Қорқыттың нақыл сөздері 1-сабақ (8 сынып, I тоқсан )

 Қорқыттың нақыл сөздері 1-сабақ (8 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Дананың сөзі - ақылдың көзі
Сабақтың тақырыбы: Қорқыттың нақыл сөздері 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Б/С3. Әдеби эссе
8.Б/С3. Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу
Сабақ мақсаты: Шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазады.
Сабақ барысы:
Мағынаны тану
Оқушылар сабақтың оқу мақсаты, бағалау критерийі, дескрипторлармен танысады.
«Сұрақтар жаңбыры»
• Эссе деген не? Өзге жазылымдардан қандай ерекшеліктері бар?
• Эссе қалай жазылады?
• Эссе қандай түрлерін білесіздер?
• Тезистік пікірде нені қамту керек?
• Негізгі бөлімді неліктен бірнеше азатжолдарға бөлеміз?
• Қорытынды бөлімде нені тұжырымдау керек?
1 -тапсырма Ж.
• Оқушылар Қорқыттың «Байбөрі баласы Бәмсі-Байрақ туралы жыры» мен нақыл сөздері бойынша оқығандарын жинақтап, ментальді карта жасайды;
• «Қорқыт ата кітабы – адамзатқа ортақ игілік» тақырыбында шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазады.
Дескриптор:
- Қорқыт шығармалары бойынша ментальді карта жасайды;
- гуманизм тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазады;
- әдеби эссеге қойылатын талаптарды сақтайды;
- грамматикалық сауаттылықты сақтап жазады.
3-тапсырма «Еркін микрофон»
Бір-бірінің жазғандарын алмасып оқып шығады. Өзіне ұнаған эссенің маңызы бөліктерінен үзінді келтіріп, ойын «Еркін микрофонда»ортаға салады......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру