Ахмет Йасауи «Даналық кітабы»«Даналық кітабы» - мемуарлық сипаттағы шығарма (8 сынып, I тоқсан )

 Ахмет Йасауи «Даналық кітабы»«Даналық кітабы» - мемуарлық сипаттағы шығарма (8 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Дананың сөзі - ақылдың көзі
Сабақтың тақырыбы: Ахмет Йасауи «Даналық кітабы» «Даналық кітабы» - мемуарлық сипаттағы шығарма
Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттар: (Оқу бағдарламасына сілтеме) А/И3. Көркем шығарманың тілі
Сабақ мақсаты: Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту.
Байланыстарды табу
Оқушылардан жанр түрлерімен қаламгарлердің арасындағы байланыстарды табу сұралады. Жанр мен мазмұн ерекшелігін түсініп, талдау жасайды. Өзін-өзі тануға, танытуға мүмкіндік беретін қазақ және әлем әдебиетінде ұласқан ғұмырбаяндық сипаттың ерекшелігіне тоқталады.
Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдап, толықтыру қажет болған жағдайда түсінік беріп, оқушыларды сабақ тақырыбы мен мақсатын талқылауға шақырады.
Мағынаны тану
1-тапсырма. Оқушыларға «Даналық кітабынан» үзінділер таратылады.
1-қадам. Оқушылар жұппен үзінділерді оқып, хикметтердің ғұмырбаяндық сипатын анықтайды.
2-қадам. Мұғалім оқушылардан әрі қарай ойды өз болжамдары бойынша жалғастыруды сұрайды және жорамалын кестенің 1-бағанына жаздырады:
Мәтіннен 1-үзінді
Үзіндідегі айтылған ой қандай? Өз жауабыңызды 1-үзіндіге сүйеніп дәлелдеңіз Үзіндідегі басты идея қандай?
Мәтіннен 2-үзінді
Үзіндідегі айтылған ой қандай? Өз жауабыңызды 2-үзіндіге сүйеніп дәлелдеңіз Үзіндідегі басты идея қандай?
3-қадам. Оқушылар өз болжамдарын 1-үзіндінің мазмұнына сүйене отырып, кестенің 2-бағанын толтырады.
Жұмыс осы сызба бойынша жалғасады.
4-қадам. Хикметтердің поэтикалық сұқбатқа (автордың өзіне, тыңдаушысына қарата жырлауы) жататынын түсіндіреді.
2-тапсырма. «Пирамидалық талқылау» арқылы топтар ғұмырнамалық сипаттағы мәтіннің ішінен көркемдегіш құралдарды тауып, мағынасын анықтайды: психологиялық параллелизм, перифраз, гротеск, эллипсис т.б.
Мұғалім оқушылардың талқылау жүргізуі үшін ұсынылған хикметтерден үзінділерді қысқартып бере алады.
3-тапсырма. «Керемет пікірталас»
Барлық оқушылар бірнеше шағын топтарға бірігеді. Әр топтан бір өкіл шығады. «Даналық кітабының» ерекшелігіне қатысты берілген пікірге қарсы пікір білдіреді. Сол арқылы автордың стиліне шағын талдау жүргізеді.
Өзара бағалау.
Бағалау критерийі Дескриптор
хикметтердің тілдік ерекшелігін талдап, автор стилін анықтайды жанрлар мен қаламгерлерді ұштастырады
үзінділерді жұппен оқиды
үзінділердің ғұмырбаяндық сипатын анықтайды
хикметтердің поэтикалық сұқбатқа жататынын түсіндіреді
көркемдегіш құралдарды тауып, түсінік береді
ұсынылған пікірге қарсы пікір білдіреді
автор стиліне шағын талдау жүргізеді.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру