Ахмет Йассауи мен Абай мұрасындағы идеялық үндестік (8 сынып, I тоқсан )

 Ахмет Йассауи мен Абай мұрасындағы идеялық үндестік  (8 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Дананың сөзі - ақылдың көзі
Сабақтың тақырыбы: Ахмет Йассауи мен Абай мұрасындағы идеялық үндестік
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:
• Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу;
• Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау.
Сабақтың мақсаттары:
• Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктейді;
• Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды.
Сабақ барысы:
І. Қызығушылықты ояту кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
Үй тапсырмасын сұрау.
Жұптасу: түрлі-түсті кілттер арқылы
Бірдей түсті кілтке ие болған оқушылар жұп құрайды.
Мұғалім: осы кілттер арқылы біз бүгінгі сабақта Ахмет Йассауи мен Абай мұрасының сырын ашып, жұмбағын шешеміз.
Миға шабуыл:
Сіздердің түсініктеріңіздегі «Нағыз адам» кім? Қандай? Не істейді?
Мұғалім сыныптың бір қабырғасына адам сұлбасы салынған үлкен ақ плакатты іліп қояды. Әр жұп ойланып өз жауаптарын сөз немесе сөз тіркесі түрінде түрлі-түсті қаламмен жазып кетеді.
Соңында бірнеше оқушы және мұғалім барлық жазылған ақпараттарды оқып, кері байланыс береді.
ІІ Мағынаны тану кезеңі
1-әрекет. «Зерттеу алаңы» ЖЖ.
Оқушылар ғаламтор, мұғалім ұсынған ресурстар көмегімен «толық адам» ілімімен танысады.
2-әрекет. «Анықтау алаңы»Ж.
Жұптағы 1-оқушы Ахмет Йассауи хикметтеріндегі, 2-оқушы Абай өлеңдері мен 17-қарасөзіндегі «Толық адам(Нағыз адам)» бейнесіне қатысты тура және жанама мінездеулерді тауып, 1,2- шеңберге жазады.
3-әрекет. «Талдау алаңы» ЖЖ.
Жұптағы оқушылар тапқан деректерін салыстыра талдап, диалог құрады. Ахмет Йассауи мен Абайға ортақ идеялар, тура, жанама мінездеулерді үшінші шеңберге жазады.
Бағалау критерийі Дескрипторлар
Шығармада берілген тура және жанама мінездеулерді анықтайды; «Толық адам» бейнесіне қатысты автор қолданған тура мінездеулерді анықтайды;
«Толық адам» бейнесіне қатысты автор қолданған жанама мінездеулерді анықтайды;
А. Йассауи мен Абай шығармаларының идеясына салыстырмалы талдау жасайды. А. Йассауи мен Абай шығармаларындағы ортақ идеяны айқындайды;
Ортақ идеяны танытатын тілдік бірліктерді жазады.
Қалыптастырушы бағалау:
Бір жұп екінші жұпқа өз жұмыстарын ұсынады, таныстырады. Жұмыс критерийлерге сай болса,
белгісін, ұсыныстары болса, жазып белгісін қояды.
ІІІ. Ойтолғаныс кезеңі. 5 минуттық эссе.
«Ұлылар мұрасы – ұрпаққа үлгі»
Оқушылар берілген тақырыпта өз қорытынды ойларын жазып, ақындар мұрасына баға береді.
Бағалау критерийі Дескрипторлар
Тарихи және көркемдік құндылығына баға бере алады. Ақындар мұрасына баға береді (олар несімен құнды?);
Үзінділер арқылы ойын дәлелдейді;
Метафора, теңеу, эпитетті орынды қолданады.
Қалыптастырушы бағалау:
оқушылар топ ішінде сағат тілі бойымен бір-бірінің жұмысын оқып, тақтаға үздігін шығарады. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру