Қорқыт «Байбөрі баласы Бәмсі-Байрақ туралы жыр» 1-сабақ (8 сынып, I тоқсан )
Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Дананың сөзі - ақылдың көзі
Сабақтың тақырыбы: Қорқыт «Байбөрі баласы Бәмсі-Байрақ туралы жыр» 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Т/Ж4. Шығарма үзінділерімен жұмыс
8.Т/Ж4.Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану
Сабақ мақсаты: Мәтінінен алынған үзінділерді тиімді қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту
Мағынаны тану
Оқушылар сабақтың оқу мақсаты, бағалау критерийі, дескрипторлармен танысады.
1-тапсырма ЖЖ.
Мәтіндік зерттеу
1. Мәтіннен негізгі ойды табыңыз.
2. Тосын жағдай (мәтінде қандай тосын ойға кездестіңіз?)
3. Мәтіннен шығар өмірлік қағида.
4. Белгісіз және белгілі мәліметтер. Мәтіннен сізге бұрыннан таныс және таныс емес, тосын ақпараттарды белгілеңіз.
5. Ойыңызды суретпен не бір шумақ өлеңмен бейнелеңіз.
6. Мәтіннен өз өміріңізге, іс-әрекетіңізге септігін тигізер қандай қорытынды жасадыңыз?
7. Мәтінге сүйене отырып, үзіндіде көтерілген тағы қандай мәселені талдар едіңіз?
1-үзінді:
... Баяндүр хан тойына Байбөрі бек те келді. Баяндүр ханның қарсы алдында найзасына сүйеніп, Қара Көне баласы Қара Бодақ, оң жағында Қазанның баласы Ораз, солында Қазылық Оғыз бектің баласы Иекенк тұрған еді. Мұны көргенде Байбөрі бектің көкірегі қарс айрылды. Өкіріп жылап, қолына орамалын алып, көздерін сүртті.
Сонда бүкіл оғыз елінің тірегі, Баяндүр ханның күйеуі Қазан-Салор тізерлеп отырып, Байбөрі бекке үңіле қарады да: «О, Байбөрі бек, мұнша неге қайғырасың?» - деп сұрады. «Хан Қазан, қалай жылап, қайғырмаспын? Басына менің тәжімді киер ұл жоқ. Өкшемді басар іні жоқ. Мен құдайдың қарғысына ұшыраған жан болдым. О, бектерім, мен өзімнің тәжім мен тағымның қамын жеп қайғырып отырмын. Күнім жетсе, бір күні өлемін. Өле қалсам, орныма, үйіме кім не болмақ?» - деді Байбөрі. «Бар тілегің сол ма?» - деді Қазан. Байбөрі оған: «Иә, бар тілегім сол, менің де ұлым болып ол Баяндүр ханның алдында қызмет істеп тұрса, соны көріп мен де қуанышты болар едім, қайғым кетіп, мақтанар едім», - деді.
Бұл сөзді есіткенде барлық оғыз елінің бектері қолдарын жайып, жүздерін көкке жая жалбарынып, «Тәңірі саған ұл берсін», - десті. Ол заманда бектердің алғысы да, қарғысы да қате кетпей, дұғасы қабыл болушы еді. Сол кезде перзентсіз Байбіжан орнынан тұрып: «Бектер, маған да бір тілек бата беріңдер, тәңірі маған да бір қыз берсе екен», - деді. Барлық оғыз елі қол жайып, оған да дұға оқыды. «Тәңірі жарылқаса, сен де қызды боларсың», - десті. «О, бектер, егер көк тәңірі маған қыз беретін болса, оны мен Байбөрінің баласына бесікте жатқанда қоссам деймін, осыған сіздер куәлік етіңіздер», -деді.
Күндерден күн өтіп, тәңірі Байбөріге ұл, Байбіжанға қыз берді. Мұны есіткенде, бүкіл оғыз елі қуанып, той жасады.
