Бердібек Соқпақбаев «Қамқорлық» (3 сынып, I токсан)

 Бердібек Соқпақбаев «Қамқорлық» (3 сынып, I токсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Жанды табиғат
Сабақ тақырыбы: Қамқорлық. Бердібек Соқпақбаев «Қамқорлық»
Оқу мақсаты: 3.2.8.2 мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация, музыка(күй), мультфильм) нұсқасымен салыстыру;
3.2.2.1 қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген сұрақтар қою және жауап беру.
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар:.мәтін мазмұынын түсінеді, сұрақтар қояды және жауап береді;
Көптеген оқушылар: Көркем шығарманы басқа үлгідегі нұсқасымен салыстыра сипаттайды;
Кейбір оқушылар: қолдануға, бағалауға негізделген сұрақтар қояды және оған жауап береді, өз ойын көркем –бейнелі сөздерді қолдану арқылы жеткізеді.
Сабақ барысы:
Сабақтың басы
0-5 Ширату тапсырмасы.
Оқушыларды құстардың атауын «1, 2, 3, 4, 5» санақ жүргізу арқылы 5 топқа бірігеді.
1-топ: «Үкі»
2-топ: «Тоқылдақ»
3-топ: «Бүркіт»
4-топ: «Сауысқан»
5-топ: «Жапалақ»
«Жарнама жасау» әдісі арқылы сәйкес келген құстары жайлы әр топ сипаттама береді .Біздің құстарға қандай көмегіміз бар? (оқушы үнін тыңдау)
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру
Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
(МК, Ұ) «Кір жайғыш» әдісі арқылы жұмбақтарды шешеді. Жұмбақтар конвертке жасырылады, кір жайғыштан алады.
• Күндіз тіпті ұшпайды,
Түнде тышқан ұстайды,
Көзі шамға ұқсайды. (үкі)
• Өзі баспай, басқаға
Жұмыртқадан бастыратын,
Қайталап өз атын,
Қулығын асыратын. (көкек)
• Аққу емес, мойны ұзын,
Тырна да емес, сирақты,
Аулайды балық күнұзын,
Түсіреді еске жирафты (көкқұтан)
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
(Б) оқушылар бірін – бірі смайлик арқылы бағалайды
(МК, Ұ) «Пікірлер ағашы» стратегиясымен Бердібек Соқпақбаев туралы не білетінін ағашқа жазады. (алдын ала берілген тапсырма)
1.Ол кім?
2.Қайда туған
3.Қандай қызмет атқарған?
4.Қандай шығармаларын білесің?
Автор туралы: Бердібек Соқпақбаев – балалар жазушысы. Алматы облысы Райымбек ауданында туған. Балаларға арналған «Менің атым-Қожа»деген қызықты шығармасы бар.
2-тапсырма
(МК, Т) «Бағытталған оқу» әдісімен мәтінмен жұмыс жүргізіледі. Алғашқы екі азат жолын мұғалім оқып береді. Оқиғаның соңын болжайды. Оқушылар оқулықтан мәтінді түсініп оқып шығады. «Сұраққа жетіп ал» әдісімен оқылған мәтін бойынша суретке қарап, тапсырмаларды орындайды. Сұраққа жауап беру барысында мүмкіндігінше көркем – бейнелі сөздерді қолданып жауап береді.
Тапсырмалар:
• Осы суретте мәтіндегі қандай оқиға бейнеленген?
• Мәтінге сүйеніп, суреттегі торғайдың халін сипатта.
• Сенде торғайды аяушылық сезімі пайда болды ма? Неліктен?
• Жантастың әрекеті дұрыс па? «Менің ойымша, ...», «Менің айтайын дегенім, ...», «Өз пікірімді айтар болсам, ...» деген сөз тіркестерін қолдану арқылы өз пікіріңді білдір.
• Мәтін қалай аталып тұрғанына мән бер. Бұл сөз қай кейіпкерге қатысты? Дәлелде.
• Ж. Аймауытовтың «Қараторғай» мәтінімен салыстыр
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.
 мәтінді түсініп оқиды;
 мәтін бойынша сұрақтар қояды;
 мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.
 шығармалардың ұқсастығын анықтайды;
 шығармалардың айырмашылығын сипаттайды.
 сөйлеу барысында көркем – бейнелі сөздерді қолданады.
3-тапсырма
(МК, ЖЖ) «Әңгіме» әдісіне сүйеніп кестені толтырады.
Мәтін Авторлары Кейіпкерлері Негізгі ойы
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Оқушылар бірге жұмыс жасап, ақпаратты іздеуге немесе өз идеяларын айтуға үйренеді. Мәтін құрастыруда кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.
(Б) оқушылар бірін – бірі бағдаршам арқылы бағалайды......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру