Шығармадағы оқиғаны болжау «Ерекше сурет» Жәди Шәкенұлы (3 сынып, III тоқсан)

  Шығармадағы оқиғаны болжау  «Ерекше сурет» Жәди Шәкенұлы  (3 сынып, III тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өнер
Сабақ тақырыбы: Шығармадағы оқиғаны болжау «Ерекше сурет» Жәди Шәкенұлы
Оқу мақсаттары: 3.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау 3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: мәтіндегі оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды, өз ойын жеткізеді.
Көптеген оқушылар: сюжеттің дамуын анықтауда кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне баға береді,. өз ойын жеткізуде көркем -бейнелі сөздерді қолданады.
Кейбір оқушылар:көркем-бейнелі сөздерді орынды қолданып, өз ойын жеткізеді, өмірмен байланыстырады.
Сабақтың басы
Ширату жаттығуы: (Ұ) «Броундық қозғалыс» ойыны. Сынып ішіне қағазға жазылған сөздер жасырылады.. Оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп, берілген тақырып бойынша сөздерді жинайды. Сөздердің үлгісі: (Өнер алды - қызыл тіл).
- Сөздерді құрастырып мақалды оқиды. Шыққан сөздер бойынша ойларын ортаға салып, талқылайды. Сөздердің көркем-бейнелі сөздер екенін ашады.
Сабақтың мақсаты: мәтіндегі оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжап, көркем-бейнелі сөздерді қолданып өз ойын жеткізеді. Бағалау критерийімен таныстыру.
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
(Ұ; Т; МК) «Белгі қойып оқы» әдісі. Жәди Шәкенұлының «Ерекше сурет» мәтінінен көркем-бейнелі сөздерді тауып , белгі қойып оқы.
1. (Ө). Өз бетінше оқуға 5-7 минут уақыт аралығы беріледі. Оқи отырып түсініксіз немесе көркем-бейнелі сөздерді белгілейді.
2. (МТ). Оқу алдында мұғалім мәтінде кездесетін түсініксіз немесе көркем-бейнелі сөздердің 1-2 талдау жасайды. Сөздер тақтаға жазылып іліп қойылады: қаннен-қаперсіз, олақ.
Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы ұжымның ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыға сөзбен қолдау көрсетіледі.
Б: «Басбармақ» әдісі арқылы өзіндік бағалау жүргізіледі.
2-тапсырма
(Ұ; Т; МК) «Қақпа» әдісі. Мәтінен белгілеген көркем-бейнелі сөздердің мағынасын түсіндір.
1. (Т,ЖЖ) Мәтінді оқып болған соң оқушылар өздерінің белгілеген сөздерін топта талқылайды.
2. (МТ) Талқылау аяқталғаннан кейін мұғалім тақтада қақпаның суреті мен кестені іліп қояды. Сыныпты екі топқа бөледі.
3. Мұғалім мәтін мазмұнынан бір сөзді немесе сөз тіркестерін айтады. Оқушылар сол сөздер бойынша берілген кестені толтырады. Жұмыс барысында оқушылардың рөлдерін ауыстырып отырған дұрыс.
Сөз Біз қалай түсіндік Сөйлем құрастыр Сөздіктегі мағынасы
Саралау: «Қорытынды» тәсілі бойынша көркем бейнелі сөздерді анықтауда, өз пікірін айтуда әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін.
Б: Толтырылған кестелерді өзара тексереді. Топтар бір-бірін бағалайды.
3-тапсырма
(Т,Ұ) «Кезбе тілші» әдісі
Мәтіндегі оқиғаларға сүйеніп Ерлан қандай сурет салды деп ойлайсың?
1. Берілген сұрақ бойынша оқушылар өз топтарында ортақ бір шешімге келеді. Топтың барлық мүшелерінің ойы тыңдалады.
2. Әр топ өз жұмыстарын «Кезбе тілші» әдісі бойынша таныстырып шығады. Әр топтан бір тілші жіберіледі. Тілші сұрақты қояды, оқушылар өз жауаптарын береді. Тілші ретінде микрофон ұстаған оқушы жіберіледі. Микрофонды оқушыларға мұғалім береді. Тілші ретінді 4 оқушы таңдалады. Тілшілер кезекпен барлық топтарды тыңдайды.
3. Барлық топтардың жұмыстары тыңдалады. Тілшілер өздеріне ұнаған бір жауаппен бөліседі.
Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы топтың ішіндегі қолдауды қажет ететін оқушыға мәтін мазмұнына байланысты жетелеуші сұрақтар қоя отырып қолдау көрсетіледі.
Б. Мадақтама. Оқушылардың берілген тапсырма бойынша орындаған іс-әрекетін «Тамаша!» «Жарайсың!» «Керемет!» сөздерімен бағалау.
4- тапсырма
(Ө)«Сөйлеу құрылымдары» әдісі. «Егер мен суретші болсам...» деген тақырыпта шағын әңгіме жаз. Әңгіме жазу барысында мәтіндегі көркем-бейнелі сөздерді қолдан.
«Менің ойымша, ............ мұның себебі............»,
«Мысалы, ................»,
«Сонымен қатар, менің айтайын дегенім.............» сияқты кіріспе сөздер тізбегі берілген.
1. Оқушылар тапсырманы жеке орындайды.
2. Жазғандары бойынша барлық ұжымға өз еріктері бойынша оқып береді.
Саралау: «Қорытынды» тәсілі бойынша әңгіме құрастыруда әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескеріле отырып, жауаптар қабылданады.
Б: «От шашу» әдісі арқылы оқушылар жазғандарына талдау жасап, өздерін бағалау ұсынылады......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру