Ш Құдайбердіұлы «Еңлік- Кебек» дастаны 7-сабақ (8 сынып, II тоқсан )
Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Көркем әдебиет және эпикалық сарын
Сабақтың тақырыбы: Ш Құдайбердіұлы «Еңлік- Кебек» дастаны 7-сабақ
Оқу мақсаты: Т/Ж3. Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу.
Сабақ мақсаты:
Оқушылар:
Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктейді.
Сабақ барысы:
1.Миға шабуыл
Тапсырма «Аквариум» әдісі арқылы орындалады. Тапсырманы орындау үшін мұғалім сыныптың ортасына оқушыларды өз қалауымен шығарады. Әр топтан екі оқушы шығады. Сыныптың ортасына 8 оқушыға арналған үстел мен орындық қойылады. Бұл оқушылар жазушының суреттеуі бойынша Еңлік пен Кебектің суретін салуы керек. Барлық оқушылардың қолдарына жазушы сипаттаған кейіпкерлер бейнесі жазылған үлестірме қағаз таратылады. Олардың міндеттері сурет салатын оқушылардың тапсырманы қалай орындап жатқанын бақылау. Оқушылар сынып бөлмесінде еркін жүріп, сурет салып жатқан оқушылардың жұмыстарына қарай алады. Белгіленген уақытта шығарма үзіндісі бойынша оқушылар кейіпкерлердің суретін аяқтайды да, басқа сыныптастары олардың жұмыстары жайлы өз ойларын, пікірлерін, ұсыныстарын айтады. Ең жақсы сурет тақтаға ілінеді. Оқушылар пікір алмасып болғаннан кейін мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында тапсырмалар бойынша мақсатты нәтижеге жету үшін бағалау критерийін жасайды.
Бағалау критерийі Дескриптор
• кейіпкер табиғатын таниды;
• тура/жанама мінездеулерді жіктей алады. 1.кейіпкерге тән мінездемелерді оқиды;
2.тура/жанама мінездеу екенін анықтайды;
3.кейіпкер мінезін беріп тұрған тілдік тәсілді түсіндіреді.
2.Қызығушылығын ояту
1-тапсырма «60 секунд» тәсілі
Оқушылардың дастан үзіндісіндегі Еңлік бейнесін сипаттайтын жолдар арқылы мінездеме беруі үшін «60 секунд» тәсілі қолданылады. Оқушылар бірінші үзіндідегі Еңліктің әрекетін сипаттайтын жолдарды тауып дәптерлеріне жазады. Тапсырманың бұл кезеңі жеке орындалады. Уақыт аяқталғаннан кейін өз жұмыстарын жұбына көрсетіп бір- бірімен пікір алмасып, кейіпкер бейнесін сипаттайтын сөздерді топтастырады. Топтастырған сөздер арқылы Еңліктің сипаттама бейнесін суреттейтін сөз тіркестерін жазады. Сөз тіркестерінен сөйлем құрастырып, Еңлікке мінездеме береді. Дайындаған мінездемелерін «Әңгіме кестесі - 3» әдісі бойынша басқа жұппен алмастырып толықтырады. Бір оқушы үш оқушының Еңлікке жазған мінездемесін оқуы керек. Тапсырманың қорытындысында оқушылар әр оқушы өздері оқыған үш жұмыстан бір жұмысты таңдап алады. Таңдаған жұмыстарын сынып оқушыларына таныстырып, бағалауға тапсырады.
Қабілеті жоғары оқушыға Еңліктің әрекетіне мінездеме беру үшін сұрақ құрастырады, деңгейі орта оқушы сұраққа жауап береді.
3. Мағынаны тану
2-тапсырма.
«Кейіпке ену» әдісі
Оқушыларға «дала», «еркіндік», «ауыл», «мінез-құлық» сөздері жазылған үлестірме қағаздар таратылады. Оқушылар осы сөздер бойынша топқа бірігеді. Бір топта 4 оқушы болуы керек. Кебек пен Еңліктің мінез-құлқындағы ерекшелікті талдау үшін топтағы оқушылар «Кейіпке ену» әдісі бойынша рөлдерді бөліп алады. 1-оқушы: таныстырушы – Еңліктің Кебекті ең алғаш көргендегі мінез-құлқын дастанмен байланыстыра отырып жеткізеді. 2-оқушы:байланыстырушы - Кебектің Еңліктің сөзінен кейінгі мінез-құлқын дастанмен байланыстыра отырып сипаттайды. 3-оқушы:салыстырушы – Кебектің мінезін өмірдегі өзі білетін оқиғалармен салыстырады. 4-оқушы:суретші – Кебектің суретін шығармаға қарамай ойша салады.
4. Бекіту
3-тапсырма
«Көршілер» әдісі
Оқушылар шеңбер жасап отырады. Алдымен оқушылар «Шәкәрім туралы тың деректер» бейнежазылымын көреді. (https://www.youtube.com/watch?v=wQr7CzmN4SY .Содан кейін дастан үзіндісін бір минут іштен оқиды. Уақыт аяқталған кезде бірінші оқушы оқығаны мен көргенінен алған әсері жайлы жанындағы жұбына айтады. Ол оның ойын жазып алып, өз ойын бірінші оқушының ойымен байланыстырып келесі оқушыға айтады. Осылайша шеңбердегі оқушылар өз ойларын басқалардың ойларымен толықтырып айтып шығады. Барлық оқушы шеңбер бойынша айналып, пікір алмасқаннан кейін төрт топқа бірігеді. Оқушыларға қосымша «Образдың жасалу жолдары» мақаласы таратылады. Мақалаға сүйене отырып бірінші топ оқушылары дастандағы Еңліктің, екінші топ - Кебектің, үшінші топ - Нысан абыздың, төртінші топ - Көбейдің іс -әрекеті арқылы тұлғалық болмысын анықтап, «Кейіпкерлер кестесін» толтырады.
Кейіпкерлер Тура мінездеу Жанама мінездеу
Еңлік
Кебек
Нысан абыз
Көбей
5.Салыстыру
4- тапсырма
«Түстеу» әдісі
Интерактивті тақтадан «шымбайына бату, іштей есеп қылу, сыр білдіру,махаббат, азаматтық, намыс» сөздері көрсетіледі. Сынып оқушылары сөздердің мағынасын ашып, ойларын айтады. Сөздердің мағынасын ашып талдағаннан кейін, сөздер бойына болжам тақырыптарын шығарады. Оқушылар төрт адамнан тұратын топқа бөлінеді. Топ мүшелеріне тапсырма нұсқасы таратылады. Оқушылар өздерінің болжам тақырыптарын тапсырма тақырыптармен салыстырып, болжамдарының дұрыстығын тексереді. «Түстеу» әдісі бойынша Еңлік мен Кебек бейнесін «Атым Кебек дегенде жалт қарады...», «Жасы бала болса да, жаны отты...» тақырыптарына сәйкестендіріп, олардың бойындағы ерекшелікті салыстырып анықтайды. Екі бейнені салыстыру құрылымын әр топ мүшелер өздері ойлап табады. Топтардың бейнелерді салыстырып жеткізуі бір-біріне ұқсамауы керек. Салыстыру диаграмма , кластер, карта түрінде болуы мүмкін.
6.Бағалау
5-тапсырма
Топ мүшелері ойларын постерге түсіріп, сынып алдына шығып, өз жұмыстарын қорғайды. Постер бойынша жұмыстарын қорғағаннан кейін оқушылар өз жұмыстарын кестедегі сұрақтарға жауап бере отырып бағалайды.
Сенің көршің бүгін қандай үш жұмысты жақсы меңгерді? Сенің көршің бүгін нені ерекше білгісі келді? Сенің көршің дастандағы кейіпкерлер туралы қандай ой айтты?
Топ мүшелері кестені екінші топтың спикеріне тапсырады. Әр топтың спикерлері жеке үстелдерге отырып, сабақ барысындағы тапсырмаларға бағалау критерийі бойынша сараптама жасап, нәтижесін шығарады.
Мұғалім топ спикерлеріне қабілеті жоғары оқушыларды бағыттайды......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: сабақ жоспары Ш Құдайбердіұлы «Еңлік- Кебек» дастаны 7-сабақ 8 сынып қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары, Ш Құдайбердіұлы «Еңлік- Кебек» дастаны 7-сабақ