Шығарманың жоспарын құру «Өнер» Роза Әбілқадырова (3 сынып, III тоқсан)

 Шығарманың жоспарын құру «Өнер» Роза Әбілқадырова (3 сынып, III тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өнер
Сабақ тақырыбы: Шығарманың жоспарын құру «Өнер» Роза Әбілқадырова
Оқу мақсаттары: 3.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып жоспар құру
3.2.1.1 мәтінді дауыстап түсініп/ рөлге бөліп/ мәнерлеп/ теріп оқу
3.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар/ көрнекіліктер/ фото / суреттер қолдану
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманы түсініп оқып, логикалық бөліктерге бөлу, жоспар құру және сөйлеу барысында суреттерді қолдану.
Көптеген оқушылар: бөліктерге бөліп, жоспар құруда өз тұжырымдарын ұсына алады.
Кейбір оқушылар: дәлелдер келтіре отырып, бөліктерге бөледі, бөлімдерге ат қояды.
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы
(Ұ) «Кoмплимeнттep бұpқacыны» әдici. Oқyшылap бepiлгeн yaқыт iшiндe (1-1,5 минyт) бip пapaқ қaғaзғa өздepiнiң қанадй «өнерді» жақсы көретіндерін жaзaды. Жaзып бoлғaн coң oқyшылap бұл пapaқтapды дoмaлaқтaп, дoмaлaқ қapмeн aтысқан сияқты бip-бipiнe лaқтыpyы кepeк. Oқyшылapғa бip-бipдeн «қap дoмaлaғын» aшып, ішіндегі сөзді oқиды. Кoмплимeнттepдi бapлық oқyшылapдың кeзeктeciп oқyынa дa бoлaды.
Оқу мақсатын анықтау: Қандай өнер түрлері туралы айтылды? Біздің сынып оқушылары өнердің қандай түрін көбірек ұнатады? Неге бұл сұраққа жауап іздедік?
Сабақ мақсаты: шығарманы түсініп оқып, логикалық бөліктерге бөлу, жоспар құру және сөйлеу барысында суреттерді қолдану. Бағалау критерийімен таныстыру.
Сабақтың ортасы
1- тапсырма
(Ө). «Белгіле» әдісі. Роза Әбілқадырованың «Өнер» мәтіні.
1. Жоспар құру үшін мәтінді бөліктерге бөліп, түсініп оқу тапсырылды.
2. Оқи отырып бөлген бөліктерге белгі қою үшін стикерлер жабыстырады. Оқуға 4-5 минут уақыт аралығы беріледі.
Саралау: қарқын тәсілі арқылы cараланады. Кейбір оқушыларға қосымша уақыт беріледі.
Б: Өзіндік бағалау. Бағдаршам түстері арқылы оқушылар өздерін бағалайды.
2-тапмсырма
(Т,ЖЖ) Ағаштан бұйым жасау туралы Қасымбектің ойы әңгіменің басында қандай еді? Ортасында және соңында қалай өзгереді? Кестедегі үлгіге сүйеніп, ары қарай толықтыр.
1. Алдыңғы тапсырмадағы стикерлерді қолданып, кестені топта толтырады.
Кейіпкер Әңгіменің басында
не ойлайды? Әңгіменің соңында ойы
қалай өзгерді? Әңгіменің ортасында ойы
қалай өзгерді?
Қасымбек Ағаш жонып, шеге
қағуда
өнер болып па?
2. Жұмыс аяқталған соң топтар өз жұмыстарын ортаға салады.
Саралау: диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы сараланады. Кейбір оқушыларға жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі.
Б: «Смайликпен» бағалау әдісі. Топтар бір –бірін тыңдайды, стикерлерге смайликтер суретін салып, оны бағаланған топ үстеліне жапсырады.
3-тапсырма
(Т) 1. Мұғалім әр топқа кестеге сүйене отырып мәтін бөліктері бойынша, жоспар құруды ұсынады.
2. Оқушыларға жоспар құрып өз ойларын жинақтауға уақыт беріледі. Ойлануға 30 cекунд уақыт беріледі.
3. Топ ішінде оқушылар мәтін бөліктерін ретімен орналастыру арқылы жоспар құрайды.
4. Топтардың жоспарын сыныппен талқылап, мұғалімнің көмегімен дұрыс жоспар құрылады.
Саралау: Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, не түсінгендеріне көз жеткізу.
Б: «Пантомима» Сөзсіз қимыл көрсету арқылы, өздерін бағалайды.
4-тапсырма
(Т) «Көршіңізге айтыңыз» әдісі. Суреттегі бейнелерді құрған жоспармен байланыстыр. Суретте бейнеленген оқиға бөліктерін (эпизодты) әңгімеден тауып оқы. Әңгімеге тағы бір оқиға қосып, өз ойыңмен аяқта.
1. Мұғалім жұмыстың орындалуын түсіндіреді.
2.Оқушылар өзінің құрған жоспарларымен суретті байланыстырады. Әр суреттің астына жоспарды жазады.
3. Неге «ол» суретті «сол» жоспармен байланыстырғанын суретті пайдалана отырып түсіндіреді.
Саралау: Қабілеті төмен оқушылардың тапсырма орындауына көмек беріледі, ал қабілетті оқушылар өтілген тақырып бойынша өз тұжырым жасауға ынталандырылады.
Б «Бағдаршам»
Сабақтан алған әсерлерін төмендегі түстер арқылы көрсету:
Жасыл түс – сабақтан жаңа идеялар байқадым.
Сары түс – жаңа сабаққа көңілім толды.
Қызыл түс – бүгінгі сабақ сезіміме ерекше әсер етті......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру