Көркем шығарма элементтерін салыстыру (3 сынып, I тоқсан)

 Көркем шығарма элементтерін салыстыру (3 сынып, I тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Жанды табиғат» ортақ тақырыбы
Сабақ тақырыбы: 2.8. Көркем шығарма элементтерін салыстыру
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.2.8.2 Мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі /иллюстрация/ музыка (күй) /мультфильм нұсқасымен салыстыру
3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау
3.3.3.1 Шығармашылық жұмысын сурет/ сценарий түрінде ұсыну
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен аңыздың үзіндісін мультфильм нұсқасымен салыстырып, жанрлық ерекшеліктерін анықтап, мәтін бойынша сурет салады
Көптеген оқушылар: аңыздың үзіндісі мен мультфильм нұсқасының нәтижелерін салыстырады және өз пікірлерін айтады
Кейбір оқушылар: тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіріп, талдау жасай алады.
Сабақ барысы:
Сабақтың басы
3 мин (Ұ) Ширату жаттығуы: «Броундық қозғалыс». Нұсқау: Сынып ішіне тақырыпқа қатысты суреттер орналастырылады. Оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғалып жүріп, суреттерді жинайды.
«Миға шабуыл» әдісі. Қойылған проблеманы оқушылардың шығармашылық белсенділігіне сүйене отырып шешуге бағытталған. Берілген сұраққа әр оқушы жауап бере алады.
- - Бұл суреттер кім туралы?
- - Оны қайдан білесіңдер?
- Бүгінгі сабағымыздың мақсаты «Ақсақ құлан» туралы мультфильм көреміз және аңызды оқып салыстырамыз. Мәтін бойынша сурет саламыз.
Сабақтың ортасы
Көрейік (ЖЖ) «Ақсақ құлан» мультфильмін көре отырып, кейіпкерлердің сөздеріне, іс-әрекеттеріне көңіл бөл.
«Кейіпкерлер әлемі» (Ж) ойыны. Ойын шарты: оқушылар жұпқа бөлінеді. Әр жұп мультфильмдегі кейіпкерлерді таңдап алады. Мазмұны бойынша жұптар сұрақтар қоұрастырады. Сұрақтардың мазмұны мультфильмдегі кейіпкерлермен, орын алған оқиғалармен байланысты болу мүмкін немесе өзгеше құрастыруы да мүмкін.
1. Кейіпкерлерді таңдау (Кейіпкерді әр оқушы өзі таңдайды)
2. Жұптар бір –біріне сұрақ қояды. (оқиғаға байланысты немесе өзгеше болуы мүмкін)
Қ/Б:Мұғалім тарапынан кері байланыс (мадақтау).
Ұтымды сұрақ пен мәнді жауап бағаланады.
Жарайсың! Өте ұтымды сұрақ қойдың. Мәнді жауабың үшін ризамыз.
Оқиық. (Ө) «Үштік әдіс» (Ойлан, жұптас, бөліс).
«Ақсақ құлан» аңызы. Аңыздан мультфильмге сәйкес келетін бөлімді анықтап, стикермен белгілеп, түсініп оқу тапсырылады.
1. Әр оқушы аңызды оқып керекті ақпаратты табады.
2.Өзінің жинаған ақпараттарын жұбымен ақылдасып, ойларын сәйкестендіреді.
3. Жұппен талқылаған мәтіндегі ақпаратты топта талқылап, қорытынды жасайды. Өз пікірлерімен бөліседі.
(Ө) (Ойлан) – Мәтінді оқы. Сәйкес келетін бөлімді анықта.
-Не байқадың? Кейіпкерлердің әрекеті қалай? Өзгешелігі неде деп ойлайсың?
(ЖЖ) (Жұптас) – Мәтін бойынша белгіленген бөлікті қайта қара. Ойларыңды бір –біріңмен сәйкестендір.
(Т) (Бөліс) – Аңызды оқығаннан кейін қандай ойға келдіңдер? Кейіпкерлердің іс – әрекетіне көңіл бөліңдер. Мультфильмдегі нұсқасымен салыстырады.
ҚБ: «Бас бармақ» әдісі.
Енді осы білгендеріңді төмендегі органайзерге саламыз.
Салыстырайық. (Т). «Даралық, ұқсастық» әдісі арқылы ұйымдастырылады. «Графикалық органайзер» арқылы аңыз бен мультфильмнің нұсқасын саластыра отырып, толтырады.
1. Аңыз бойынша белгіленген бөлікті қайта шолып өтіп, «аңыз» бөлігін толтырады.
2. «Мультфильм» бөлігінде толтырады.
3. Ортаға олардың ұқсастығын, айырмашылығын жазады.
Толтырған органайзерді ортаға шығып әр топ қорғайды.
ҚБ «Смайликпен» бағалау әдісі. Топтар бір –бірін тыңдайды, стикерлерге смайликтер суретін салып, оны бағаланған топ үстеліне жапсырады
Салайық. (Т). «Галлереяға саяхат» Оқыған және көрген аңыз бойынша сурет сал.
1. Аңызда өзіңе ұнаған кейіпкеріңнің немесе оқиғаның суретін сал.
2.Салған суреттерің бойынша «галлерея» ұйымдастыр.
3. Салған суретіңді қорға.
Қ/Б: «Жетістік» баспалдағымен өзін-өзі бағалайды.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру