«Үш қиян» өлеңіндегі ерлік пен елдік (8 сынып, II тоқсан )

  «Үш қиян» өлеңіндегі ерлік пен елдік  (8 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Көркем әдебиет және эпикалық сарын
Сабақтың тақырыбы: «Үш қиян» өлеңіндегі ерлік пен елдік
Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттары: (Оқу бағдарламасына сілтеме) А/И3. Көркем шығарманың тілі
Сабақ мақсаты: Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту
Конверттегі сұрақ
1.Оқушыларға «Үш қиян» өлеңінде аты аталатын (Асанқайғы, Қазтуған, Орақ, Мамай, Телағыс, Шора, т.б.) тұлғаларға қатысты 2 сұрақ құрастырады.
2. Оқушы стикерге атын және жауабын жазады, осыдан кейін конверт келесі оқушыға ауысып отырады.
3. Стикерлерді жинап, бірнеше жауап дауыстап оқылады, сынып белгілі бір сұрақтың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды.
Мысалы:
1.Өлеңдегі Әз Жәнібек ханның қала тұрғызудағы әрекетін ақын қалай сипаттайды?
2. Батырлардың Еламан биге жүгінуіне себепші болған қандай оқиға?
3. Автор белгілі бір тұлғаның шынайы сипатын танытуда қандай құралдарды қолданған?
Сабақ тақырыбы мен мақсатын болжау сұрақтары:
1. Талдаған сұрақтар сіздерге ой тастады ма?
2. Бүгін сабақта өлеңде көтерілетін қандай мәселені талқылауымыз мүмкін?
3. Өлеңде көтерілетін елдік, ерлік мәселесін айқындау үшін қандай оқу мақсатымен жұмыс жасаймыз деп ойлайсыз?
Сабақ тақырыбы мен мақсаты таныстырылады.
Мағынаны тану
1-тапсырма.
1. Көркемдегіш құралдармен жұмыс жасату үшін мұғалім бұрынғы алған теориялық білімдерін еске түсіруге шақырады.
А--------------------------------------------
А--------------------------------------------
А--------------------------------------------
Қ--------------------------------------------
Қ--------------------------------------------
Қ--------------------------------------------
Мен---------------------------------
Мен-----------------------------------
------------------------------------- деп,
------------------------------------ деп.
2. Мәтін мазмұны бойынша бұрын талданбаған, анықтауға қиындық туғызатын көркемдегіш құралдар туралы түсінік береді.

2-тапсырма. Қазына іздеу
1. Оқушыларға топта жаттығу жүргізу үшін «Үш қиян» өлеңінің мәтіні таратылады немесе оқулықпен жұмыс жасайды.
2. Өлең мазмұны бойынша олардың іздейтін қазыналарының сипаттамалары беріледі. Қазына ретінде көркемдегіш құралдар: теңеу, эпитет, метафора, риторикалық сұрақ;
қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, психологиялық параллелизмді;
ақын тіліндегі сөз түрлері: көнерген сөздер, фразеологизмдер, дисфемизм, эвфемизм, шешендік сөздерді, т.б. тауып, қолдану ерекшелігіне талдау жасайды. Оқушылар әрбір қазынаны тауып талдағаннан кейін, автор стилін анықтайды.
3-тапсырма.
Мұрат жас кезінен жиын тойға үнемі араласып, өлең айтуға машықтана бастайды, ел ішінде: “шешен, тапқыр бала" атанып жүреді. Көп ұзамай ол айтысқа да түседі. Мұрат айтыстың асқан шебері болумен қатар үлкен эпик ақын.
Ысқақ Тәкімұлы
Зерттеуші пікірін растау мақсатында М.Мөңкеұлының сөзімен айтқанда: «Екі жақты, бір тілді, Сөйлейтін сөзге шешенмін» демекші, теңеулер мен эпитеттерді пайдаланып, айтыс ақыны ретінде жұпта сайысқа түсіңіз.
Өзара бағалау.
Бағалау критерийі Дескриптор
Шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысына талдау жасайды, автор стилін анықтайды Сұрақтар құрастырады
Сұрақтарға жауап жазады
Сұрақтардың дұрыс, бұрыс екендігін талқылайды
Әдеби-теориялық ұғымдарға түсінік береді
Көркемдегіш құралдардың қолданысына талдау жасайды
Автор стилін анықтайды
Айтыскер ретінде айтысқа қатысады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру