Доспамбет пен Шалкиіздің «Қоғалы көлдер қом сулар» толғауын салыстыру (6 сынып, I тоқсан )
Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Туған жерім - аялы алтын бесігім
Сабақтың тақырыбы: Доспамбет пен Шалкиіздің «Қоғалы көлдер, қом сулар» толғауын салыстыру
Оқу бағдарламасына сілтеме: 6.3.1.1 - шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру
Сабақтың мақсаты:
Шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беремін
Оқушылардың барлығы орындай алады:
шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстырады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстырып, көркемдік құндылығына талдау жасайды.
Кейбір оқушылар орындай алады:
шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға береді.
Сабақ барысы:
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
«Шаттық шеңбері» оқушылар шеңбер бойымен тұрып, бір-бірінің иығына оң қолын қойып жақсы тілекті дауыстап айтады.
Топқа бөлу. Алдыңғы сабақтағы Доспамбет жыраудың «Қоғалы көлдер, қом сулар» өлеңінен қандай сөздер есімізде қалды? Мысалы: қоға, арғымақ, көбе, арыстан. Осы сөздерді оқушылар қайталай отырып, төрт топқа бірігеді.
Оқу мақсаты, бағалау кр таныстыру, талқылау
Ой шақыру
1. Қоғалы көл деген не?
2. Қом су дегенді қалай түсінесіздер?
«Сөздер сөйлейді»
Оқушылар топ ішінде оқып, «Джигсо» әдісімен бір-біріне түсіндіреді.
«Қом су»
XV-XVI ғасыр жырауларының өлең-толғауларында: Қоғалы көлдер, қом сулар, Кімдерге қоныс болмаған (Шалкиіз); Қоғалы көлдер, қом сулар, Қоныстар қонған өкінбес (Доспамбет) – деген жолдарды оқимыз. XV-XVIІІ ғасырларда жасап өткен ақын-жыраулар мұралары жарияланған басылымдардың барлығында дерлік бұл өлең тармағы қоғалы көлдер, құм сулар болып жазылған. Дұрысы қом сулар болуы керек. Қом сөзінің қазірде біз білетін мағыналары: 1) түйе өркештерінің түп жағында тұтаса біткен жота майы; 2) түйеге жүк арту үшін, оның қос өркеші мен жотасын (қомын) орай салынған қабат-қабат киіз. Бұл тұлғалардың мағынасын іздей түссек, алтай тілінде ол «толқын» деген ұғымды да береді екен (Радлов. Опыт словаря...). толқын тұрды дегенді қом кірді дейді. Қомды тұлғасы толқынды дегенді білдіреді. Сонда мағынасы «қоғалы көлдер, қом сулар» деген бейнелі тұрақты тіркес болып сақталып қалған деуге болады. Қоғалы көл – тыныш кішкене көлдер, ал толқынды сулар – үлкен өзендер мен теңіздер болмақ.
Мәтінмен жұмыс. Екі толғауды салыстырайық
Доспамбет
Қоғалы көлдер, қом сулар
Қоныстар қонған өкінбес.
Арыстандай екі бұтын алшайтып,
Арғымақ мінген өкінбес.
Кілең бұздай кілшейтіп,
Көбелер киген өкінбес.
Жұпарын қардай боратып,
Арулар құшқан өкінбес.
Торы төбел ат мініп,
Той тойлаған өкінбес.
Құрама шапшақ көп қымыз
Құйып ішкен өкінбес.
Екі арыстап жау шапса,
Оқ қылқандай шаншылса,
Қан жусандай егілсе,
Аққан судай төгілсе, Бетегелі
Сарыарқаның бойында
Соғысып өлген өкінбес!
http://bilim-all.kz/olen/2039-Azau-Azau-degenin сайтынан
Шал киіз жырау
Қоғалы көлдер, қом сулар,
Кімдерге қоныс болмаған,
Саздауға біткен қара ағаш,
Кімдерге сайғақ болмаған.
Жағына жалаң жібек байлаған
Арулар кімнен қалмаған.
Жағы түкті жылқы айуан
Иесін қайда жаяу салмаған.
Жалп-жалп еткен жапалақ
Жазыда кімге жолдас болмаған.
Сар шыпшықтай шырлатып
Ғазырейіл кімдерге құрық салмаған,
Сақалына сары шіркей ұялап,
Миығына қара шыбын балалап,
Жазыда мал іздеген қазақтың
Басы қайда қалмаған.
Күлелік те ойналық,
Киелік те ішелік,
Мынау жалған дүние
Кімдерден кейін қалмаған!!!
Дифференциациялық тапсырма.
Жеке жұмыс
А деңгей
Екі мәтіннің ұқсастығы мен айырмашылығын салыстырып, Венн диаграмасын толтырыңыз.
Бағалау критерийлері:
- Екі мәтіннің ұқсас жерін табады;
- Айырмашылығын ажыратады.
В деңгей
Екі шығарманы салыстырып, тіліне, көркемдік құрылымына талдау жасаңыз.
Бағалау критерийлері:
- Көркемдік құрылымды ажыратады;
- Шығарма тілін талдайды.
С деңгей
Өлең сөздерінен екі жыраудың ой жеткізу шеберлігіне, көтерген идеясына баға беріңіз.
Бағалау критерийлері:
- Жыраулардың ой жеткізу шеберлігін талдайды;
- Көтерген идеясына баға береді.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: сабақ жоспары Доспамбет пен Шалкиіздің «Қоғалы көлдер қом сулар» толғауын салыстыру 6 сынып қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары, Доспамбет пен Шалкиіздің «Қоғалы көлдер қом сулар» толғауын салыстыру