2--үзінді:
Саудагерлер ұйқыда жатқанда, бес жүз гәуір олардың қосына тиіп, дүниелерін тонап алды. Саудагерлердің үлкендері тұтқынға түсіп, кішілері оғыз еліне қарай қашты. Келсе, оғыз жерінің шегіне ала шатырлар тігілген екен, онда хан баласындай бір сұлу жігіт отыр, оны мен солында қырық жігіт. «Бұл оғыз елінің жақсы жігіті болар, соған барып көмек сұрайық», - десті олар. Саудагерлер оған келіп: «О, жігіт, бек жігіт... Біздің сапар шегіп, оғыз елінен кеткенімізге он алты жыл болыпты. Біздер оғыз бектеріне гәуірлер елінен сирек кездесетін қымбат заттар алып келе жатыр едік. Бізге Оник қамалында жатқан бес жүз гәуір шапқыншылық жасап, менің ағам солардың қолында кетті. Олар біздің алып келе жатқан барлық бұйымдарымызды тонап алды. О, жігіт, көмек көрсетіп, жаудан кегімді алып бер», - деді.
Мұны естігенде, жас батырдың шарап ішіп отырған алтын кесесі қолынан түсіп кетті. «Не айтып тұрсың? Сол жерге мені бастап алып жүріңдер, жүйрік атымды ерттеңдер, жарақ-жабдығымды түгелдеңдер, мені сүйетін жігіттер түгел атқа мінсін», - деді. Екі ауыз сөзге келместен, ол гәуірлерге қылыш жұмсап, қырғидай тиді. Басын көрсеткендердің бәрінің де қыл мойнынан қылыш ұрып, қыра берді.
Сонда саудагерлер тұрып: «О, бек жігіт, сен бізге шын ерлерше көмек көрсеттің. Енді қосымызға барып, қалаған затыңнан сыйлық ал», - десті. Жігіттің көзі теңіз жылқысы шұбар айғырға, темірден соққан шоқпарға, еменнен істелген садаққа түсті. Саудагерлердің бірі: «...Бұл үш бұйым біздің еліміздің бегінің баласына әкеле жатқан тартулар еді», - деді. Сонда жігіт: «Ол қандай бектің баласы, білесіңдер ме?» - деп сұрады. Көпестер оған: «Ол - Байбөрінің баласы, аты Бәмсі болса керек»,- деді. Көпестер өздерінін алдында тұрған жігіттің Байбөрі баласы екенін білмеуші еді. Жігіт үндемей, ішінен: «Бұл заттарды қарыздар болып көпестер қолынан алғанша, қарызсыз өз әкемнің қолынан алғаным дұрыс болар»деген ойға келді. Сөйтті де атына қамшы ұрып, жолға түсті. Көпестер оның артынан қарап тұрып: «Бұл тегін адам болмады, қайырымды батыр жігіт екен», - десті.
3--үзінді:
... Көпестер балаға жақындап келіп, оның қолынан сүйді. Бұған Байбөрі бек шамданып: «Иттен туған құрбандыққа жарамас» деген. Әкесінің қасында отырған баланың қолынан сүю көргенсіздік болады», - деді. Сонда көпестер: «Хан ием, бұл жігіт сіздің ұлыңыз ба еді?» - деп сұрады. «Иә, ол менің ұлым», - деді Байбөрі. Көпестер бұған таң болып: «Хан ием, мұны біз білгеніміз жоқ еді. Жақсы бопты. Егер біз оның қолынан сізден бұрын сүйіп алған болсақ, оны кешіріңіз, ашу қылмаңыз. Сіздің бұл ұлыңыз бізге болысып, ерлік көрсетпесе, әкеле жатқан тауарларыңыз Грузия жерінде қалған болар еді, біздің бәріміз тұтқында кеткен болар едік», - десті. Байбөрі оларға: «Айтыңдар, менің балам жаулардың басын кесіп, қан төкті ме?» - деді. «Иә, ол көп адамның басын кесіп, жерді қанға бояды», -десті көпестер. «Ендеше, оған ат қоятын мезгіл өтіп те кеткен екен» деп, Байбөрі барлық оғыз елінің бектерін шақырып, той қылды. Сол тойға менің атам Қорқыт келіп, балаға ат қойды.
Тойда отырып ол: «Сөз тыңда, Байбөрі бек! Тәңірі саған ұл берді, өмірі ұзақ болсын. Ол оғыздардың тірегі, ту ұстайтын батыры болсын. Басынан кар кетпейтін биік тауларға шығамын десе, ұлың соның ең биік құзына шығатын болсын. Ағысы қатты қан сасыған өзендерден өтемін десе, тәңірі оның жүзіп өтуіне жар болсын. Ұлың қара ормандай жау ортасына кірер болса, тәңірі оның ісіне сәт берсін. Ұлыңның атын «Бамш» деп атап жүр едің, ендігі аты Бәмсі-Байрақ болсын, мінген аты Байшұбар деп аталсын. Менің қойған атым - сол, тәңірі оның жұрымын берсін», - деді.
