келді. Олар суда шомылып, ойнады. Кешке үйлеріне тарқады) сөйлемлер жазылған карточканы ұстатады. Сөйлемдердің орындары ауыстырылған. Қалған оқушылар сөйлемдерді дұрыс орналастырады. Осы тапсырманы орындау арқылы сабақ мақсаты анықталады
Сабақ мақсатын бірге анықтау: Сөйлемдерді неге өзгерттік?
Бұл жаттығудан қандай сабақ мақсатын анықтауға болады?
Сабақ мақсаты: мәтіннің басталуын, дамуын және аяқталуын анықтап, мәтін бойынша иллюстрацияларды сөйлеу барысында қолданады
Бағалау критерийімен таныстыру.
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
(Ө). «Көремін-естимін-сеземін»әдісі.
«Сумен әзілдеуге бола ма?» Бұл сұраққа суретке қарап жауап бер.
1.Әрбір оқушы А4 парағына (естимін, көремін, сеземін) деп жазып, сурет бойынша қағазға жазады (толтырады). Алдымен оларға өз жауаптары туралы ойлануына уақыт беріледі.
2. Оқушылар 4 адамнан бірігіп топтасады және әрбір жолаққа жазғандарын оқиды (суретте нені көрді, қандай дауысты естіді, нені сезді), жалпы талқылаудан өздерінің жазғандарын толықтыруларына болады.
3. Әрбір топ өздерінің құрған сызба нұсқасын оқиды, қалған оқушылар тыңдайды, толықтырады.
Нұсқалар: Оқушылар 3 топқа бірігеді және «Көремін» немесе «Естимін» немесе «Сеземін» сызбасының тек бір ғана қырын қарайды, содан кейін әр топ өздерінің жұмыстарына таныстырылым жасайды.
«Көремін-естимін-сеземін» сызбасы
Саралау: қабілеттері әр түрлі оқушылар біріктіріледі. Белсенді оқушы көмекті қажет ететін оқушыға өзара оқыту арқылы қолдау көрсетіледі.
ҚБ: Мен ………. деген өз ойымды өзгерттім.
Мен …………. туралы көп білдім.
Мені …… таң қалдырды.
Мен … сездім.
Мен………… басқаша қарайтын болдым
2-тапсырма
(Ө) «Су әзілді көтермейді» мәтінінің басталуын, дамуын және аяқталуын анықтап оқы.
1. Оқушыларға түрлі-түсті стикерлер таратылады. Мәтінді оқи отырып, басына, ортасына, аяғына белгі қояды.
2. Барлық оқушылар оқып болғаннан кейін, оқу тілін зерделей алуға жұмыс жүргізіледі, мысалы: (шомылу, суға бойлау, қалжырау) түсініксіз сөздерді түсіндіріледі;
3.Оқушылардан өз ойларын, пікірлерін пысықтау үшін немесе автордың жазғанын ой елегінен өткізу үшін мәтінді шолу тапсырылады;
4.Қажеттілігіне қарай мәтін бойынша бірнеше сұрақтар қойылады.
 Әңгімедегі кейіпкерлердің жасы нешеде деп ойлайсың?
 Автор әңгімені кімнің атынан баяндап отыр?
 Кейіпкердің достарының әрекеті дұрыс деп ойлайсың ба? Неге?
 Достарына қандай кеңес берер едің?
 Сен кейіпкер орнында болсаң не істер едің?
Саралау: Диалог және қолдану тәсілі арқылы тапсырманы орындау барысында жан-жақты нақты көмек қажет ететін оқушыға мәтін мазмұны бойынша жекелей сұрақ қоя отырып, қолдау көрсетіледі.
Қ/Б: «От шашу» әдісімен өз жұмыстарын бағалайды.
3-тапсырма
(Т) «Оқиға шыңы» әдісі. «Су әзілді көтермейді» мәтініндегі оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтап жаз.
1. Оқушыларды топтарға бөліп, оқиға шыңы кестесі беріледі. Пирамиданың келесі бөлктеріне солдан оңға қарай шығарманың мазмұны бойынша оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтайды.
2. Кестені толтырып болған соң, топтар бір-бірінің жұмыстарын қарап шығады. Жұмысты дұрыс деп санаса (жасыл), түзетулер қажет деп есептес (сары) стикер жабыстырады.
3. Әр топ жұмыстарын қайта алып, басқа топтардың бағларымен келісетінін/келіспейтінін айтып, өз жұмыстарын қорғайды.
Саралау: орындауда қарқыны төмен, көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі.
Қ/Б: «Жарайсың», «Тамаша», «Жақсы» сөздерімен мадақтау арқылы бағалау.
4-тапсырма
(Ж) Берілген мақалдарды қатыстырып, судағы қауіпсіздік жайлы әңгіме құрастыр. Әңгімеңе ат қой.
1. Оқушыларға төмендегі мақалдар жазылған карточкалар таратылады.
2. (ЖЖ,Т) Жазған әңгімелері бойынша жұптар жұмыстарын, топта талқылайды.
3.Өз жұмыстарын қортындылап, өзіндік баға береді.
4. Судағы қауіпсіздік туралы бейнебаян көрсетіліп, қортынды жасалады.
Саралау: Қарқын тәсілі арқылы. Қарқыны жылдам кейбір оқушыларға мазмұны бойынша қосымша кейіпкердің мінезіне баға беруді тапсыруға болады. Біршама уақытты талап ететін оқушыларға тапсырма терең түсіндіріледі.
Қ/Б: «От шашу». Әр топ бірін-бірі тыңдай отырып бағаларын береді. Жарайсыңдар! Керемет! Мадақтау сөздерімен ауызша мадақталады...............


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру