Қазтуған жырау «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы» өлеңі (7 сынып, I тоқсан )
ПӘН: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Көне күндерден жеткен жәдігерлер
Сабақтың тақырыбы: Қазтуған жырау «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы» өлеңі
Сабақ қамтитын оқу мақсаттары : Т/Ж4.Шығарма үзінділерімен жұмыс.
Т/Ж4.Көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айту.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың барлығы:
1. «Қайран менің Еділім!» толғауы бойынша пікірін өмірмен байланыстырып, мысал келтіреді;
2. Қазтуғанның қонысымен қоштасуы» толғауы бойынша өз пікірін білдіре алады.
Оқушылардың көбісі:
1.Екпін, ырғақ. пауза, көтеріңкі дауысты сақтай отырып, шығарманы мәнерлеп оқи алады;
2.Толғаудағы кейіпкер /ақын/ мінезін ерекшелеп тұрған сөз бен суреттемелерге 2-3 мысал келтіре алады;
Оқушылардың кейбірі:
1.Өлеңді мәнерлеп оқуда екпін, ырғақ. пауза, көтеріңкі дауыс т.б дұрыс сақтайды;
2. Толғауды өмірмен байланыстырып, ақын қозғаған жер мәселесіне байланысты мысал келтіре алады;
3. Үзіндідегі /кейіпкер сөзін/, ішкі толғаныстары, ой-пікірі бойынша қорытынды шығара алады.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2. «Миға шабуыл» кезеңі.
А) Өлең жолдарын оқып, «Кім? Не? Қашан? Неге?» деген сұрақтарға жауап іздейді, өлеңнің тәрбиелік мәніне тоқталады.
Арғымаққа міндім деп
Артқы топтан адаспа!
Күнінде өзім болдым деп
Кеңпейілге таласпа!
Артық үшін айтысып,
Достарыңмен санаспа!
Ғылымым жұрттан асты деп
Кеңессіз сөз бастама!
Жеңемін деп біреуді
Өтірік сөзбен қостама!
Б) «Хан, жырау, халық мүддесі, жер мәселесі, » тірек сөздері арқылы 4 топқа бөлінеді және сабақ тақырыбын болжайды.
3. «Мағынаны тану» кезеңі.
Б.Тілеухановтың орындауындағы Қазтуған жыраудың «Қайран менің Еділім!» толғауын (57 секундынан бастап) тыңдайды.
Проблемалық сұрақтар қойылады.
Толғауда автордың айтқысы келген ойы?
«Қайран менің Еділім» деген жолдар неліктен жиі қолданылып тұр?
Толғауда қандай мәселе қозғалған?
Оқылым. Қазтуған жырау туралы қысқаша ақпаратпен танысады.
Қазтуған Сүйінішұлы (1420, қазіргі Астрахан облысы Красный Яр қала маңы - ө.ж.б.) - жырау. Қазтуған Сүйінішұлының туған, қайтыс болған жылдары белгісіз. Халық арасында Қарға бойлы Қазтуған атанып кеткен. Қазақтың ХV ғасырдағы айтулы жорық жырауы. Әскербасы, батыр болған. Еділдің Ақтума, Бозан бойларында туып-өскен. ХV ғасырдың орта шенінде іргесі жаңадан қаланған Қазақ хандығына қоныс аударған. Қазтуған жырау жорық жыршысы және халық эпосын жасаушылардың бірі саналады. Артына қазақтардың әскери рухын, туған жерін, халық өмірі мен тұрмысын суреттейтін көптеген өлеңдерден тұратын шығармашылық мол мұра қалдырды. Олардың көпшілігі сақталмаған. Дегенмен, бізге жеткен жекелеген туындылары оның әдебиет тарихы төрінен орын алуға лайықты екенін айғақтайды. Оның поэзиясы жауынгерлердің көшпелі өмірін, көзқарасын суреттейді. Және олардың тұрмысын, айналадағы құлан таза табиғат туралы ойларын бейнелейді. Ақын-жыраудың қиялының жүйріктігі, өткірлігі, бай және әдемі көркемдік әдістері сол дәуірдегі қазақтардың поэтикалық өнерінің жоғары деңгейде болғанын, сонымен бірге, өзіндік ерекшеліктері бар екенін білдіреді.
«Қазтуғанның қонысымен қоштасуы» өлеңінің бөлімдері 4 топқа бөлініп таратылады.
1-топқа
1-бөлім
Арайна,билер,арайна,
Арайна десем, болғай ма?!
Арайнасыз әр қайда
Ердің ісі оңғай ма?!
Арайна болған
Қазтуған,
Қайғыланып сонда толғай ма?!
2-бөлім
Ел қияға қонғай ма?
Еділ, Жайық арасы
Кеңшілік қоныс болғай ма?!
Ебей басты құба үлек
Ернімен шырпы шалғай ма?!
Бұл қоныста отырып,
Біздің мұсылман баласы
Жағасы босап тынғай ма?!
3-бөлім
Еділді қоныс етпеңіз,
Жағалай қалмақ алады.
Жайықты қоныс етпеңіз,
Сыдыра біткен көкжиек,
Кәпірлер қала салады.
Аштарханды қоныс етпеңіз,
Шәһәрін оның алады.
2-топқа
4-бөлім
Еділді алса - елді алар,
Енді алмаған не қалар?
Жайықты алса - жанды алар,
Жанды алған соң не қалар?
Ойылды алса - ойды алар,
Ойлашы, сонда не қалар?
Қара мауыты мұшақат
Бүтін тоғай жерді алар.
Жаз кіреге жақсы деп,
Дулығалы нарды алар,
Қыс кіреге жақсы деп,
Шудасы қалың айырды алар.
Сусынына шай алар,
Шайнауына май алар.
5-бөлім
Ойыл да Қиыл, Жем, Сағыз,
Қайран саланың жатқан аңғары-ай,
Ақ шалмалы пірлердің
Мешітке жаққан шамдары-ай!
Менің бүйтіп қозғалақтап жүргенім
Аузы түкті кәпірдің
Күшті болған салдары-ай!
Кәпірден тендік алуға
Қайта келер деймісің
Мұсылманның баяғы
Шыңғыстан туған хандары-ай?!
Бұл қоныстан кетпесең,
Мұны талақ етпесең,
Атаңа нәлет кәпірдің
Пайдасына қалмаса игі еді
Ноғайлы, қазақ жұртымның
Кейінгі туған балдары-ай!
3-топқа
6-бөлім
Адыра қалғыр көк Жайық,
Аңырап қалған қонысым!
Қонысымнан ауған соң,
Кетпегей еді ырысым.
Таудағы тарлан бөрі едім,
Тарылған сынды тынысым.
Кейінгі өскен жас бала,
Ақ балтырын түрініп,
Басарына ерініп,
Көкірегі күйініп,
Тек тірлікке сүйініп,
Ықтиярсыз жүгіріп,
Аузы түкті кәпірдің
Етпегей еді жұмысын!
Бұл қоныстан кетпесең,
Мұны талақ етпесең,
Екеу-екеу сөйлесіп,
Біздің кейінгі өскен жас бала
Аузы түкті кәпірдің
Соқпаса екен пайдасын!
4-топқа
7-бөлім
Буыршынның жалғыз қырқар азуы,
Бөкеннің желіп өтер төрт саны,
Бұғының ауыр қара мүйізі,
Бидайықтың жалғыз соғары,
Қашағанның ұзын құрығы,
Ақ орданың тіреу сырығы,
Айдаса - қойдың көсемі,
Сөйлесе - тілдің шешені,
Арғымағын жаз жіберіп, күз мінген,
Күз жіберіп, жаз мінген,
Жазаласа - екі жылда бір мінген,
Жолдасын жолай іздеген,
Өзіне тиген дұшпанын
Қарт бурадай тіздеген -
Мен - Қарғабойлы Қазтуған,
Қайғыланып асып барамын
Ноғайлы-қазақ елімнен!
1-тапсырма.Ж/Ж. Топқа берілген өлең үзіндісін дауыстап мәнерлеп оқу үшін жұпқа бөлінеді. Жұпта отырып дауыстап оқиды. Егер жұбы талапқа сай оқымаса , бір-біріне дұрыс оқу жолдарын керектігін үйретеді.. Мысалы: (екпін, ырғақ. пауза, көтеріңкі дауыс т.б.) Әр жұп өз қалауларыңыз бойынша мәнерлеп оқи алатын оқушыны ұсынады. Осы жұмыс арқылы оқушылардың шығарманы мәнерлеп оқу дағдылары бағаланады.
Бағалау критерийі Дескрипторлар
Өлең үзіндісін мәнерлеп дұрыс оқиды. Мәнерлеп оқи алады.
Өлеңді оқуда екпін, ырғақ. пауза, көтеріңкі дауысты дұрыс қолданады.
Өлең мазмұнын түсініп оқиды.
2-тапсырма. Жеке жұмыс. Берілген үзіндідегі кейіпкер бейнесіне талдау жасау үшін жырдағы кейіпкер образын (Қазтуғанның өзі) анықтау үшін «Төрт сөйлем» тәсілі төмендегі тапсырмаларды орындайды.
1.Пікір. «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы» толғауы бойынша өзіндік пікіріңізді бір сөйлеммен жазыңыз.
2.Дәлел. Толғаудағы кейіпкер /ақын/ мінезін ерекшелеп тұрған сөз бен суреттемелерге 2-3 мысал тауып, бір сөйлеммен дәлелдеңіз.
3. Мысал.Толғауды өмірмен байланыстырып, ақын қозғаған жер мәселесіне байланысты мысал келтіріңіз.
4. Қорытынды. Үзіндідегі /кейіпкер сөзін/, ішкі толғаныстары, ой-пікірі бойынша қорытынды шығарыңыз.
Бағалау критерийі Дескрипторлар
Үзіндідегі кейіпкер бейнесіне талдау жасап, кейіпкер образын (Қазтуғанның өзі) анықтайды. Толғау мазмұны бойынша өзінің көзқарасын 1 сөйлеммен білдіреді.
Ақын мінезін ерекшелеп тұрған сөз бен суреттемелерге 2-3 мысал тауып, бір сөйлеммен дәлелдейді.
Ақын қозғаған жер мәселесін өмірмен байланыстырып,1 сөйлеммен мысал келтіреді.
Үзіндідегі кейіпкердің сөзі мен ішкі толғанысынан өзіндік қорытынды шығарып, 1 сөйлеммен жазады.
Оқушылар жеке жұмыс жасауда мұғалім оқушылардың білім деңгейлері мен оқу қабілеттерін ескере отырып, дағды деңгейі бойынша тапсырманы бөліп беруіне болады......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: сабақ жоспары Қазтуған жырау «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы» өлеңі 7 сынып қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары, Қазтуған жырау «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы» өлеңі