Оғыз елінің бектері бұл билікке қол көтеріп, жақсы тілек білдірді. «Ұлыңның аты өзіне сай болды, бақытты болсын» деп бата берді.
4--үзінді:
Қыздар Байрақты шақырып, шатырға кіргізді. Бану-Шешек бетіне мөрде жамылып тұрып, одан: «Қай тұқымнан шыққан жігіт едің?» - деп сұрады. «Ішкі оғыздар елінен шыққан жігітпін», - деді Байрақ. «Ішкі оғыздардан шықсаң, аты-жөнің кім, кімнің баласы едің?» - деді қыз. Атым Бәмсі-Байрақ. Байбөрі бектің баласы боламын», - деді жігіт. «Мұнда қандай жұмыспен келдің?» - деді қыз. Байрақ: «Байбіжанның қызы бар деген соң, соны көруге келіп едім», - деді. Сонда қыз: «Ол саған жүзін көрсете қоймас, мен Бану-Шешектің қызметкер қызымын, екеуіміз аңға шығып, жарысып көрелік, озсаң, бәйге сенікі болсын. Содан соң екеуміз садақпен жамбы атысып көрелік, оғыңды тигізіп менен ассаң, бәйге сенікі. Одан кейін күреселік, мені жықсаң, бәйге сенікі болсын», - деді.
Байрақ: «Жарайды, атыңа міне ғой», - деді. Екеуі далаға барып, ат жарыстырып еді, Байрақтың аты озып шықты. Оқ жарысына түскенде қыздың жіберген оғын атып түсірді. Байрақ атынан түсіп, екеуі белдесіп күресе бастады. Біресе Байрақ, біресе қыз бірін-бірі тулап көтеріп, жықпақ болды. Байрақ әлсіреп: «Егер бұл қыздан жығылсам, оғыз еліндегі барлық жұрт мені мазақтап күлер», - деп ойлады да, қыз белбеуін бұрай ұстап, аш белінен қапсыра құшақтап алып, төсін тиістіріп жоғары көтеріп, шалқасынан салып, жықты. Сонда қыз: «О, жігіт, Байбіжанның қызы Бану-Шешек мен боламын», - деп шынын айтты.
Байрақ оның бетінен үш рет сүйіп, бір рет тістеп алды. «О, хан қызы, біздің қосылатын тойымыз сәтті болсын», - деді. Сөйтті де саусағындағы алтын жүзігін алып, қыздың қолына кигізді. «Бұл біздің сертіміз болсын», - деді Байрақ. Қыз оған: «О, бектің ұлы, уәде солай болса, бағымызды болашақтан күтерміз», - деді. Байрақ: «О, ханша, болашақты кім болжаған, дегенмен оны мен күтейін», - деді.
Қызбен қоштасқан соң, Байрақ ауылына келді... Әкесі тұрып: «Оғыз елінде саған жар болуға жарарлық қыз кімде бар екен?» - деді. Байрақ: «Әке, маған қалыңдық алып берер болсаң, сол қыз орнынан менен бұрын атқа мінетін қыз болсын, менен бұрын соғысқа түсіп, жау басын бөктеріп әкелетін қыз болсын. Маған тек сондай қалыңдық керек», - деді. Бұл сөзді естіген соң, әкесі Байбөрі бек: «Е, ұлым, сенің іздегенің қыз емес, білектес батыр болды ғой, не болмаса, өзімнің қалаған қызымды ғана аламын дегенің шығар. Ол айтып отырғанын Байбіжан бек қызы Бану-Шешек болмасын», - деді.
5--үзінді:
... Гәуір бегінің бойжеткен бір қызы бар еді. Сол күні ол Байрақты көруге тағы да келді. Келсе, Байрақ қайғырып отыр екен. «Неге қайғырып отырсың, хан жігіт? Әр кезде келгенімде, сен көңілді болушы едің. Қобыз тартып, күліп отырушы едің. Бүгін саған не болған?» - деп сұрады. Байрақ оған: «Қайғырмасқа шарам қайсы? Сенің әкеңе тұтқын болғаныма он алты жыл болыпты. Елімде калған әкем, шешем, құлдарым, қарындастарым мені сағыныпты. Оның үстіне алған бір қара көз қалыңдығым бар еді. Жалғаншы баласы Жарташық деген суайт мені өлді деп хабарлап, соны алғалы жатыр екен», - деді.
Гәуір қызы Байраққа ғашық еді, мына сөзді есіткен соң оған жаны ашып: «Мен сені арқанмен қорған сыртына шығарып жіберсем, әке-шешеңе, еліңе аман-есен барып жетсең, қайтып келіп мені әйелдікке алар ма едің», - деді. «Егер оғыз еліне аман-есен жетіп, сені алмай кетсем, өз қылышым басымды кесіп, өз жебем жүрегіме қадалсын, сүйегім парша-парша болып, жер астына көмілсін, денем топырақ болып, молам бұзылсын», - деді Байрақ.
Мұны есіткен соң гәуір қызы арқан әкеліп, Байрақты дуалдың сыртына түсіріп жіберді. Жолай ол гәуірдің үйірлі жылқысына кез болды. Жылқы шетіне келсе, баяғы өз аты - су айғыр оттап тұр екен. Ол да Байрақты тани кетті. Байрақ атының қасына келіп, оны мақтай бастады. Ат басын жоғары көтеріп, бір құлағын тігіп, бір құлағын бүгіп, Байраққа жақын келді. Байрақ атының мойнынан құшып, екі көзінен кезек-кезек сүйіп, үстіне секіріп мініп алды. Қамалдың қақпасына келіп, 39 жолдасын гәуірлерге тапсырды. «О, дінсіз гәуір, сөзіме құлақ салыңдар. Сендер менің бетіме шапалақ ұрғанда, оған көндім, ішер асыма қара шошқаның етін бергенде де көндім. Құдай оң сапарымды берсе, еліме кайтқалы тұрмын. Тыңда гәуір, 39 жолдасымды сендерге аманат қылып тастап барамын, соның бірі кем болса, әрбіреуі үшін он адамыңды өлтіремін. Оны кем болса, жүз адамыңды өлтіремін. Мұны біліп қойыңдар, гәуірлер. 39 жолдасым сендерге аманат», - деді Байрақ.
Соны айтты да, ол Байшұбардың басын жолға салды. Гәуірлерден қырық қуғыншы шығып, Байшұбарға жете алмай, кері кайтты.
Қалыптастырушы бағалау.
Жұптар өз жұмыстарын топта қорғайды, дескрипторға сүйене отырып, бірін-бірі бағалайды.
Дескриптор:
1. Мәтіннен негізгі ойды табады;
2.Мәтіндегі тосын жағдайды анықтап, баға береді;
3. Оқыған мәтіннен өз өмірі, іс-әрекетіне септігін тигізер
қорытынды жасайды;
4. Мәтінге сүйеніп, өз ұсынысын енгізе алады.
2-тапсырма ЖЖ.
«Көзқарас-Атау-Тақырып» әдісі
Тапсырманы орындау үшін 1-2, 3-4, 4-5, 5-1 топ өкілдері жұптасады. Әркім өз үзіндісі бойынша ойын айтады.
К – Көзқарас
Үзіндіден автор көзқарасын анықтаңыз.
А-Атау
Мәтіндік талдау жасап болғаннан кейін, үзіндіге атау қойыңыз. Қандай атау лайық деп ойлайсыз? Неліктен?
Т-Тақырып
Үзіндінің тақырыбы, көтерілген мәселесі туралы ойыңызбен бөлісіңіз.
3-тапсырма Ж.
«Жолаушының қойын дәптері» стратегиясы
1 – қадам:
оқушы 3 бөліктен тұратын кестеге
1- бөлікке сабақта не туралы сөйлескенін,
2- бөлікке не туралы жазғанын,
3- бөлікке қандай шешімге келгенін, не түйгенін жазады.
2 –қадам: кестеге жазғандарын жанындағы жұбына оқиды,
келесі жұптың жауабын тыңдап, тобымен ой бөліседі........

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: сабақ жоспары Қорқыт «Байбөрі баласы Бәмсі-Байрақ туралы жыр» 1-сабақ 8 сынып қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары, Қорқыт «Байбөрі баласы Бәмсі-Байрақ туралы жыр» 1-сабақ