Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі 7-сабақ (8 сынып, II тоқсан )

 Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға»  өлеңі 7-сабақ (8 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Көркем әдебиет және эпикалық сарын
Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Жастарға» өлеңі 7-сабақ
Оқу мақсаты: Б/С2. Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру.
Сабақ мақсаты:
Оқушылар:
Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырады,
жаңашылдығына баға береді.
Сабақ барысы:
Миға шабуыл
«Ақпаратты іріктеп, тұжырымдау» әдісі
Сынып оқушылары «Youtube 03.05.13 Шәкәрім Құдайбердіұлы» бейнежазбасын (https://www.youtube.com/watch?v=dkgtiWUyOtU) көріп, «Ақпаратты іріктеп, тұжырымдау» әдісі бойынша тың ақпараттарды дәптерлеріне жазып отырады. Екі минут бейнежазба көргеннен кейін «Шәкәрім бойына рухани құндылықты кімнен сіңірген?»тақырыбында ой бөлісіп, бейнежазба бойынша пікір алмасады.Талдау аяқталған соң мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды.
Бағалау критерийі Дескриптор
Шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдап, автор стилін анықтай алады. 1.автор стилін анықтайды;
2. стильдік ерекшелігін табады;
3. көркемдегіш құралдардың қолданысын талдайды.
2.Қызығушылығын ояту
1-тапсырма
«Суретті болжау» әдісі
Интерактивті тақтадан сурет көрсетіледі. Сынып оқушылары сурет бойынша бір-бірімен пікір алмасады. Пікір алмасу аяқталған соң жеке суретті талдауға арналған жұмыс парағын толтырады.
1-қадам: Бақылау
Суретті 2 минут ішінде зертте. Суреттен алған жалпы әсерді сипатта, содан соң оның жеке элементтеріне назар аудар. Суретті жеке бөліктерге бөліп, не көргеніңді жаз.
адамдар нысандар іс-әрекеттер
2-қадам: Қорытынды
Өз бақылауыңның негізінде үш нәрсені көрсетіп, суреттен қорытынды шығарып жаз.
3-қадам: Сұрақтар
Берілген сурет бойынша қандай сұрақтар туындайды? 2 сұрақ жаз.
Мұғалім қабілеті жоғары оқушыны топ спикері болуға бағыттайды.
3. Мағынаны тану
2-тапсырма
«Жолаушының қойын дәптері» тәсілі
1- қадам: Оқушыларға 3 бөліктен тұратын кестені сызып, бірінші бөлікке сабақта не туралы сөйлескенін, екінші бөлікке не туралы жазғанын, үшінші бөлікке қандай шешімге келгенін, не түйгенін жазады.
2-қадам: Кестеге жазғанын жанындағы жұбына оқиды, бір – бірінің жауаптарын тыңдап, ой бөліседі.
Не туралы сөйлестік? Не туралы жаздық? Қандай шешімге келдік?
4. Бекіту
3-тапсырма
Шығармашылық ізденіс
Оқушылар шығарма мазмұны бойынша топпен «Шығармада көрініс тапқан рухани құндылықтар» атты шағын жобалық жұмыс жазады. Жұмыстың өмірмен байланысы болуы керек. Жобада «Жастарға» шығармасының жаңашылдығына заманауи тұрғыда баға береді.
Қабілеті орта оқушыға сараптама жасауды, қабілеті орта оқушыға бақылаушы болуды ұсыныңыз.
5.Салыстыру
4-тапсырма.
«ПОПС» формуласы
Оқушыларға Шәкәрім Құдайбердіұлының «Ей, жастар, қалай дейсің бұл дүние...» өлең нұсқасы таратылады.
«Ей жастар! Қалай дейсің бұл дүние,
Мұны бүйтіп жаратқан қандай кие?
Білімсіз мақсұтсыздан шыққан болса,
Мақсұт, білім, ой шығар бар ма жүйе?
Керексіз жаралған бір тозаңы жоқ,
Тәртібі таң қаларлық зор мәшине.
Алыстан іздемей ақ ойласаңыз,
Көру үшін жаралған көзіңіз де».
Сонымен қатар Яссауи тобының орындауындағы «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» әнін тыңдайды. Сынып оқушылары әнді тыңдап, өлең нұсқасымен танысқаннан кейін «Жастарға», «Ей, жастар, қалай дейсің бұл дүние...» өлеңдерін, «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» әнін салыстырып, үш шығарма бойынша өз ойларын талқыға салады.
Талдау сұрақтары:
 Ақын шығармаларында материалдық және рухани құндылықтардың қайсысы басымдылық танытады?
 Ақын өлеңінің өз заманындағы жаңашылдығы неде?
 Шәкәрім шығармаларының біздің заманымыздағы маңыздылығы қандай?
Талдау сұрақтарын «ПОПС» формуласы бойынша тұжырымдап қорытындылайды.
«Менің ойымша, бұл...»
«Себебі, мен оны былай түсіндірер едім...»
«Оны мен мына мысалдармен дәлелдей аламын...»
«Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...».
Қабілеті жоғары оқушыға сараптама жасауды ұсыныңыз.
6.Бағалау
5-тапсырма
«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сұрақтары»
1.Оқылған шығарма мазмұнын еске түсіру:
Шығарма не туралы?
2.Оқиғалар, идеялар, деректер, құндылықтар арасындағы байланысты анықтау және ойын түсіндіру:
Шығармадағы ең басты құндылық не?
3.Қолдану: Сіз шығарма авторының орнында болсаңыз қайтер едіңіз?
4.Талдау: Шығарма авторының жастар бойынан көргісі келген қасиеттерді атаңыз.
5.Жинақтау: Алынған ақпаратқа толық логикалық қорытынды жасау, шығармадағы материалдық және рухани құндылықтың байланысын толық түсіну.
6.Бағалау: алынған ақпаратқа пікірталас жасай отырып, жеке өзіндік көзқарастарын қалыптастыру. Шығарма жаңашылдығын, құндылықтарды сұрақтарға жауап беру арқылы ашады, қорытады, бағалайды.
Қабілеті жоғары оқушылар топ спикері болады......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру