А С Пушкин «Ескерткіш» өлеңі 1-сабақ (7 сынып, IV тоқсан )

 А С Пушкин «Ескерткіш» өлеңі 1-сабақ (7 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Ұрпақ тәрбиесі
Сабақтың тақырыбы: А.С.Пушкин «Ескерткіш» өлеңі 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:
7.Т/Ж2. Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау.
7.А/И2.Эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау
Сабақтың мақсаттары: Бұл сабақта оқушылар өлеңдегі тұлғалық болмысты адамгершілік тұрғысынан талдайды. Сонымен өлеңдегі автор бейнесін анықтайды.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
• Оқушылар назарын сабаққа аудару
• Кезекшімен сұхбат
• Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру
ІІ.Қызығушылықты ояту
«Өрмекшінің торы» әдісі бойынша оқушылар үлкен шеңберге тұрады. Ойынды мұғалім бастайды. «Мен ескерткіштің не екенін білемін, ескерткішке кітап береді.» деп тоқыма жіпті ширатып, қарсы жақтағы оқушыға лақтырады
Оқушылар 4 топқа бөлінеді. Әр топта 5 оқушыдан болады.
Тапсырма. №1
Мұғалім kitap.kz сайтында «Ескерткіш» өлеңін тыңдалым ретінде ұсынады.
Ойқозғау.
• Ақын бейнесі қалай берілген?
Мұғалім ақын бейнесі, лирикалық қаһарман бойынша терминдермен жұмыс істейді.
Тапсырма. «Ескерткіш» өлеңіндегі ақын бейнесін ашып тұрған тіркестерді теріп жазады.
Ақын бейнесін ашып тұрған тіркестер Тіркестердің мәні
Әдебиет теориясы.
Лириканың бас қаһарманы - ақынның өзі. Ақын ең алдымен өз жайын, мұңын, арманын, қуаныш сезімін жыр ету арқылы халықтың тағдырын, қайғысын, күйзелісін, қуаныш-шаттығын, тілек-мақсаттарын білдіреді. Нағыз лирикалық туындылар жеке адамның жан дүниесін, толғанысын, тағдырын бейнелеп, сол арқылы бүкіл бір ортаны, қоғамды, заманды сипаттап береді. Лирика көлемі жағынан өте ықшам келеді. Оқиғадан гөрі отты сезім басымдау, күллі сурет сол сезім маңына, бас-аяғы тұжырымды бірер философиялық ой маңына жинақталады
Бағалау дескрипторлары
• Өлеңдегі ақын бейнесін, образын түсінеді;
• Ақын бейнесін ашып тұрған тіркестерді жазады және мәнін түсіндіреді;
Тапсырма №2
Ж/Т. «Әдеби шеңбер» әдісі бойынша топ мүшелерінің әрқайсысына тапсырма беру:
Оқушылар рөлдеріне сай жауаптарын жалпы сыныпқа түсіндіреді:
1-талқылаушылар;
2-белгілеушілер;
3-байланыстырушылар;
4-қорытындылаушылар;
5-суреттеушілер;
1-оқушы-талқылаушы
1.А.С Пушкиннің «Ескерткіш» өлеңі бойынша 3-4 сұрақ құрастырады.
2.Соңында сыныппен бөлісе алатындай өз тобының жауаптарын жазады..
2-оқушы-белгілеуші
1. А.С Пушкиннің «Ескерткіш» өлеңінің тақырыбына және оның маңызына қатысты 3-4 бөлігін белгілейді.
2.Бөліктерді өз тобына дауыстап оқиды және олардың маңыздылығын талқылайды.. Оқулық бойынша бетін, кейбір маңызды тіркестерді жазып алады, сыныппен бөлісуге бір немесе екеуін таңдайды..
3-оқушы-байланыстырушы
1. А.С Пушкиннің «Ескерткіш» өлеңінде көтерілген мәселе мен шынайы өмір арасындағы байланыстарды табады..Бұған өзінің жеке өмірінен, басқалардың өмірінен, күнделікті жаңалықтардан, теледидар бағдарламаларынан дәлелдер келтіруіне болады. 2.Оларды тізіп жазады, тобымен бөлісіп талқылайды..
4-оқушы-қорытындылаушы
1. А.С Пушкиннің «Ескерткіш» өлеңін оқиды, идеясын, автордың айтайын деген ойын қорытындылайды
2. Маңызды жерлерін атап көрсетеді. Оларды қорытындыдан бөлек жазады..
5-оқушы-суреттеуші
1. А.С Пушкиннің «Ескерткіш» өлеңі бойынша нақты немесе абстрактілі сурет салады.. Олар таяқшаларды, мультфильм бейнелерін, диаграмма, сызбаларды қолдана алады.
2.Салған суретіне сараптама жасай ала ма, мағынасын түсіндіре ала ма, ойланады..
(топ ішінде жұмыс жасауға уақыт белгіленеді.)
Оқушылар рөлдері бойынша жиналады, бір-бірінің жұмысын тексереді, өзара талқылайды.
Бағалау дескрипторларына сай оқушылар топтарда бірін-бірі бағалайды.
Бағалау дескрипторлары
• Өлең мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады;
• Шынайы өмірмен байланыстырады;
• Өлеңнің маңыздылығын түсінеді;
• Өлең бойынша салынған суретке сараптама жасай алады; ......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру